құзыретi
Ұйымдардың басшылары:
бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;
жұмыс iстейтiн адамдарды, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
Азаматтық қорғаныс құрамаларын құрады және оларды әзiрлiк жағдайында ұстайды, оларды машықтандырылған мамандармен жасақтауды және авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi техникамен, құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
қызметкерлердi, сондай-ақ ықтимал қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым келуi мүмкiн аймақтарда тұратын халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;
өз объектiлерiнде авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;
жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
қызметкерлердiң азаматтық қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
24-бап. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын
азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөнiндегi
құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;
азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;
"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;
Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-тарау. Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
25-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң
негiзгi қорлары
1. Әскери қалашықтардың тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттiк меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң орналасуына және тұрақты жұмыс iстеуiне арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдынын пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
26-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
1. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне: Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдарының, жергiлiктi атқару органдарының қорғалған ғимараттар мен жер бетiндегi үйлер кешенiн қамтитын басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған Азаматтық қорғаныс баспаналары, Азаматтық қорғаныстың радиациядан қорғану панаханалары, Азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау аспаптары, арнаулы өңдеу аспаптары, Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының ауасын сүзгiлiк-желдету және қайта генерациялау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс пен құлақтандыру құралдары және мемлекеттiң меншiгi болып табылатын, сондай-ақ тиiстi органдардың бюджет қаражаты, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс мүдделерiнде пайдалануға арналған қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету үшiн облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi иелiктен шығаруға жатпайды.
4. Ұйымдардың басқару құрылымдары мен шаруашылық қызметiнiң нысандары өзгерген жағдайда Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiнiң мақсатты бағыты, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөнiндегi тапсырмалар солардың мойнында сақталады.
5. Азаматтық қорғаныс объектiлерiн құру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
27-бап. Азаматтық қорғаныс қажеттерiн
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыруға, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
7-тарау. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру көздерi.
Уәкiлеттi органның әскери қызметшiлерi мен басқа да
санаттағы қызметкерлерiнiң құқықтары, мәртебесi
Ескерту. 7-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.05.05 N 48 Заңымен
28-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру бюджет қаражаты және ұйымдардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру азаматтардың ерiктi жарналарының, қорлардың, дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. алынып тасталды
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
29-бап.
Ескерту. 29-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
29-1-бап. Уәкiлеттi орган әскери қызметшiлерiнiң
құқықтары, мәртебесi
1. Уәкiлеттi органда, оның аумақтық органдарында, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiнде әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мәртебенi иеленедi және құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi әскери атақтарына сәйкес айырым белгiлерi бар әскери нысанды киiм (киiм-кешек) киiп жүредi.
Азаматтық қорғаныстың басқа санаттағы қызметкерлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiнiң жекелеген заттарын, сондай-ақ нысанды киiм (киiм-кешек) киiп жүру ерекшелiктерiн уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы белгiлейдi.
Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.05.05 N N 48, өзгерту енгiзiлдi - 2007.05.22 N 255, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
8-тарау. Қорытынды ережелер
30-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға
тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза
тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын
өтеу
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және аварияларға, апаттарға, табиғи және өзге де зiлзалаларға байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
31-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс
саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңды және Азаматтық қорғаныс саласындағы басқа да нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекет жасаған немесе әрекетсiздiкке жол берген Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
32-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
азаматтық қорғаныс жөнiндегi халықаралық жобаларға қатысуды, осы салада ғылыми-техникалық жетiстiктердiң еркiн алмасылуын жүзеге асыруды;
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға Азаматтық қорғаныс күштерiн тартуды көздейдi, оларды тарту халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда белгiленгеннен өзгеше нормалар көзделсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |