«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»



бет7/12
Дата01.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#106589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тың бастама
Назарбаев Университеті алғаш рет талапкерлерді сынаққа өткізу үшін штрих-код қойылған тіркеу нысандарын қолданбақ. Жаңа жоба жұмысты жеңілдетумен қатар, келіп түскен өтініштердің айқындығын нақтылайды.

Тың бастама алғаш рет Астана қаласы талапкерлерінің 3 наурыздағы «Subject Entrance Test (SET)» пәндік емтиханында сынақтан өткізілді. Келесі жылы бұл тәжірибе еліміздің барлық өңірлеріне таратылуы мүмкін.

Назарбаев Университетінің Қабылдау департаменті берген мәлімет бойынша, талапкердің штрих-кодын сканерлеу кезінде қабылдау комиссиясына талапкер жайындағы толық мағлұмат, оның ішінде студенттің бұрынғы тапсырған емтиханының нәтижесі көрініп тұрады. Бұл талапкерлерді емтихан тапсыру пунктіне жіберу үдерісін айтарлықтай тездетеді. Оның үстіне, биылғы жылы екінші емтихан турына жіберілген адам саны жылдағыға қарағанда едәуір өсіп отыр.

«Жылдан-жылға талапкерлердің сынаққа даярлық деңгейінің өсіп келе жатқаны көңіл марқайтар жетістік»,– дейді Қабылдау департаментінің директоры Динара Ашықбаева. – Осылайша, биылғы жылы Университет алдындағы сынаққа дайындық бағдарламасы бойынша тіркелген талапкерлердің 75 пайыздан астамы ағылшын тілінен бірінші емтиханды ойдағыдай тапсырып, таңдаған мамандықтары бойынша пәндерден екінші сынаққа жіберілді. Салыстырар болсақ, 2012 жылы SET пәндік емтиханын тіркелген талапкерлердің тек 55 пайызы ғана тапсырған болатын.

2013 жылдың 3 наурызында SET пәндік емтиханы Астана және Алматы қалаларында өтті десек, оған 1500-ге жуық талапкер қатысты. Еліміздегі 11 қалада емтиханды тапсыру мерзімі – наурыздың 3-17 аралығы деп жоспарлануда. Наурыздың ортасында Талдықорғанда (Алматы облысы) республикалық олимпиада өтетінін ескере отырып, Назарбаев Университеті талапкерлерге қолай­лы болу үшін осы қалада SET пәндік емтиханын тапсырудың қосымша пунктін ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті оқуалды дайындық бағдарламасына, сондай-ақ, Жоғары бизнес мектебіне, Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне және Жоғары білім беру мектебіне магистрлік бағдарламалар бойынша талапкерлер қабылдауда. Сондай-ақ, студенттерді тікелей бакалавриат бағдарламасына, басқа жоғары оқу орнынан Университетке ауысатын студенттерді қабылдау басталмақ. Бүгінгі таңда Назарбаев Университетінде 1500 студент білім алып жатыр.


«Егемен-ақпарат». //Егемен Қазақстан.-2013.-6 наурыз.-3б

45


Н.Әжіханов техника ғылымдарының докторы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар университетінің ректоры міндетін атқарушы

Электронды оқыту – заман талабы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ортаңғы буын отандастарым! Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп атап өткен болатын. Аталған бағытта электрондық оқытуды енгізу оқу сапасын арттыру үшін тиімді тетік болып табылады.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында да дәстүрлі емес технологиялармен жұмыс жасайтын қашықтан білім беру технологиялар орталықтары жасақталуда. Қашықтан білім беру, сонымен қатар адамның өмір бойына білім ақпараттарын алу құқығын жүзеге асыратын үздіксіз білім алу жүйесінің бір түрі ретінде қаралуда. Бұл білім беру оқу үдерісіне телеконференциялар, вебинарлар, студенттердің түрлі білім беру ақпараттық орталарда компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау сияқты оқытудың үлгілерін енгізуге бағытталған.

