«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»


Азиялық сессия ҚазҰУ-да өтеді



бет8/12
Дата01.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#106589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Азиялық сессия ҚазҰУ-да өтеді
2014 жылы Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да III Азия университеттері ректорларынық съезі өтеді.

Бұл халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізу Азия-Тынық мұхит аймақтарындағы 20-дан аса оқу орындарының арасында өзара таласқа түскен болатын. Көптеген шетелдік оқу орындарынық ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне айналу жолындағы тәжірибесіне, оның әлемдік рейтингтегі көрсеткіштеріне қызығушылығын ескере отырып, съездің ұйымдастыру алқасы форумды қазақстандық жоғары оку орнында өткізу туралы шешім кабылдады.

«Бұл университеттің халықаралық деңгейдегі жоғары бәсекеге кабілеттілігінің, менеджменттің тиімділігі мен стратегиялық дамудың дұрыс бағытының көрсеткіші болып табылады. Әрине, бұл ҚазҰУ-дың танымалдылығын арттырады, өзге де әлемнін жетекші жоғары оку орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға, озық тәжірибе алмасуға алып келеді», — дейді ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Мұхамбеткали Бүркітбаев.

ЮНЕСКО білім беру саласы бойынша бас директор орынбасары Цянь Тан ҚазҰУ-да болған сапарында Азия университтер ректорларының съезі Қазақстанда өтуі ғылыми-білім беру саласындағы әріптестікте және оны дамыту жолындағы жаңа бағыттар іздеуде, ЖОО-ның қарқынды диалог құруында маңызды қадам деп атап өтті.

Съездің алғашқы отырыстары Сеул университеті (Оңтүстік Корея) мен Чулалонкорн университетінде (Тайланд) өткізілген.
//Класс Тайм.-2013.-6 наурыз.-13б.

55
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,



Білім ордасының белесі
Кеше «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен Қазақ ұлттық өнер университетінің 15 жылдық мерейтойына арналған есепті концерт өнерпаздардың жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленді. Халықаралық форум аясындағы шараны Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, сондай-ақ, Үкімет мүшелері мен Парламенттің ресми өкілдері, шетелдік қонақтар келіп тамашалады.

Мерекелік кешке С.Рахманинов атындағы Париж консерваториясының президенті және Париждегі Ресей музыкалық қоғамының президенті граф Петр Шереметев, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян сынды белгілі тұлғалармен қатар, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Италияның танымал музыкалық жоғары оқу орындары ректорларының қатысуы тәуелсіздік жылдары қанаты қатайған еліміздегі бірден-бір білім ордасын бүгінде әлемдік деңгейдегі музыканттардың толық мойындап үлгергенін аңғартса керек. Концерттік бағдарламаның шығармашылық жетекшісі ретінде сахна шымылдығын ашқан Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблімен бірге Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни стиліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасын орындауы ұмытылмас әсер сыйлады.

Іле-шала бұл шаттықты ҚазҰӨУ-дің қазақ ұлт аспаптар оркестрі (дирижері Дәурен Ғылымов) Түркештің «Көңілашар» күйімен жалғастырып әкетті. Кенет осы топтан домбырашылар ансамблі «Әлем әуендері» попурриімен суырылып алға озғанда бәйгенің алдын бермейтін дүлдүл күйшілердің желісіне көңіл желпінді. Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтың өзінен кейінгі Әлихан Дүйсенбай, Сырым Мұхамеджанов, Айдана Иманбердиева сынды ізбасар­ларымен қосылып дәстүрлі әндерден «Ән шашу» орындауы халқымыздың салт-дәстүріндегі ежелден үзілмеген ұрпақтар сабақтастығы құндылықтарын дәріптегендей ой түйдірді.

Екінші бөлімде ҚазҰӨУ-дің Еуразиялық симфониялық оркестрі мен хордың, хореографиялық вокальдық ұжымның бірлесе орындаған А.Бородиннің «Князь Игорь» операсынан композициясы білім ордасында талантты жастардың қаулап өсіп келе жатқанын аңғартты. Бүгінде өнердің әжептәуір белесіне жеткен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Қапонова, Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиевтің орындауындағы Р.Леонкаваллоның «Шұғыла», Ф.Легардың «Джудитт» опереттасынан Джудиттің ариясы, Ж.Бизенің «Кармен» операсынан Эскамилионың шумақтары үн бояуымен түрленіп жетті.

Университетте білім алып жүрген мектеп оқушысы Әбдіахмет Оразбақов Э.Григтің фортепиано мен оркестрге арналған концертінен үзінді орындауы білім ордасының елдегі жас таланттарды табудағы еңбегі еш кетіп жатпағанын аңғартты. 1998 жылы 31 наурызда ҚР Үкіметінің қаулысымен елордада Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылған университеттің қабырғасында білім алған дүлдүлдердің бүгінде халықаралық ірі-ірі

56

байқауларға қатысып, жүлдегер атанғаны осы ойымызды нақтылай түседі. Отанымыздың ордасында жоғары музыкалық оқу орнын ашу идеясын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды десек, міне, бүгінде сол алға қойылған үлкен межеге қол жетіп отырғанына жұрт куә. Университет ректоры Айман Мұсақожаеваның табандылығы мен іскерлігі арқасында 2009 жылы 12 қазанда Үкімет қаулысымен «Қазақ ұлттық музыка академиясы» жаңа мәртебеге ие болды – Қазақ ұлттық өнер университеті атауын иеленді. Мерекелік шарадан сол жетістіктің нақты жемістері көрініс тапты. Орталық концерт залының кіреберісіндегі фото, мүсін, қолөнер бұйымдары, бейнелеу өнері көрмелері мен колледж халық саз аспаптар оркестрінің (дирижері Нұрлан Бекенов), студенттердің симфониялық оркестрінің (дирижері Серік Сырлыбаев), университет жанынан құрылған эстрадалық ансамбльдің (жетекшісі Раушан Дәулетбаева) орындаушылық шеберліктері он бес жылда мұнда өнердің барлық түрлерін дамытуда қыруар жұмыстар атқарылғанын аңғартады.



Студенттер музыка өнері бойынша 500 халықаралық байқаулардың және 400 республикалық байқаулардың лауреаттары атанған. Түлектердің өз мамандықтары бойынша еңбекпен қамтамасыз етілуі де көңіл көншітерлік дәрежеде. Жыл санап оқу ордасында білім нәрімен сусындағысы келетін өнерлі, талантты жастардың көбейе түсуі осы ойды растайды.

Бір сөзбен айтқанда, есептік концертке қатысқан ҚазҰӨУ-дің оқытушылары, аспиранттары мен студенттері өздерін жан-жақты қырынан танытты. Ал туған жерге деген махаббатты, өмірге іңкәрлік сезімді баяндайтын сырлы әуендер кеш соңында ерекше сергітті. Н.Назарбаев пен А.Қоразбаевтың «Үшқоңыр» әні Азамат Жылтыркөзов пен халықаралық байқаулардың лауреаттары «Самғау», «Елігай» балалар хоры орындауында жетсе, С.Еркімбековтің «Сенің арманыңдағы орда» мюзиклінен алынған «Вальс», «Фестиваль» сазын университет студенттері мен оқушылары асқақ рәуіште шырқады.

//Егемен Қазақстан.-2013.-7 наурыз.- 1б.

Гульбаршин ТУРАБАЕВА, ведущий специалист по связям с бщественностью ЕЭК,

Кадры «под заказ»
АО «Евроазиатская энергетическая корпорация» завершило первый, пилотный этап внедрения дуальной системы подготовки кадров.

Одиннадцать студентов третьего курса специальности «теплоэнергетика» Евразийского национального университета им. Л. Гумилева в течение месяца не просто проходили практику на Аксуской ТЭС АО «Евроазиатская энергетическая корпорация», а официально стали его работниками и трудились в основных цехах. Так акционерное общество, входящее в группу ENRC, и университет, по согласованию с министерствами индустрии и новых технологий, образования и науки РК, приняли решение о введении дуальной формы обучения.

Это особая форма подготовки квалифицированных работников на основе тесного взаимодействия предприятий и учебного заведения: ученики обучаются профессии у прошедших специальную подготовку мастеров.

На сегодня дуальная система – одна из самых эффективных форм подготовки кадров в мире. Она позволяет убить сразу двух зайцев – совместить в учебном процессе и теоретическую, и практическую подготовку. Одновременно с учебой учащиеся осваивают избранную профессию непосредственно на производстве, подкрепляя теоретичес­кие знания практикой и осваивая такие тонкости профессии, которых нет ни в одной книжке.

– На различных встречах руководители крупных предприятий региона не раз отмечали недостаточное качество подготовки выпускников вузов, отсутствие у них стремления к карьерному росту, – говорит заведующий кафедрой теплоэнергетики ЕНУ им. Л. Гумилева кандидат технических наук Сергей Глазырин. – Потому и нужна дуальная форма обучения. Хотя, нужно отметить, что ее рекомендовали для системы профессионального образования. Мы же хотим реализовать ее в структуре высшего образования.

…Здесь примечателен еще один факт. По мнению специалистов, благодаря введению новой системы отпадут дополнительные вопросы подготовки инженерно-технического персонала. То есть после окончания вуза предприятие получит без «доводки» на производстве и адаптации в коллективе готового инженера с достаточным багажом знаний и умений.

Для ЕЭК дуальное образование – это возможность подготовить для себя кадры точно «под заказ», обеспечив их максимальное соответствие всем своим требованиям, экономя средства на поиске и подборе работников, их переучивании и адаптации. К тому же, есть возможность отобрать лучших студентов, ведь за три года все их сильные и слабые стороны становятся очевидными. В свою очередь, такой подход мотивирует студентов учиться не для галочки.

Перед началом работы самые успевающие ребята прошли обучение основам промышленной безопасности, для них провели экскурсию по подразделению. Студент третьего курса Нурсултан Ангарбаев первым знакомством с предприятием остался доволен.

– Я работал в котлотурбинном цехе в качестве стажера машиниста-обходчика котельного оборудования. Мне очень понравилось. Тот опыт и знания, которые я получил, очень ценны. Я никогда не работал на промышленном объекте. Если честно, вначале все новое казалось непонятным и даже пугало, но спустя время я заходил на предприятие, как к себе домой, и смело шагал, зная свои трудовые обязанности.

58

Динара Кумашева и Айсулу Мухаметжанова за время работы постарались получить максимум знаний.



– Мы старались успеть провести все необходимые химические анализы. Нам объяснили, что эти результаты будут использовать в своей работе другие специалисты, они важны для функционирования всей электростанции. Мы стремились не подводить начальника цеха и выполняли добросовестно свою работу, – рассказали девушки.

Необходимо отметить, что новичкам дают возможность сразу работать с полной отдачей и производительностью, их знакомят с жизнью предприятия, чтобы они чувствовали себя «своими». Все это в совокупности способствует закреплению кадров.

По новой схеме все одиннадцать студентов ЕНУ официально, как уже говорилось, приняты на работу с начислением заработной платы. Один месяц они учатся, а один – работают в ЕЭК. У них плотно расписан каждый день. Это прохождение курса основ техники безопасности, работа в котельном и турбинном отделениях цеха электростанции, в лабораториях – химического цеха, металлов, в производственно-техническом отделе, обучение на тренажерном комплексе управления энергоблоком.

Иными словами, студентам предстоит пройти многоступенчатый образовательный процесс: работа в составе ремонтного персонала, эксплуатационного, освоение инженерной методики расчетов, обучение проведению анализов по металлу, дефектоскопии.

В каждом цехе студенты были закреплены за опытными сотрудниками. Например, наставниками были инженер химводоочистки Лариса Потапенко, инженер по топливу, газу, маслу Наталья Жердева, инженер Анна Рыбина, инженер-технолог Павел Нефёдов, старший мастер Алексей Никитенко. А старший инспектор по котлонадзору и грузоподъемным машинам Сергей Ламсков разработал рабочую программу на знание законов, правовых актов о труде, о ТБ и ПБ, специфики энергетического производства.

…Преподаватели университета признают: в Казахстане производственное обучение в таком объеме и масштабе проводится впервые за последние 30 лет. Это подтверждает и президент АО «Евроазиатская энергетическая корпорация» Абдуазим Рустамбаев.

– Сегодня вопрос сотрудничества производства и образования очень актуален, о чем неоднократно говорил Президент страны, что не раз обсуждалось на совещаниях различных министерств, – говорит он. – Самое главное достояние любой компании – люди. Думаю, что через несколько лет ребята смогут претендовать на места руководителей нашего предприятия.

// Казахстанская правда.-2013.-7 марта.-С.5




Наталья ВАЛУЙСКАЯ

Шаг к сближению и диалогу
III съезд ректоров университетов Азии в 2014 году пройдет в Казахстане на базе Казахского национального университета им. Аль-Фараби.

За право проведения мероприятия высокого международного уровня боролось более 20 вузов Азиатско-Тихоокеанского региона. Оргкомитет съезда, учитывая большой интерес многих зарубежных вузов к опыту трансформации КазНУ в исследовательский университет, его большие достижения в продвижении в мировых рейтингах, принял решение провести форум в казахстанском вузе.

– Это показатель высокой конкурентоспособности университета в международном масштабе, эффективности менеджмента и правильности стратегического курса развития. Несомненно, это повышает узнаваемость КазНУ, способствует установлению прочных связей с ведущими вузами мира, обмену передовым опытом, – считает первый проректор КазНУ, профессор Мухамбеткали Буркитбаев.

Во время визита в КазНУ заместитель генерального директора ЮНЕСКО по вопросам образования Цянь Тан подчеркнул, что проведение в Казахстане съезда ректоров университетов Азии есть важный шаг к сближению и интенсивному диалогу между вузами в поиске новых путей их развития и сотрудничества в научно-образовательной сфере.

Достижения университета наглядно свидетельствуют о том, что он успешно работает над решением задач, поставленных Главой государства по созданию исследовательского вуза мирового уровня. В престижном международном рейтинге QS КазНУ продвинулся на 250 позиций и вошел в число 400 лучших вузов мира, также стал первым университетом в Центральной Азии, удостоенным знаком превосходства QS Stars – «Три звезды». А по результатам 2012 года в международном web-рейтинге Webometrics Ranking of World Universities возглавил список вузов Центрально-Азиатского региона.

КазНУ первым среди университетов Центральной Азии подписал меморандум с ООН в области образования и культуры и единственный из вузов Казахстана, принятый в глобальную программу ООН «Академическое влияние». На долю университета приходится четверть статей, опубликованных казахстанскими учеными в международных рейтинговых научных журналах базы данных Scopus и Web of Science. КазНУ стал единственным из вузов стран СНГ, открывшим свою секцию на Глобальном саммите ООН по устойчивому развитию «РИО + 20» в Рио-де-Жанейро. О ведущих позициях вуза свидетельствует также недавнее решение ЮНЕСКО о том, что КазНУ им. Аль-Фараби станет хабом Центрально-Азиатского региона по проблемам устойчивого развития, ему доверено право проведения в 2014 году III съезда ректоров университетов Азии.

// Казахстанская правда.-2013.-7 марта.-С.5

60

Бектур КАДЫРОВ



Ваш выход, университет!
В Центральном концертном зале «Казахстан» состоялся отчетный концерт Казахского национального университета искусств, посвященный его 15-летию.

Праздник искусства посетили Государственный секретарь РК Марат Тажин, министр культуры и информации Мухтар Кул-Мухаммед, министр образования и науки Бакытжан Жумагулов. Присутствовали иностранные гости: председатель Российского музыкального общества в Париже, президент Парижской консерватории им. С. Рахманинова граф Петр Шереметев, принцесса Монако Каролин Мюрат, исполнительный директор Межгосударственного фонда гуманитарного сотрудничества государств – участников СНГ (МФГС) Армен Смбатян, ректоры музыкальных вузов Казахстана, Азербайджана, Беларуси, Кыргызстана, Латвии, Италии.

В этот вечер КазНУИ едва ли не в полном составе переселился в ЦКЗ «Казахстан», и свое искусство студенты и учащиеся являли задолго до начала концерта: прямо в фойе играли духовой, симфонический оркестры и оркестр казахских народных инструментов, выступали эстрадные певцы, скульпторы ваяли бюсты или резали по дереву, рисовали художники, ткали дизайнеры...

Сценическая программа поразила грандиозностью замысла. В огнях софитов перед зрителями выступали многочисленные коллективы: детский ансамбль скрипачей «Айголек», с которым выступила сама ректор КазНУИ Айман Мусаходжаева. «Көңілашар» Туркеша сыграл оркестр народных инструментов. А попурри из песен разных стран мира – ансамбль домбристов. Особое внимание было уделено традиционному исполнению песен – «Ән шашу», где мастерством блеснули народный артист РК Кайрат Байбосынов, Алихан Дуйсенбай, Сырым Мухамеджанов и Айдана Иманбердиева. В «Половецких плясках» Бородина помимо симфонического оркестра выступили объединенный хор, хореографическая и вокальная группы.

А насколько самобытны и выразительны были Айгуль Ниязова, Бибигуль Жанузак, Азамат Желтыргузов, Сундет Байгожин (все – заслуженные деятели РК), Айзада Капонова, Беимбет Танарыков и Рамзат Балакишиев в попурри на классические темы! Покорили своим выступлением и юные пианисты-виртуозы Абдиахмет Оразбаков (Концерт Грига), гитарист Кайрат Арыстанов («Треуголка» Де Фалья), Айзада Капонова и Малика Азат (кантата Carmina Burana К. Орфа). Завершала программу песня «Үш қоңыр» Н. Назарбаева – А. Коразбаева в исполнении А. Желтыргузова и коллективов «Самғау» и «Елім-ай».

Финал концерта стал и вовсе грандиозным: все его участники были заняты во фрагментах мюзикла Серика Еркимбекова «Вальс» и «Фестиваль».

В нынешнем году задумана большая гастрольная поездка музыкантов в Милан и Турин, Вашингтон и Лос-Анджелес, Париж и Токио именно с этой программой. И после нынешнего концерта нет сомнения в том, что и во всех этих странах их ждет успех.

// Казахстанская правда.-2013.-7 марта.-С.1

61

Ғалия Ахатаева, Абай атындағы Қаз ҰПУ-дiң доцент міндетін атқарушы,

педагогика ғылымдарының кандидаты.


Кәсіптік бағдардың берері мол
Былтыр Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмаларын жариялағаны белгілі. Онда адами капитал сапасының өсуі, ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау екендігін қадап айтқан-ды. Соған орай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы ретінде бір жағынан әдістемелік орталық болып саналатындықтан, мамандар даярлауға зор мән беріледі.

Білім ордасында тарих факультетінің деканы Б.Жұмағұловтың ұйымдастыруымен болашақ мамандарды дайындау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тиімді жүргізудің іс-шарасы жалғасын табуда. Осы жерде университет пен жалпы білім беретін мектептер арасындағы ынтымақтастықты арттыруда кәсіби бағдар берудің маңызы жөнінде ой бөліссек деп едік.

Қызылорда облысының Шиелі ауданына арнайы iссапармен бардық. Білім бөлімінің бастығы Эльмира Қасымжанқызы келу мақсатымызды түсініп, сапарды №45 Ақорда мектеп-гимназиясы­ның іс-тәжірибесін көруден бастауға ұсыныс білдірді. Мектеп-гимназия директоры Мария Елшібекова мұнда математика пәні тереңдетіліп оқытылатындығын, дарынды оқушылар білім алатынын, атақты математик Асқар Жұмаділдаев осы білім ордасының түлегі екендігін мақ­танышпен жеткізді. Асқар Жұмаділдаев атындағы оқу кабинетімен таныстырды. Тума талант иесі тақырыбында арнайы бұрыш жасалған. Алыс-жақын шетелдерде өткен түрлі байқаулардың жеңімпаздары туралы да ақпараттар осында. Аудан орталығына жақын Алғабас елді мекеніндегі №157 орта мектептің ұжымымен кездесуімізді білім бөлімінің заңгері Ернар Зермұхамедов ұйымдастырды. Ол біздің университетті 2009 жылы бітірген түлек екен. Білімдері төңірегінде ой бөліскен 11-сынып оқушылары Сәдібекова Нұрпатша мен Ермаханова Ақдидар Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 70 балл жинай алған жағдайда, «Аймақтану» мамандығын таңдайтындықтарын жеткізді.

Сұлутөбе ауылында №41 М.Шоқай атындағы орта мектеп директоры Айгүл Болатбекова мектепті «М.Шоқай атындағы тарихи-өлкетану мұражайын» таныстырудан бастады. 1 мамыр ауылындағы №40 орта мектеп директоры Оразкүл Елжасарова белгілі жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев, филолог-ғалым Алма Қыраубаева, т.б. білім алған мектеп тарихынан мәліметтер берді. Оқу-тәрбие үдерісі жайында екі басшының да жағымды ойларын тыңдап, марқайып қалдық. Ал шалғайда орналасқан – «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ауылдағы №142 орта мектептің директоры Қуаныш Тохмұхамбетов ауыл өмірінен сыр шертіп, өзекті мәселелер қозғады. Тұрғындардың барлығы бірдей жұмыспен қамтылмағандықтан, қалаға қоныс аудару әсерінен әрбір сыныпта 14-15 оқушы оқитындығын тілге тиек етті. Мектеп ғимараты ескі, пешпен жылытылатыны көрініп тұр. Соған қарамастан мектеп іші тап-таза. 11-сыныптағы 14 оқушының білімге құштарлығын сұхбат барысында аңғардық. Оқу кабинетіне ҰБТ-ның талаптары мен әрбір оқушының дайындық деңгейі ілініп қойылыпты.

Мектеп директоры «Алтын белгіге» үш оқушының үміткер екендігін жеткізді. Ал пән мұғалімдері шешімін таппаған мәселелер барына алаңдаушылығын білдірді. Мәселен, ЖОО-да оқу ақысының қымбаттығы, мұны ата-аналардың қалтасы көтере бермейтіндігін, талантты жастардың ауыл

62

төңірегінде қалып қоятындығы, т.б өзекті мәселелердің құзырлы орын басшыларына жетуін құлаққағыс жасады. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шахмардан Есенов атындағы №153 мектеп-лицейі көрнекті ғалымның туған жері Тартоғай ауылында орналасқан. Жаңа үлгідегі мектеп-лицей директоры Сәбила Байқоңырқызы сапарымыздың соңғы күні 10-11-сынып оқушылары және пән мұғалімдерімен кездесуімізге мүмкіндік жасады.



Математика пәнінің мұғалімі ұзақ жылғы тәжірибесінде ойы ұшқыр таланттарды баулып жүрген Пернебек Ахметов университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайтуда кәсіптік бағдар берудің тиімділігін атап өтті. Мұнда оқушыларды ғылымға бейімдеу бастауыштан-ақ республика деңгейінен көрініп жатқандығына қуандық. Директордың бастауыш оқу бөлімінің орынбасары Хадиша Сәулебекова қабілетті оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін дәлелдейтін түрлі марапаттауларды кабинетіндегі қабырға сөрелеріне іліп қойыпты. Жақында ғана Көкшетау қаласында өткен республикалық «Зерде» білім сайысында бірінші орын алған 4-сынып оқушысы Ақмолда Ләззаттың жетістігін ұстазы мақтанышпен жет-кізді. Сол сияқты 11«ә»-сынып жетекшісі Нұргүл Меңдібаева оқу үздіктері Айтуған Нұрбек пен Ақбай Рамазанның тарих пәні бойынша облыстық деңгейдегі білім сайыстарының жеңімпазы екендіктерін айтты. Сонымен қоса екеуінің де отбасылық жағдайының ауыр екендігін құлаққағыс жасай отырып, қамқорлық көрсетілсе, болашақта мықты маман болатындықтарына сенімін білдірді. Әрине, аманатты құзырлы орындарға жеткізетінімізге уәде бердік. Елбасы да осындай балаларға қолдау көрсетуді үнемі айтып келеді. Сондықтан да талантты оқушылар қоғам сұранысынан тыс қалмайды.

Мектеп-лицей директоры Сәбила Рахымшаева кәсіптік бағдар беру мақсатындағы кездесуімізді академик Шахмардан Есеновтің мынадай өсиет сөзімен қорытындылады: «Күш барда қыранға еліктеуім керек, қыран тәулігіне бес-он минуттай ғана қалғиды екен, рахаттанып, көсіле ұйықтауға болар-ау, бірақ уақыттан ұят қой, сағат тілі алға жылжиды, ал уақыт менің ұйқыдан оянғанымды күтпейді». Олай болса, уақыттың құнды минуттарын тиімді де нәтижелі іске жұмсай білгеніміз жөн.


//Айқын.-2013.-7 наурыз.-30б.


63
Ұлттық академияның құрамы толықты


Соңғы он жеті жылдан астам уақыттан бері түрлі себептермен Қазақстан ҰҒА қатары жаңа корреспондент-мүшелермен толықтырылмай келе жатқаны белгілі. Алайда соңғы жылдары бұл салада тың қадамдар жасалынып, Ұлттық академияның құрамына жаңа есімдер қосылып келеді.

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ҰҒА төралқасының шешімімен академияның корреспондент-мүшелігіне сайлану үшін конкурс жарияланып, үміткерлер тізімі де мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген болатын. Таяуда ғылым ордасының салалык бөлімшелерінің мүшелері жарысқа түскен үміткерлерді іріктеп, ҰҒА Жалпы мәжілісінің сессиясында конкурстан өткен жаңа мүшелерді жария етті.

Мұнда отандық ғылымның 33 саласы бойынша танымал ғалымдар ҰҒА-ның корреспондент-мүшелері болып сайланды. Олардың арасында Ұлттық академияның ең үлкен қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесі бойынша экономика ғылымдарынан — белгілі қоғам қайраткері, бұрынғы сенатор Бақберген Досманбетов, Еркін Садықов; саясаттану ғылымдарынан — Раушанбек Әбсаттаров; әлеуметтану ғылымдарынан – Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов; заң ғылымдарынан - Әбдіманап Бектұрғанов, Талғат Құлыбаев; педагогика ғылымдарынан - белгілі әдіскер-әдебиетші ғалым Бақтияр Сманов, Сәлима Құнанбаева, Байзақ Момынбаев; тіл білімінен - Зейнеп Базарбаева, Шерубай Құрманбай, Фаузия Оразбаева; әдебиеттанудан — танымал қаламгер-ғалымдар Уәлихан Қалижанов, Бауыржан Омаров, тарихшы ғалымдар – Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, шығыстанушы Меруерт Әбусейітова, археолог Жәкен Таймағамбетов, философтар Раушан Әбділдина, Жәмила Нұрманбетова, өнертанушы Сара Күзембай бастаған 21 адам (қоғамдық және гуманитарлық бөлімше бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшелері атанды. Сөйтіп, еліміздің бас ғылым ордасы жаңа құрамда жаңаша бағытта қызмет етпек.

Осы аты аталған ғалымдардың дені газетіміздің жанашырлары әрі белсенді авторлары. Оларды жоғары ғылыми жетістіктерімен құттықтап, алда да табыстар тілейміз.


//Ана тілі.-2013.-7-10 наурыз.-3б.

64



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет