//Казахстанская правда.-2013.-14 марта.-С.7
19
халықаралық білім және ғылым -
международное образование и наука –
INTERNATIONAL EDUCATION and SCIENCE
ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банк
жастарға жұмыс ұсынады
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк Жастар корпусының жаңа жобасын талқылады. Талқылауға Дүниежүзілік банктің ресми өкілдері Кейко Иноњэ мен Маттео Морганди және ҚР білім және ғылым вице- министрі Мұрат Әбенов, ҚР БҒМ жастар ісі комитетінің төрағасы Нұрлан Өтешев қатысты.
Алғашқы кездесуде жобаның жалпы бағыттары мен мақсатты аудиториясы талқыланды. Қазақстандық тарап жобаның басты міндеті қазіргі мемлекеттік бағдарламаны қайталау емес, қолданыстағы жастар саясатының күн тәртібіне нақты үлес қосу болуы тиіс деп санайды.
Жастар корпусының жобасы сервистік оқыту инновациялық бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан жастарының ойдағыдай дамуына бағытталған. Жобаға қатысушы жастар стипендия алып, бір жылға дейінгі кезеңде жергілікті қоғамдастық үшін толық немесе ішінара қамтылу негізінде жұмыс жасауы тиіс.
Жоба сондай-ақ жастарды волонтерлік арқылы практикалық дағдыларды дамыту мақсатын көздейді. Тараптардың атап өткеніндей, волонтерлік Қазақстан үшін жаңа түсінік емес, өзара көмектің қалыптасқан дәстүрлері де бар.
Жоба ауқымында жастар даярлаушыға немесе тәлімгерлікке, жергілікті мектептерге немесе медицина орталықтарындағы жұмысқа, экологиялық жобаларға, қарттарды күтуге, халықтың әлжуаз топтарына үй салуға, соқырларға кітап оқып беруге, мәдениет үйлерін жөндеуге және басқа да жұмыстарға тартылады.
Жастар корпусы жобасына қатысу үшін оның мүшелеріне тәлімгерлік және оқушылық мүмкіндіктерін ұсынуға мүдделі ұйымдар анықталады. Бұл ұйымдар осы жоба ауқымында төлімгерлікті жүзеге асыруға және практикалық оқыту ұсынуға келіседі.
Сондай-ақ осы жоба аясында Бүкіләлемдік банк қызметкерлері мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерімен колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерімен бірқатар кездесулер өткізді.
//Класс-Тайм.-2013.-6 наурыз.-2б.
20
ЖОО-ларына емтихансыз түсеміз
Қазақстандық түлектер көп ұзамай Беларусь елінің жоғары оқу орындарына емтихансыз түсу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жөнінде Астанада өткен Қазақстан-Беларусь ІТ-форумында БР Байланыс және коммуникация вице-министрі Николай Струков мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz. тілшісі. Қазақстан мен Беларусь арасындағы түрлі салада орнаған ынтымақтастықты әңгімелей келе, Николай Струков білім жүйесіндегі жоспарды сөз етті.
«Білім саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейтіліп жатыр. Қазақстандық түлектер көп ұзамай Беларусь жоғары оқу орындарына емтихан тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіне ие болады. Олардың тек қана орыс тілін білу деңгейі ғана тексеріледі», - деді Николай Струков.
ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов Қазақстанның ІТ-білім саласында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді. «Беларусь мемлекетінде ІТ-мектеп мықты екені белгілі. Біздің көптеген студенттер осы салада білім алу үшін Минскінің оқу орындарын таңдайды деген үміттеміз», - деді вице- министр.
//Класс-Тайм.-2013.-6 наурыз.-2б.
СОЗДАТЬ НАУЧНЫЕ МОСТЫ
Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина посетила зарубежная делегация во главе с Чрезвычайным и Полномочным Послом Канады Стефеном МИЛЛАРОМ, советником Агентства по сельскому хозяйству и сельскохозяйственной промышленности г-жой ФЕЛЛОУЗ и торговым уполномоченным посольства Канады Гаухар КАДЫРОВОЙ.
Глава нашего государства Нурсултан Назарбаев неоднократно отмечал, что сотрудничество с Канадой исключительно важно для Казахстана. Канада по своей огромной территории, плотности населения и тем условиям, в которых развивается ее сельское хозяйство, очень похожа на Казахстан. К тому же Канада, как и Казахстан, - многонациональное государство, куда ежегодно в поисках работы приезжает до 300 тысяч человек.
"Наш Президент отмечал, что в Канаде есть много такого, чему казахстанцам стоит поучиться. Это высокоразвитое государство возглавляет список стран по производству ВВП на душу населения. Канадцы пришли к этому через конверсию, что мы тоже сейчас делаем. Они сделали ставку на высокие технологии, особенно в телекоммуникациях, связи, геологиче- ской науке. И поэтому мы считаем очень важным укрепление взаимовыгодного сотрудничества не только между нашими странами, но и между нашими университетами", - отметил ректор КазАТУ А. КУ- РИШБАЕВ.
Визит г-на Миллара в КазАТУ им. С. Сейфуллина нацелен на плодотворное развитие научно-образовательного сотрудничества Казахского агротехнического университета с вузами Канады. Главными аспектами такого сотрудничества могут стать заключение договоров о сотрудничестве в сфере
21
образования и науки с ведущими вузами Канады, разработка со вместных образовательных программ магистратуры и докторантуры РЏЭ в области сельского хозяйства, агроинженерии, ветеринарии, экономики, радио, телекоммуникаций и архитектуры. Есть перспективы в реализации академической мобильности ППС и студентов университета.
Открываются большие возможности и в сфере научных контактов между вузами Казахстана и Канады. Это разработка совместных научных проектов, научно- педагогические стажировки наших преподавателей, создание совместных авторских научных коллективов для разработки учебно-методической литературы, обмен научно-технической информацией и публикации совместных научных статей в рейтинговых научных изданиях с высоким импакт-фактором.
//Класс Тайм.-2013.-6 марта.-С.3
Работа для молодых
Министерство образования и науки РК и Всемирный банк обсудили новый Проект молодежного корпуса. В обсуждении участвовали официальные представители Всемирного банка Кейко ИНОУЭ и Маттео МОРГАНДИ, вице-министр образования и науки РК Мурат АБЕНОВ, глава Комитета по делам молодежи МОН РК Нурлан УТЕШЕВ.
Проект молодежного корпуса направлен на реализацию инновационной программы сервисного обучения. Молодежь, участвующая в проекте, будет получать стипендии и работать на основе полной или частичной занятости для местного сообщества в течение периода до одного года.
Предполагается задействовать молодежь через систему волонтерства. Как отметили стороны, волонтерство - не новое понятие для Казахстана, а сложившаяся традиция взаимопомощи.
В рамках проекта молодежь будет привлечена к репетиторству и наставничеству, работе в местных школах, медицинских центрах, над экологическими проектами, уходу за престарелыми, строительству домов для уязвимых категорий населения, чтению книг для слепых, ремонту домов культуры идр.
//Класс Тайм.-2013.-6 марта.-С.3
22
Конструктивный диалог
Казахстанская делегация во главе с министром образования и науки Бакытжаном ЖУМАГУЛОВЫМ посетила Финляндию. Гругша казахстанских топ-менеджеров дошкольного, среднего, профессионально-технического и высшего образования прибыла в северную страну по приглашению финских коллег для широкого обмена опытом и выработки совместного плана действий по сотрудничеству.
Сразу же по прилету министр образования и науки РК Бакытжан Жумагулов встретился с министром образования и культуры Финляндии Юккой ГУСТАФССОНОМ.
Разговор состоялся подробный и обстоятельный. Как было отмечено во время встречи, казахстанская и финская системы образования во многом схожи. По словам Юкки Густафссонона, в его стране с интересом наблюдают за масштабными процессами модернизации, которые сегодня затронули все уровни казахстанского образования и науки.
Глава МОН РК рассказал, что в Казахстане успешно реализуется Государственная программа развития образования и науки до 2020 года. По поручению главы государства Н.А.Назарбаева внедряются принципиально новые механизмы управления в отечественной системе образования и науки. Казахстан изучает и апробирует самые лучшие образовательные технологии, существующие в мире, в том числе и в Финляндии. По инициативе главы государства создана и внедрена новая модель управления и финансирования казахстанской науки.
0 значительном прогрессе казахстанской науки говорилось и во время встречи казахстанской делегации с представителями Академии наук Финляндии (ҒШРЕБА). Финские ученые отметили существенный рост научных публикаций казахстанских ученых в ведущих мировых научных изданиях.
Казахстанская делегация посетила целый ряд учреждений дошколь- ного и среднего обучения, крупнейшие колледжи и вузы Финляндии. С достижениями финского образования гостей познакомили в дневном центре дошкольного образования, колледже кулинарного искусства, моды и красоты, центре подготовки летчиков "Патрия".
Обмен мнениями по развитию исследовательского потенциала университетов состоялся во время посещения самого крупного в Финляндии Университета Хельсинки. Это самый лучший междисциплинарный исследовательский университет в мире. На его 11 факультетах обучаются более 35000 студентов из разных стран мира. Здесь работают свыше 3900 ученых и преподавателей. Университетский городок разделен на четыре части, каждая имеет собственное научно- исследовательское направление.
Интересный опыт оптимизации вуза показали и в другом крупном вузе страны - Университете Восточной Финляндии. Это многопро- фильное учебное заведение, в котором обучаются 15 000 студентов по 100 специальностям. В рейтингах ведущих университетов мира QS и Times Higher Education Университет Восточной Финляндии входит в топ-350 лучших вузов мира.
По итогам состоявшихся встреч между Казахстаном и Финляндией будет разработан совместный план действий по сотрудничеству в сфере образования и науки.
//Класс –Time.-2013.-13 марта.-С.2
Папа у Джона силен в математике
Исследования в Великобритании показали, что 30-летние люди, которые в 10 лет лучше других знали математику, зарабатывают значительно болыпе своих бывших одноклассников.
Эти результаты исследования, опубликованные Институтом налогово-бюджетных исследований, показывают, насколько важно для развития детей как следует освоить основные предметы из программы начальной школы.
Согласно полученным результатам молодые люди, входившие в число 15% лучших по математике в начальной школе, зарабатывают в год на 7,3%, т.е. на 2,1 тысячи фунтов стерлингов, больше тех, кто в школе получал по математике посредственные оценки. Между тем исследование, проведенное Институтом образования при Лондонском университете, показало, что к моменту сдачи экзаменов за среднюю школу самые лучшие ученики английских начальных школ по знаниям и навыкам почти на 20% отстают от своих успешных сверстников из стран Восточной Азии.
Класс Тайм.-2013.-13 марта.-С.2
Сидхард САКСЕНА, Кембридж Орталық Азия форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан Орталығының директоры, Қазақстан дамуының Кембридж қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, профессор.
Қазақстан Президентінің жаһандық идеялары
2012 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде Кембридж университетінде болды. Президент G-Global бастамасының тұжырымдамасы туралы және халықаралық ынтымақтастық аясында жаһандық проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар туралы лекция оқыды.
Қазақстан Президентін тек оқытушылар мен әкімшілік қана емес, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірталасына қатысқан студенттер мен жас зерттеушілердің белсенді тобы жылы қарсы алды.
Қазақстан басшысы біздің оқу орнында сөз сөйлеген алғашқы еуразиялық және посткеңестік көшбасшы болды. Қазіргі кезде Кембридж университеті Қазақстанмен білім беру және ғылыми зерттеулер салаларында жемісті ынтымақтасып келеді. Мәселен, ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік қызмет реформасы, азық-түлік қауіпсіздігі, жер сілкінісі зардаптарының алдын алу және басқа да бірқатар бағыттар бойынша зерттеу жобалары жүзеге асырылуда. Кембриджде оқуға Қазақстанның мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік беріп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың лекциясында айтылған идеялар, сондай-ақ, өзінің аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын елдің тікелей өзі аудитория тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Қазақстан – мұнайдың, газдың, уранның, мыстың айтарлықтай қоры бар және бидай өндіруден әлемдік ондыққа кіретін ең үлкен құрлықішілік держава. Елде жоғары білімді және білікті тұрғындар көп болса, бұл білім беру саласының мемлекеттік қолдауына негізделеді. Қазақстан – Англияны, Франция мен Германияны қоса алғанда, көптеген Еуропа елдері енді ғана ұмтылып отырған мәдени-этностық тепе-теңдікке қол жеткізген полиэтностық ел. Көпвекторлы сыртқы саясаты Қазақстанға өзімен шектесетін Қытаймен, Ресеймен, сондай-ақ, АҚШ және Еуроодақ елдерімен берік әріптестік орнатуға мүмкіндік берді. Қазақстан әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер мен басымдықтарға ие. Елдің стратегиялық, саяси және экономикалық маңызын оның Ұлы Жібек жолы тоғысындағы геосаяси орналасуы да ерекшелейді. Қазақ халқы мен оның көшбасшылары халықтарды жүздеген жылдар бедерінде біртұтас құндылықтар мен қауымдастық сезімінің негізінде біріктіріп келді. Бұл саяси өнерді Нұрсұлтан Назарбаев та жетік меңгерген деп ой түйген де өте орынды.
Қазақстан әлемдік өркениеттің дамуына үлкен үлес қосып отыр – өйткені, тіпті, жаһанданудың бірқатар оң аспектілерінің өзін қазақтардың тарихи мұрасының бөлшегі болып табылатын көшпелі өмір сүруден де шығаруға болады. Бұл мемлекет әркез Шығыстан Еуропаға екі мың жыл бойы идеялар, технологиялар мен құндылықтар жеткізіліп келген жол бойында тұрды. Қазақстан – әлемдегі аса жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Мұнда тек қазіргі заманғы батыстық экономикалық модельдер ғана табысты енгізіліп отырған жоқ, сондай-ақ, бизнесті жүргізудің ислам формасын енгізу бойынша да жұмыстар жасалуда. Осының барлығы елдің бүкіл тұрғындарының белсенді экономикалық өмірге қосылуына оң ықпал ететін болады.
Соңғы он жылда Қазақстан жан басына шаққандағы шетел инвестицияларын тарту бойынша көшбасшы елдердің бірі болып отыр. Бүкіләлемдік банктің рейтингінде Қазақстан инвестиция салу үшін ең оңтайлы он елдің қатарына енді. 2000 жылдан бастап 2007 жылғы халықаралық қаржы дағдарысына дейін елдің нарықтық экономикасы жылына орташа есеппен 10 пайыз өсіп отырды. 2007 жылы Үкімет қаржы дағдарысын еңсеру үшін жедел түрде қажетті шаралар қабылдады. Ресеймен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістік құрудың арқасында Қазақстанды кәсіпорын секторында өндірістік өсім күтіп тұрса, бұл өз кезегінде мұнай мен басқа да табиғи ресурстарға тәуелділікті азайтуға жәрдемдесетін болады. Аталған мемлекеттермен бірлесіп құрылған Кеден одағы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал етуде. Қазақстанның ішкіқұрлықтық дамушы ел екеніне қарамастан, ол Ресей және Қытай рыноктарымен шектесетін тартымды рынок болып табылады. Және аталған елдерге транзит мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, олардың инвестицияларын да тартуда.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық дінаралық үнқатысуды ұйымдастыру мен жүргізудің үлгісін көрсетіп отыр. 2003 жылдан бері Қазақстан өз аумағында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезін өткізді. Қазақстан 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төраға ретінде әлемге исламның ашықтығы мен толеранттылығын айқын көрсетті. Бүгінде бұл ел ислам мәдениетінің көпқырлылығы туралы білімді ілгерілетуде үлкен рөл атқарып келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен рухтанған Кембридж Орталық Азия форумы орнықты даму, экономиканы әртараптандыру мен инновацияларды дамыту
24
бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша, сондай-ақ, климаттың өзгеруі мен табиғи және антропогендік апаттардың алдын алу үшін халықаралық құрылымдар құру секілді салаларда бірқатар ұсыныстар қалыптастырды. Мәселен, Кембридж Орталық Азия форумы елдің беделді халықаралық ұйымдар қызметіндегі үлкен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның қатысуымен төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін жедел қимылдайтын ортақ топ құру туралы ұсыныспен шықты. Тұтастай алғанда, Кембридж Орталық Азия форумы он жылдан астам уақыттан бері түрлі бастамаларды ілгерілете отырып, Кембридж бен Қазақстанның ғылыми орталықтары арасындағы достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Олардың қатарында Кавендиш зертханасы мен Алматы жоғары технологиялар институты арасындағы ынтымақтастық бар. Кембридждің жер туралы ғылым факультеті Қазақстанмен әріптестікте жер сілкінісі кезінде адам құрбандықтары санын азайту үшін жұмыс істейтін екі ассоциация құрды.
Білім беру факультеті Назарбаев Университетіндегі ағартушылық саясат орталығымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істесе, Кембридждің халықаралық сарапшылар комиссиясы бүкіл Қазақстан бойынша арнайы және жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың сындарлы ойлау қабілетін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл комиссия сондай-ақ, елдегі Президент Назарбаевтың бастамасымен құрылған зияткерлік мектептермен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке қосылған.
Азия мен Таяу Шығысты зерттеу факультеті Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ, елшілікпен әріптестікте Орталық Азия тілдері мен мәдени зерттеулер, әсіресе, қазақ тілі мен орта ғасыр қолжазбалары бағдарламасын дамыту үстінде. Бүгінде халықаралық саяси пікірталастар орнықты даму мен инновацияларға және тұрақтылыққа шақырған үндеулерге толы. Халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, көкейкесті саяси және экономикалық идеяларды ілгерілетуге оқырмандар назарына ұсынылып отырған, танылған әлемдік көшбасшылардың бірі – Н.Назарбаевтың кітабы өзіндік үлес қосатынына сенімім мол. Кітапқа оның әлемнің бірқатар жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында сөйлеген сөздері мен лекциялары топтастырылған. Қазақстан басшысының инновациялар – адамның жасампаздыққа ұмтылысының нәтижесі деген ұстанымының дұрыстығын көрсетеді. Орнықты даму – осы үдерістің тұрақтылығына қолдау көрсететін қозғалтқыш. Әлемнің дамуымен осы үдерістерді тек байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ оларды теңдестіретін саяси тұғырнамаға қажеттілік бірінші кезекті бола түседі. Сонда ғана біз елдерге бір-бірін өзара толықтырып, игілікті әділетті бөлуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұжымдық шешімдермен шыға аламыз.
Мүмкіндікті пайдаланып, Кембридж Орталық Азия форумы Қазақстан үшін бірқатар практикалық ұсынымдар әзірлегенін атап өткім келеді. Солардың бірі – «Табиғи апаттардың салдарын жоюды басқару бойынша жалпыға ортақ қарар» дайындау мен Табиғи және антропогендік апаттарға жедел қайырылуды қамтамасыз ету үшін үйлестіру кеңесі қорын құру туралы ұсыныс. Мақсат – табиғи апаттарға ұшыраған аудандарда адам шығынын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді мақсатты ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін инженерлер мен техникалық сарапшыларды ғалымдармен және саясаткерлермен біріктіру. Мұндай қорды G-Global Іс-қимыл қоры деп атауға болар еді. Уақыт өте келе ол өзіне түрлі қосымша функцияларды ала алады, өйткені, әлем әркез жаңа проблемалармен бетпе-бет қалып отыр. Бүгінде өңірлік және жаһандық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін көмірсутегі емес технологиялық инновацияларды дамыту басты міндет болып табылады. Жаңа технологияларға негізделген өте тиімді құралды біздің зертханамыздың профессоры Дэвид Маккей жасады. Ол – Энергетика және климаттың өзгеруі министрлігінің аға ғылыми қызметкері. Кембридж Орталық Азия форумы, сонымен қатар, талқылау үшін басқа да идеяларды ұсынады. Халықаралық экономикалық дағдарыс әлемдік қаржы моделін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Өсімге ықпал етіп қана қоймай, сонымен бір мезгілде, елдерде соңғы он жылдықтарда жинақталған мемлекеттік қарыздарды төмендетуге көмектесетін экономикалық өсімнің балама жолдарын іздестіру қажет. Біздің көзқарасымызша, қирап-бүлінуге алып келген жүйені өзгерту үшін шаралар қабылдау қажет. Форум қаржы рыноктары мен банк жүйелерін жетілдіру және реттеу, экономиканы әртараптандыру, корпоративтік жауапкершілікті арттыру бойынша бірқатар тақырыптар ұсынды. Қазақстан табиғи ресурстарға негізделген экономикаға және оның үстіне жоғары білікті айтарлықтай жұмыс күшіне ие бола отырып, ғаламат ұстаным танытуда. Бұл экологиялық рационалдықты есепке ала отырып, технологиялар, инновациялар мен экономикалық даму мәселелерінде көзқарастарды өзгерту саясатын ілгерілетуге мүмкіндік береді. Өзінің сөздерімен, кітаптарымен, практикалық мемлекеттік қызметімен осы оң үдерістерге үлкен үлес қосып жүрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі атап өтуге тұрарлық.
Кембридждегі оның сөздерінің біздің ғалымдарымызды да жүзеге асырылуы халықаралық дамудың маңызды элементі ретінде қызмет ететін жаһандық саясат саласында бірқатар бастамаларды ілгерілетуге итермелегені кездейсоқ емес. Ұсынылып отырған кітаптың авторы өзінің бірқатар ғылыми атақтарға лайықты екенін әлдеқашан дәлелдеген. Осы ретте біздің әлемге әйгілі Кембридж университетінің құрметті профессоры атануын да заңды деп білеміз.
//Егемен Қазақстан.-2013.-14 наурыз.-2б.
25
Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик, РҒА вице-президенті.
Ойдың ауқымы, ауқымға сәйкес тұлға
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің жетекші оқу және ғылыми орталықтарындағы лекциялары мен сөйлеген сөздері жинағының жарыққа шығуы – барынша кең көлемді ғылыми-білім беру, интеллектуалды топтардың назарын сөзсіз өзіне аударатын маңызды оқиға.
Президент Н.Назарбаев – қазіргі заманғы беделді саясаткер, Қазақстан мемлекеттілігінің пайда болуы мен қалыптасуы және осынау жас елдің экономикалық және әлеуметтік салада көрер көзге серпіліс жасауы оның есімімен тығыз байланысты.
Өзі табиғатынан мейлінше білуге құмар, жаңа білімдерге үнемі ұмтылып отыратын, зерттеуші мен педагог талантына ие, үзіліссіз білім алу мен өздігінен білім жетілдірудің батыл жақтаушысы болып табылатын ол, өзінің мемлекеттік қызметінің алғашқы жылынан бастап ғылымға, интеллектке және оқу-ағартуға, бүгінде инновациялық негізде даму деп аталатын олардың өмірмен байланысын нығайтуға барынша басымдық берді.
Осынау теңдессіз адамды біраз жылдан бері білемін. Жанды әңгіме мен пікірталастарға бара отырып біз талай сағаттарды бірге өткіздік. Оның сарқылмас қуаты – ішіндегі танып-білуге деген қуаты таңдандырады. Қазіргі заманғы ғылымның проблемаларында жақсы бағдар ұстай білетін, тамаша әңгімешіл және шешен, ол өзін ғылыми да және студенттік те аудиторияларда тамаша сезінеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне тән жарқындықпен және аудиториядағы бұлжымас табысымен талай рет Мәскеу университетінде сөз сөйледі.
Мен осы жинақта келтірілген Нұрсұлтан Әбішұлының ММУ-дағы лекциясын да тыңдадым. Мойындаймын, біздің жоғары мәртебелі мейман алғаш рет дерлік еуразиялық интеграцияны аша және ол туралы өз көзқарасын және ондағы саясат қана емес, сонымен бірге, ғылымның, білім берудің, жаңа технологиялардың да атқаратын рөлін қорғай отырып, Еуразиялық Одақ құру идеясын ұсынғандағы беріле сөйлеген сөзі мені студенттер мен оқытушылардан бетер баурап алды.
Бүгінде, арада жылдар өткенде, оның идеясы барған сайын үлкен түсіністікке ие болып, шындыққа айналуда. Кеңес Одағының ыдырауын, соның нәтижесінде жаңа, тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуін бастан өткерген бұл адам біздің халықтарымыздың ой-мүдделерінің өзі туындатқан посткеңестік кеңістіктегі біріктіруші күш-жігерлердің белсенді жақтаушысы және қозғаушысы болып табылады. Оның үніне қарапайым адамдар да, саясаткерлер де, іскер қауымдастық өкілдері де құлақ түреді. Және оның ішінде ғалымдар да, әрі оның жетілген, қалыптасқан қайраткерлері де, сол сияқты ғылымның жас өскіндері де бар.
Екі президент Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің арасында біз байқаған өзара түсіністік және, мен айтар едім, бір-біріне деген тартылыс, еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады және Қазақстан-Ресей халықтары арасында оптимизм орнатып, туысқандық, достық пен әріптестікті нығайтады. Оның шекаралас елдерге де қатысы бар.
Бүкіл әлемге танымал кафедраларда, университеттерде, ғылыми орталықтарда, академиялық форумдарда сөз сөйлей отырып, Н.Назарбаев тыңдаушыларды өз елінің және өз халқының тартымдылығымен баурап, әлемде Қазақстанның басымдықтарын ілгері бастырады. Және сонымен бірге ол үлкен ғылымның, экономика мен үлкен саясаттың түйісуінің, жемісті ықпалдастығының өлшемдік нүктелерін қажырлылықпен, зерттеушілікпен дәл басады.
Бірқатар белгілі университеттердің, соның ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың оған Құрметті доктор атағын беруі – ірі саясаткерге деген тек формальды құрмет белгісі ғана емес, сонымен бірге, ол дамытқан идеялардың, тұжырымдамалардың, көзқарастардың сөзсіз маңыздылығы мен салмақтылығын мойындау. Қазақстан мен Ресей ғана емес, бүкіл адамзат созылмалы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп жатқан қазіргі кезде оның ойлары мен болжамдары айрықша көкейкесті – турасын айтқанда, кітаптың өзі де белгілі бір дәрежеде осынау көкейкесті тақырыпқа арналған.
Тіпті, біз бүтіндей алғанда туысқан елде байқап отырған күрт әрі сенімді өрлеу аясында да қазақстандық биліктің ғылымға, білім беру мен жаңа технологияларды енгізуге назар аударуы таң қалдырады. Осы саланы қаржыландыру деңгейі бойынша Қазақстан әлемдік белестерге шығады, ал ол тәуелсіздік жылдары ішінде халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің елеулі өсуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына, тіпті, елдегі туу динамикасына да сөзсіз оң әсер етті.
Мен Қазақстандағы ғылымның және ғылымды қажет ететін өндірістердің, білім беру жүйесінің дамуына, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға көптен бері мұқият назар салып келемін және біздің достарымыздың табысына қуанамын. Мұнда жыл сайын ғылыми-зерттеушілік және оқытушылық әлеует айтарлықтай өсуде, ғылыми қызметті басқару саласында оң реформалар жүруде, осы саладағы мемлекеттік саясат жетілдірілуде. Әлемдік ғылыми және білім беру қауымдастығы осында таяуда ашылған әрі өзін сенімді көрсете білген Назарбаев Университетін оптимизммен қабылдады – қазақстандық ғылымның осынау флагманына сәт сапар тілеймін.
Экономиканы интеллектілендіру, адам капиталына салымдарды жан-жақты ұлғайту – Президент Н.Назарбаевтың қалаулы тақырыбы және жағдайға қарай бағаласақ, оның айтарлықтай күш салу нүктелері.
Қазақстанда асқақ лидер, осы елдің халқы өз алдына қойып отырған асқақ мақсаттар бар. Президент Н.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде тынымсыз айтып келе жатқандай, әлемнің неғұрлым ырғақты дамыған елу елінің қатарына ену – ол дегеніңіз іс жүзінде постиндустриялық дәуірге революциялық серпіліс жасау деген сөз. Оның Қазақстан халқының да, Көшбасшысының да қолынан келетініне сенімдімін.
Біздің университетті бұл республикамен тамырлары сонау өткен кеңестік кезеңге кететін ұзақ жылдарғы қарым-қатынастар байланыстырады. Мыңдаған қазақстандық бізден білім алды, аспирантураны тәмәмдады, жоғары деңгейлі мамандар мен беделді ғалымдарға, өндіріс командирлеріне, мәдениет қайраткерлеріне, саясаткерлерге айналды, осынау қатал және сонымен бірге, дәулетті де қайырымды жер игілігі үшін қажырлылықпен еңбек етті және еңбек етуде, бүгінде адами қызметтің барлық салаларында ең жаңа қазақстандық тыңды игеруде.
Он жылдан астам уақыттан бері таңғажайып елорда – Астанада ашылған ММУ-дың қазақстандық филиалы жұмыс істейді. Оның пайда болуы туралы идея біздің кезекті әңгімелесуіміздің бірінде Нұрсұлтан Әбішұлының ойына келген еді. Н.Назарбаевтың кең көлемді жеке қолдауының арқасында бүгінде филиал ММУ-дың бес факультеті: механика-математика, есептеу математикасы және кибернетика, экономика, филология және география факультеттері негізінде жұмыс істейтін және Мәскеу университетінің бағдарламалары бойынша білім беретін қазіргі заманғы жоғары оқу орны болып табылады. ММУ-дың Қазақстанның қазіргі заманғы зерттеулер мен инновациялар саласындағы ғалымдарымен және іскерлік әлемімен ынтымақтастығы да кеңейіп келеді. Бұл жұмыстар, сондай-ақ, енгізушілік тәжірибе де біздің елдер басшылығының назарынан тыс қалған емес.
Мен білемін: Президент Н.Назарбаевтың жеке басына да, және бүтіндей алғанда тәуелсіз Қазақстанның феноменіне де Ресейде барлық деңгейде, жоғарыдан төменге дейін барынша мүдделі және ізгі ниетті көңіл бөлушілік бар. Өйткені, миллиондаған ресейліктер бұл өлкемен жастық шақтың, қайғы мен қуаныштың, өзара адами жылылықтың қарым-қатынастары арқылы байланысқан – Байқоңыр жері біздің көпшілігіміз үшін үлкен өмірге жол бастар алаңға айналды, қазақстандықтардың Ресеймен ежелден туыстасқандығы сияқты ресейліктер де онымен ежелден туыстас. Тіпті Мәскеу университетінің «Татьяна-2» спутнигі де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.
Мен өзімнің қысқа кіріспе сөзіммен бастап отырған кітаптың көптеген мүдделі оқырмандарды табарына талас жоқ; ол Ресей- Қазақстан достығын құрметтейтін, болашаққа көз салуға ұмтылатын, өзінің еңбегімен, сындарлы ойымен бүгінде болашақты қалап жатқан, жаңа идеялар мен технологияларды тартымды деп білетін барлық адамдарға қызықты болмақ. Ондай оқырмандар кітаптан өз ойларына, алаңдаушылықтары мен үміттеріне талай үндестіктер табады.
Бұл кітаптың біздің бәріміздің Президент Н.Назарбаевты, оның адами және саяси ұмтылыстары мен мінез-құлқын, сондай-ақ, туыстас ел халқының рухы мен ұмтылыстарын жақсырақ танып білуге көмектесетініне сенімдімін.
//Егемен Қазақстан.-2013.-14 наурыз.-2б.
Достарыңызбен бөлісу: |