Бүгінгі күні e-learnіng (электронды оқыту) аталымы қашықтан оқыту, электрондық материалдармен өзіндік жұмыс жасату және бірыңғай электронды білім беру, сондай-ақ электронды оқулықтармен виртуалды оқыту жұмыстарының барлық түрін біріктіреді. Ең бастысы, үйренуші оқу материалына интернетке қосылған компьютердің көмегімен оқу орны аумағында немесе одан тыс жерде қол жеткізе алады. Бұл, әсіресе, адамның өмір бойына өз білім деңгейін және біліктілігін үнемі көтеру қажет болған жағдайда өзекті болып табылады. Аталған жүйені орта мектептерде қолдану қарқынды жүруде. «Интерактивті және қашықтан оқытуды кеңейту үшін мектептерде электронды оқыту жүйесін (E-learnіng) енгізу басталды. Оған 581 ұйым қосылды. 2013 жылы осы жобамен 926 ұйым, ал 2020 жылы мектептің 90 пайызы қамтылатын болады» деген Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың сөзі дәлел.

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыты қазақстандық жоғары білім беруде Болондық үдерісті іске асыруда электронды университет жасақтау екені белгілі. Бүгінгі күні қашықтан оқытуға қажеттілік қарқынды өсуде. Аумақтық және уақыт шектеулеріне бағынбайтын, үйренушінің психологиялық және физикалық жағдайына тиімді, кез келген уақытта оқытушыдан көмек алуға, қазіргі заманғы бағдарламалық және техникалық құралдарды дәрісханадан тыс жерлерде қолдануға қашықтан оқыту көмектесе алады.

Аталған мәселені шешуде Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар университетінің өзіндік қосар үлесі бар.

Атап айтқанда, қашықтан оқытуға тіркелген білімгер өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде және ыңғайлы жылдамдықта жұмыс жасай алады. Әрбір жеке курста белгіленген пәндерін модульдерге іріктеуге жеке оқу бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік берілген. Оқытушының міндеті – интернет арқылы танымдық үдерістерді үйлестіру, оқытылатын курсты жөндеу, жеке оқу жоспарын жасақтауда ақыл-кеңес беру, оқу жобаларына басшылық жасау болып табылады. Сапаның мамандандырылған бақылау түрі ретінде қашықтан ұйымдастырылған емтихандар, сұхбаттасулар, курстық және жобалық жұмыстар, компьютерлік интеллектуалды тестілеу жүйелері қолданылады. Университеттегі серверге бекітілген платформасында мамандандырылған технология мен виртуалды класс элементтерімен оқыту құралдары қолданылады.

Қорыта келе, интерактивтік оқыту формасын қолдануды кеңейту және арнайы онлайн оқыту бағдарламасын әзірлеу жұмыстары университеттің оқытушы-профессорлары тарапынан кеңінен қолдау табуда.


// Айқын.-2013.-6 наурыз.-6б.

46
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ


Қазақстанға Қытайтану институты керек
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы Қытай және Қазақстанмен қатынасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жиын жұмысына белгілі қоғам қайраткерлері, танымал жетекші ғалымдармен қатар, жас мамандар, студент жастар қатысып, Қытай Халық Республикасының ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы, дипломатиялық қатынастары, білім-ғылымы мен мәдениетінің қазіргі жағдайы және болашақ даму беталыстары, Қазақстанмен қарым-қатынасы жан-жақты талқыланды.

Алғаш сөз алған Тәуелсіз Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі, қытайтанушы ғалым, «Мұхтар Әуезов қорының» директоры Мұрат Әуезов болашақ мамандығын таңдағанда, әкесі Мұхтар Әуезов айтқан қытай тілін үйрену туралы өсиеті үлкен рөл атқарғанын ерекше тебіреніспен еске алды. Заңғар жазушы сол кезде-ақ қытай тілінде қазақтың тарихына байланысты көптеген деректер барын айтып, ұлына қытай тілін үйренуге кеңес берген екен.

–Қытайтану біздің көптеген тануларымыздың бірі емес, ол тағдырымызға тікелей қатысты дүние деп түсінуіміз керек. Қытайға елші болып барғанда ерекше мән берген жұмысымыздың бірі – сол елдің кітапханаларынан қазақтың тарихына байланысты деректер іздеу болды. Бұған билік, Үкімет әрқашан мән беруі керек. Мен бұрын да талай рет айтқанмын, бізге Қытайтану институты керек. Мысалы, қытай қалай ХХ ғасырдың басына қарай үлкен ұлтқа айналды? Оның қандай тарихи себептері, кезеңдері бар? Көшпенділер тарихындағы Қытаймен байланыс. Ұлы Қытай қорғаны қандай мақсатта салынды? Ұлы Жібек жолы қалай басталды? Олар қазіргі заманда қандай рөл атқарып отыр? Қытай мен түркілердің байланысы, бұлардың бәрі – өте қызық тақырып. Егер осылардың бәрін тұтас білсек, жалпы адамзат тарихына байланысты құнды деректердің көзі ашылады. Біздің қазіргі жас мамандарымыздың көбі тіл білгенімен, үлкен тұрғыдағы шығыстануды, қытайтануды білмейді. Оларды қытайтануға терең тарту үшін қытай феноменіне қызықтыра білу керек. Өйткені Қытай – дүниежүзіндегі алып күштердің бірі. Біз – онымен күнделікті араласып отырған көршілес елміз. Сауда-саттық, мәдени, экономикалық қарым-қатынастарда, саясат саласында болсын, екі ел арасындағы өзара істерді дұрыс жүргізу үшін Қытайдың 5 мың жылдық бейнесін тұтас үйренбесе болмайды. Бұл біздің ең минимум міндетіміз деп түсінуіміз керек. Себебі біздің Қытай туралы қазіргі танымдық дүниелеріміз үзік-үзік, орысша айтқанда, фрагментарное сознание. Осы тұрғыдан мына Орталық Қытаймен қарым-қатынаста биліктің көп нәрсеге көзін жеткізетіндей жұмыс жүргізіп, мұның аса қажеттілік екенін дәлелдей алуы керек. Себебі біздің мемлекеттік мүдделерімізді қорғау үшін, әсіресе, Қытайдан бастау алатын Іле, Текес, Қара Ертіс өзендерінің суын пайдалануды дұрыс шешу үшін ол елдегі осы тұрғыдағы құжаттарды жақсы білу қажет. Бұл орталықтың болашағы – оның қоғамға, мемлекетке пайдалылығына тікелей байланысты болады. Егер ол пайдалы болса, Үкімет тарапынан қолдау болатыны сөзсіз. Егер біз Қытайды жақсы түсіне білсек, өз-өзімізді жақсы тани алатындығымызға күмән жоқ, – деді Мұрат Әуезов.

Тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов та бұл пікірлерді қостады:

47

–Әлем бүгін Қазақ елін, қазақ деген халықты біліп жатыр. Біздің де міндетті түрде білуге тиіс екі ел бар. Оның біріншісі – Қытай да, екіншісі – Ресей. Ресейді білетін сияқтымыз, бірақ бұдан да терең білуіміз керек. Ал Қытай біз үшін әлі жұмбақ. Жаңа ғана үлкен тарихтың бірінші, екінші бетін көтере бастаған сияқтымыз. Бірақ Қытайдың «20 мың шақырымға жол алғашқы қадамнан басталады» деген мақалы бар. Бұл орталықтың құрылуы – біздің еліміздің қытайтануға деген сол алғашқы қадамы деп түсінемін. Кешегі жат қолына қараған заманда біз тарихымызға солардың көзімен қарадық, солардың үйретуімен жазып, оқыдық. Сөйтсек, біз түсінбеген, біз бағаламаған сәттер баршылық екен. Қытайдың қазақ халқына, қазақ жеріне әсері Ресейден де бұрын бас­талған. Орыстың әскері ХVІ ғасырдан өткенше, Орал тауынан бері асып келе қойған жоқ. Ал Қытай ықпалы сонау ғұн заманында да, одан беріде де болған. Олардың біздің тарихымызда қалдырған ізі тым тереңде жатыр. Осындай сәттерді жақсы білмей тұрып, біз қазақ-қытай қатынастарының тарихын жаза алмаймыз. Қытай дерегінсіз қазақ тарихы жоқ. Ол шала-жансар тарих болып қалады. Кейінгі кезде ашылған деректердің өзінен ХVІІІ ғасырдағы біздің қаншама батырла­рымыздың есімдері, ерлік істері, халықаралық дипломатиядағы қадамдары жаңаша белгілі болып жатыр. Айталық, Абылай ханның қасында жүрген серігі Нияз батыр туралы орыс дерегінде 1740 жылы айтылады. Ал оның қоластында қанша үй болды, қанша байлығы бар, Қытайға, Жоңғарға қандай келіссөздерге барды, біз бұл жайында бірінші рет қытай деректерінен ғана білдік. Оған дейін жаңа Мұрат Мұхтарұлы айтқандай, үзік-үзік қана бірдеңелер болды, енді солар тұтасып жатыр. Әрі қарай тереңдей берсек, біз Қытайдың дерегімен, Қытайдың ықпалымен Қазақстан тарихы қалай қалыптасқанын жақсы білетініміз сөзсіз. Қытай бізге байланысты бір емес, екі емес, ондаған орталықтарын ашып тастаған. Құйттай Қазақстанды алып Қытай зерттейді. Ал біз Қытайды зерттеуге келгенде сараңбыз. Олардың су мәселесіндегі пікірлері де қызық. Олар «Қытай-дан барған судың Қазақстанға әсері жоқ, сіздерде көлдер көп» деп, бізді жұбата сөйлейді. Мұны тек дипломаттар ғана емес, тарихшылар, қытайтанушылар да жақсы білулері керек. Біз тарихты жақсы білсек, деректі жақсы білсек, Қытаймен келіссөздер жүргізгенде еңсемізді биік ұстай алар едік.



Жиында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Кәрімжан Шәкиров, тарих ғылымдарының докторы, профессор Клара Хафизова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кеңес Қожахметұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ислам Же­меней, басқа да ғалымдар мен ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің бір топ студенті қазақ-қытай қарым-қатынастары мен оның тарихы, бүгінгі жағдайы және келешегі туралы баяндамалар жасап, өздерінің нақты ұсыныстарын білдірді.

Жиынды қорытқан Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметжанұлы барша қатысушыларға Орталық атынан ризашылық білдіріп, ұсынылған баяндамалар мен мақала, зерттеулердің барлығы жеке жинақ болып шығатынын жеткізді. Жиында айтылған негізгі ой мен жасалған қорытынды – Қазақстанға Қытайтану институты керек.

//Айқын.-2013.6 наурыз.-2б.

48
Айнаш ЕСАЛИ,



Идеяларға құштарлық

Біздің елімізде ілкімді идеяларды іздестіріп және оның өмірде салтанат құруына саналы ғұмырын арнаған ерекше адамдар және «SANA-L» Ұшқыр Ойлар мен Игі Істер Академиясы деп аталатын айрықша академия бар. Бұл академияның негізін қалаған әрі оның президенті Смадияр Үсенбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ол сондай-ақ Халықаралық Метабілім Қоғамдық Академиясының вице-президенті болып табылады.

Өзі қызыққан, өзіне керек, өзіне пайдалы дүниенің өзгелер де игілігін көру үшін делдал болу керек деп есептейтін Смадияр Рахымұлының мазмұнды әңгімелері математикалық пайымдармен өріліп отырады екен. Таптаурын соқпақтардан шығып, адамзат баласы мұнан да игі тұрмыс кешу үшін төте жолдар іздейтін, идеяға бай адамнан бір түйір игі ой сізге жұғысты болса, біздің мақаламыз мұратына жетті дей беріңіз.

Ақылды болсаң неге бай емессің? - Кеңес өкіметі қирағанда кәсіпкер-ғалымның өмірі сол кездегі ғылыммен тағдырлас болуы табиғи заңдылық. Сондықтан, 90-шы жылдардың тауқыметін, оның салдары талай адамдардың өміріне күрт өзгерістер әкелгенін баяндап жату оқырманды қызықтыра қоймас. Смадияр Рақымұлы сол кезде іздегенін көктен емес, жерден тауып, кәсіпкерлікке бел шешіп кірісіп кетеді. Кәсіпкер болу тәуекелмен бірге жүретін тіршілік емес пе?! Смадияр ағамыз оның қиыншылығы мен қызығын да бір кісідей бастан өткеріп, жаңа заманға бейімделген кәсіби-бизнес-инкубатор ретінде әлемдік кәсіби қауымдастыққа танымал болады. Ол құрған «SANA-L» корпорациясы әлемге әйгілі автоконцерндермен, «БАСФ» химиялық концернімен қоян-қолтық қызмет жасайды. Бұл бұрынғы «нан табу» мақсатынан емес, өзінің ғылыми новаторлық қызығушылығынан болса керек.

Сонымен 1993 жылы құрылған Академияның жұмысын 1996 жылы Көз-микрохирургиясына арналған құрал-сайман мен жабдықтар қоюдан бастайды. Содан кейін Қазақстан медицина саласына шолу жасап, қан шығармайтын (кем инвазивтік) хирургия саласын таңдайды, ол бүгінгі эндоскопиялық хирургия, тағы бүкіл операция жасайтын блоктың саймандарын қою қарастырылады.

Компанияның қызметі бүгінде әр-түрлілігімен дараланады. Оның ішінде инновациялық құрылыс, табиғи энергия көздерін пайдалану, электр энергиясын үнемдейтін қондырғылар мен жарық көздері, үйді автономды энергиямен, жылумен, таза ауыз-сумен қамтамасыз етудің технологиялары мен саймандары және қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын жабдықтар жүйесі де табылады.

Академия елге инновациялық технологияларды тартумен бірге, қоғамның орнықты дамуына бағытталған концепциялар құрумен де шұғылданып отырғанын айта кету керек. Бұл өршіл бастама 2012 жылы Астанада құрылған Халықаралық Метабілім қоғамдық Академиясымен бірлесіп жүргізілуде. Аталмыш ғалымдар бірлестігін бұ­рынғы Кеңес одағы ғылымының ойшыл оқымыстылары мен инновация кәсіпкерлері құрайды. Аталмыш ғалымдар мен кәсіпкерлер бірлестігі мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың эксперттік тапсырыстарын уақытша еңбек келісімі бойынша орындауы мүмкін. Академия жұмысын қазірше мүшелік жарналар мен демеушілік салымдар арқылы жүргізеді. Келешекте эксперттік қызметімен және өз басылымдарын тарату, ақылы лекциялары арқылы қаражат табуды

49
көздейді.

«Ой – арман (идея) – болмыс»- Сұхбат барысында Смадияр Үсенбаев өзінің шығармашылық кәсібін «Ой – арман (идея) – болмыс» – логикалық үшбұрыш тізбегіне сүйенетінін түсіндірді. Бұл тізбектің маңызын сонау көне грек ғалымы – Пифагор, өзінің жай сандар теориясында түсіндіріп, оларды шығармашылық пен әлем гармониясымен байланыстырған. Бұл геометриядағы үшбұрыш «қатаңдығы» адамзат логикасының – анализ – синтез – тезис (антитезис) творчестволық даму процесінің анықтаушы қасиеті. Сондықтан Ұшқыр Ойлар мен Игі Істер Академиясының логотипі ретінде кеңістіктік үшбұрыш символы қабылданған екен.

Кәсіпкер-ғалымның айтуынша, бүгінгі интеграция (синтез) үдерісі адамзаттың бар болмысында орын алып отыр, тап солай ғылыми көзқарастар да интеграциялануда, ол келешекте жалпы Ақиқаттану – философияға алып келмек. Бұдан бүгінгі ғылым дағдарысының себебі оның түпкі қағидасынан – Ақиқат принциптерінен алшақтап, пәндік ғылымдарға тым бөлініп кеткенінен бе деген ой туады. Қазіргі жағдайда, ғылымның әр саласы әртүрлі терминологиялық ұғымдар кіргізу салдарынан, әр пәнді айтпағанда, ғылымның бір пәніндегі салалар бірін бірі түсінісуден қалып барады. Болмаса әр ғылымның ішіндегі заңдылықтар мен принциптер өздерінің түпкі – Ақиқат принциптеріне үйлесімді болуы қажетті шарт. Бұл мәселені қазіргі жалпы ғылым тану мен тарихын зерттеп жатқан ғалымдар да жоққа шығармайды. Осы мәселе қазіргі ең бір өзекті, келешек ғылым даму жолын анықтайтын проблемаға айналып отыр.

«Тірі су» адам өмірін ұзартады- Қызықты әңгімеміз мұнан кейін де жалғаса берді. Смадияр Рахымұлы өзін таза ауыз су мәселесі толғандырып жүргенін айтып, аса көкейкесті мәселені соңғы зерттеулерімен дәйектеді.

– ДДҰ есептері бойынша адам ағзасының қартайып, ауруға шалдығуының 80 пайыздық себебі ішетін және жуынатын судың ластығы мен дәрменсіздігінде («өлі су») екені белгілі болды. Қазір тұрмыста қолданып жүрген су сүзгілерінің көпшілігі тазалау барысында ондағы адам ағзасына керекті минералдарды да ұстап қалып, ағзадағы керекті қоректі де шайып кетеді. Одан шыққан су таза, бірақ энергиясыз «өлі су – Н2О», оның зияны болмаса, пайдалылығы шамалы. Әрине, қайнар бұлақтардың суы табиғи таза және энергиялы «тірі су», ол әлемдегі ауыз судың 2-ақ пайызын құрайды екен, сондықтан қазіргі урбанизация дәуірінде құбырмен келетін суды ішіп, пайдалануға тура келеді, ал оған қойылатын санитарлық-гигиеналық тәртіп өте «жұмсақ». Осыған байланысты әлемдегі ауру көздері көбейіп отыр. Осы мәселені кейінгі 40 жыл ішінде зерттеген жапон ғалымдары өкімет алдында көтеріп, Жапония үкіметі 2006 жылы жаппай «тірі су» бағдарламасын қабылдады. Осыған орай Жапонияның инновациямен әлемде атақты «Аguakurin» компаниясы су активаторларын шығара бастады, ол керамо-минералды 56 түрлі табиғи шариктердің ұзын-инфрақызыл-толқындарымен ішінен өтетін суды тазалап, энергиямен қамтамасыз етеді, және қала суын бұлақ суына барынша жақындатып «тірілтеді». Ендігі жоспар осы пайдалы су активаторларын Қазақстан халқының игілігіне ендіру болып отыр деген арманымен Смадияр Үсенбаев әңгімесін аяқтады. Сымбатты бойына сырлы ойы жарасқан азаматтың озық идеяларға құштарлығы бізді шындап тәнті етті.

//Егемен Қазақстан.-2013.-6 наурыз.-2013.-2б.

Светлана ИВАНОВА,

От Астаны до МиЛана
Казахстанский национальный университет искусств принимает гостей. Поздравить именинников, а заодно и принять участие в Международном форуме искусств, в казахстанскую столипу нриехало немало знаменитостей.

Среди них - принцесса Монако Каролин Мюрат, президент Консерватории им. С. Рахманинова граф Питер Шереметьев, Чрезвьшайный и Полномочный Посол Азербайджана в России, известный певец Полад Бюль Бюль-оглы, специальный представитель президента России по международному и культурному сотрудничеству Михаил Швьщкой и многие другие.

Как пояснила ректор университета Айман МУСАХОДЖАЕВА, центральное место в программе форума отводится отчетному концерту, а главным гостем праздника станет Президент страны - именно ему, по словам артистки, принадлежит идея открытия этого вуза в Астане.

Ровно 15 лет прошло с тех пор, как образовался этот университет. 12 лет мы существовали как национальная академия музыки, и три года назад указом Президента я была назначена ректором этого университета, - рассказывает Айман Мусаходжаева. - Вспоминаю непростые годы нашего становления. Мы тогда жили в общежитиях, прошли весь тот путь, который проходили все наши приезжие чиновники. Это был хороший опыт, мы закалились в этом пути. А потому, отмечая эту дату, мы не можем не говорить о наших первопроходцах. Низкий поклон им!

По словам народной артистки Казахстана, у университета - болышие и амбициозные планы на будущее.


  • Мы хотим в полной мере охватить всю структуру образования искусства и ничем не отставать от другах университетов в разных странах мира. Мы должны ставить более высокие планки и широко показывать достижения наших студентов, - пояснила Мусаходжаева.

Апофеозом празднеств станет юбилейная концертная программа "Восьмое чудо света - Астана", которая пройдет в концертном зале "Казахстан". Затем эта программа будет представлена в ведущих концертных залах Милана и Турина, Вашингтона и Парижа, Токио и Лос-Анджелеса.
//Класс Тайм.-2013.-6 марта.-С.2

51

Баян САПАРГАЛИЕВА, начальник Управления международного сотрудничества КазЭУ им. Т. Рыскулов



Залог успеха – международное сотрудничество
КазЭУим. Т. Рыскулова является членом девяти международных организаций и ассоциаций: КазЭУнаходится в списке университетов, подписавших Magna Charta Universitatum, Ев разийской ассоциации университетов, Российской ассоциации бизнес-образования (РАБО), Ассоциации учреждений образования "Education Net work”(EdNet), Европейского совета бизнес- образования (ЕСВЕ), Совета по

аккредитации бизнес-школ и программ (АСВSР), Ассоциации развития менеджмента стран Центральной и Восточной Европы (СЕЕМАN), Международной ассоциации организаций финансово-экономического образования (МАОФЭО), Американской торговой палаты в Казахстане. КазЭУ прошел международную аккредитацию программ бакалавриата и магистратуры "Экономика " и "Финансы"в Европейском совете бизнес-образования (ЕСВЕ).

Международное сотрудничество является одной из важнейших составляющих пристижности и узнаваемости вуза, поэтому в Казахском экономическом университете имени Т.Рыскулова этому вопросу уделяется большое внимание. Основными задачами развития международного сотрудничества является улучшение качества подготовки

специалистов для национальной экономики путем использования лучшего мирового опыта и интеграции в международное образовательное и научное пространство.

В настоящее время КазЭУ имени Т.Рыскулова наладил партнерские отношения и активно работает с 58 зарубежными вузами в вопросах развития академической мобильности совместных научно- исследовательских проектов, образовательных программ. По программам к академической мобильности к преподавательской деятельности привлекаются известные ученые из различных зарубежных учебных заведений и международных организаций. Для чтения лекций, проведения занятий для текущего учебного года университет посетили 22иностранных профессора из дальнего и ближнего зарубежья. В Каз ЭУ также реализуются обменные студенческие программы с университетом Отто Фридриха Бамберга (Германия), Университетом Цукуба (Япония), по которым выезжали на учебу 30 студентов и магистрантов казахстанского вуза.

Наш университет активно участвует в международной программе, только за 2012 год обладателями президентских стипендий стали 14 преподавателей и 5 выпускников бакалавриата КазЭУ, они будут обучаться в магистратуре за рубежом.

Также хотелось бы отметить, что в КазЭУ на протяжении двенадцати лет работает уникальный Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов, где проходят курсы обучения основам бизнеса, японскому языку, программы для углубления взаимопонимания и информационного обмена. Деятельность центра постоянно поддерживается правительствами Казахстана и Японии, посольством Японии в Казахстане.


52

Активную работу проводит Казахстанско-корейский центр сотрудничества в образовании, осуществляющий большую культурно- просветительскую и образовательную работу. Деятельность центра постоянно подцерживается посольством и генеральным консульством Южной Кореи в Казахстане.

Интересен опыт реализации программ двойного диплома, по окончании которых выпускники получают диплом КазЭУ и зарубежного вуза-партнера. В бакалавриате функционируют три программы двойного диплома: КазЭУ – IBS-B (Oxford Brookes), КазЭУ- UPMF (Ріегге Меndes France University (Франция), КазЭУ - Университет Каннам (Республика Корея).

Международная Бизнес Школа КазЭУ им. Т. Рыскулова осуществляет двудипломное обучение ма- гистрантов с Санкт-Петербургским национальным исследовательским университетом Информационных Технологий, Механики и Оптики (ИТМО), Университетом Хосео и Международной Школой Бизнеса Солбридж (Республика Корея), Европейским университетом (Испания, Германия), программы DBA и МВА с престижными учебными заведениями России, Азии и Европы.

В КазЭУ также реализуются дополнительные образовательные

программы РУДН и МГУ им. Ломоносова (РФ) с участием профессоров и преподавателей российских вузов и получением их дипломов.

С 2008 года КазЭУ участвует в Проекте по созданию сетевого университета ШОС совместно с ведущими вузами Казахстана, России, КНР, Кыргызстана и Таджикистана. Также в нашем университете реализуются проекты программ Темпус и Эрасмус Мундус, финансируемые Европейской комиссией.

Программа академической и научной мобильности Европейского союза Erasmus Mundus - это программа сотрудничества и мобильности в сфере высшего образования, которая содействует повышению его качества и развитию межкультурной толерантности. По программе осуществляются два проекта: Euro-Asian CEA CANEM, которые позволяют организовывать выезды на обучение в европейские университеты-партнеры: это Университет Граз (Австрия), Унк верситет Лиль (Франция), Университет Ферара (Италия), Университет Деусто (Испания), Универсиі Лунд (Швеция), Технологическии университет Эндховен (Нидерланды), Берлинский университет им Гумбольдта (Германия) и другие вузы.

Международное сотрудничествов КазЭУ активно поддерживается со стороны руководителей международных организаций Европейской комиссии, Британского совета, Представительства ООН в РК,дипломатическими миссиями в РК, офисом программы Темпус в Казахстане. Это расширяет возможности для участия преподавателей и студентов в международных проектах, для получения грантов на реализацию полезных образовательных и научных программ.

Ректор университета С.А. Саятов включен в Национальную команду экспертов по реформированию высшего образования в Казахстане, что создает новые возможности для участия вуза в различных видах международного сотрудничества. Хотелось бы отметить неоценимый труд и активное участие профессорско-преподавательского состава и сотрудников университета в

53

завершенных проектах: "Концепция интерфейса компетенции "Вуз - предпринимательство", "Магистерские программы для инженеров и экономистов в области энергетики и устойчивого развития", международного образовательного консорциума Erasmus Mundus особенно профессоров нашего университета - М.С. Тонкопия, Л.К. Баймагамбетову, Р.У. Рахметову, А.А. Швыдко и многих других преподавателей, которые внесли свой вклад в развитие международного сотрудничества.



В рамках программы Темпус, проекта "К созданию Центрально-Азиатского пространства высшего образования: тюнинг структура и формирование культуры и качества, представители нашего университета 12-13 февраля 2013 года участвовали в первом страновом мероприятии и обсудили тему "Обучение, основанное на компетенции".

Сегодня мировое пространство преобразуется в единую зону, где свободно перемещаются информация, товары и услуги, где непринужденно распространяются идеи и беспрепятственно передвигаются их носители. Поэтому студенты, магистранты, докторанты и преподаватели вузов должны полнее использовать прекрасные возможности для обучения, обмена опытом, проведения совместных исследований с зарубежными партнерами, которые стали доступными благодаря реализации международным программ. Именно в сотрудничестве - залог успеха.

//Класс Тайм.-2013.- 6 марта.-С.7

54



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет