«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»


Білім саласының түйткілі шешіледі



бет11/12
Дата01.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#106589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Білім саласының түйткілі шешіледі
Қызылорда облыстық білім саласы қызметкерлерінің алқа мәжілісіне аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысып, әріптестерінің білім берудің сапасын жақсартуға байланысты ойлармен бөлісті.

– Елбасы қабылдаған төрт мемлекеттік бағдарламаның үшеуі әлеуметтік салаға қатысты болып отыр. Болашақ ұрпақтың салауаттылығына көңіл бөлуіміз керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын 100 пайызбен қамтамасыз ететін боламыз. Бұл ретте мемлекет кәсіпкерлерге сенімді серіктес бола алады. Балабақша кезегінде тұрған 25 мыңнан астам бүлдіршінді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Заман талабына сай техникалық мамандықтар жүйесін дамытуға көп көңіл бөлуге тиіс. Тіл білетін аудармашылар, интернет желісін жақсы меңгерген мамандар сұранысқа ие. Аймақтың өндірісіне қажетті кадрларды даярлау, мамандық таңдау білуге үйрету ұстаз міндеті – деді Қырымбек Көшербаев.

Жасыратыны жоқ, былтырғы жылы облыс ҰБТ нәтижесімен республика бойынша ең соңғы 16- орынға түсіп қалды. Алтын белгіге үміткер 421 оқушының небары 50-і ғана үмітті ақтады. Осы орайда аймақ басшысы ең төмен көрсеткіш көрсеткен мектептермен жекелеп жұмыс жасау қажеттігін алға тартты. Басқарма басшылығына мектеп мұғалімдерінің кәсібилігін арттыру

үшін пәндік олимпиадалар ұйымдастырып, соған сәйкес жеңімпаздарды лайықты марапаттау жөнінде тапсырма берді.

– Сыр өңірінің балалары ешкімнен кем емес. Ата заңымызда әрбір баланың орта білімді тегін алуға құқылы екендігі айтылған. Алайда ҰБТ-ға дайындалу үшін неліктен ата-ана қалтасынан қаржы шығаруы керек? Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын баланың 70 пайызы репетитордың көмегіне жүгінеді. Неге? Ойланатын мәселе, – дей келе облыс әкімі басқарма басшысына тиісті іс-шара жоспарын жасауды тапсырды. ҰБТ бойынша төмен көрсеткішке жол берген мектеп басшыларының бұл мәселені шешуге қауқары жетпейтін болса, олардың орнына талапты жас азаматтарды қою керек. Облыс әкімі мектеп директорларын тағайындауда алдын ала өткізілетін конкурсқа дейін бұдан былай қоғамдық кеңес құрылатынын жеткізді.

Мектеп қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасамағандықтан бүгінде жеткіншектер интернет клубтарында сағатпен отырып, түрлі экстремистік ұйымдардың ағынына еруге бейім тұрады. Бала – біздің болашағымыз. Олардың өмірінен артық ештеңе жоқ. Жыл басынан бері облыста жас­өспірімдер арасында 9 суицид орын алған. Облыс басшысы өзекті мәселенің тездетіп шешімін табуы үшін барлық білім беру басшыларын жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Облыс әкімінің орынбасарына қажет болса, БҰҰ жанындағы халықаралық әлеуметтік орталықтардан мамандырды шақырту керектігін тапсырды.

– Айдың-күннің аманында өз өмірін өзі қиятындай не жағдай болды?

Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білмесе, ертеңгі күні олардан қандай азамат шығады. Біз тәуелсіз елдің балаларын тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда мектеп инспекторлары қайда қарап отыр? Мектеп инспекторларының директорға тәуелді болуын заң жүзінде бекіту керек шығар. Бұл туралы ІІМ мен білім және ғылым министрлігіне ұсыныс беремін. Мектеп инспекторлары директорға есеп беріп отыруы керек. Бірлесе жұмыс жасағанда ғана жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алатын боламыз, – деді аймақ басшысы.

Ел тізгінін ұстап жүрген лауазым иелерінің көпшілігі ауыл топырағында дүниеге келген. Сондықтан өңірде әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларының балаларына биылғы оқу жылынан бастап облыс әкімі жоғары оқу орнына түсу үшін арнайы грант тағайындайтынын айтты. Кемінде 150 балаға осындай гранттық жеңілдіктер арқылы еліміздің жоғары оқу орындарынан білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл грантқа ие болған бала оқуын аяқтаған соң, облыста бес жыл жұмыс жасауы керек. «Маңдайы күнге, табаны жерге күйген ауылдың қарадомалақ баласынан шығады небір дарындылар. Сондықтан өңірдің өндірісіне қажетті мамандықтар тізімін жасап, арнайы іс-

83

шара жоспарын әзірлеуді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырамын, – деді Қырымбек Елеуұлы.



Аймақ басшысы облыс орталығындағы Қызылорда политехникалық колледжіне тоқтап, аталған оқу орны базасында ұйымдастырылған техникалық колледждiң көрмесін тамашалады. Білім беру мекемесінің материалдық базасында 19 оқу кабинеті, 4 зертхана, автокөліктерге күтім жасау бекеті және 4 шеберхана бар.

– Олай болса, ауыл шаруашылығына, өзге де салаға қажетті техникалық маман даярлау заман талабы. Біздің колледжде 7 мамандық бойынша білім беріледі, мамандарымызға сұраныс бар. Мәселен, соңғы үш жыл қорытындысы бойынша айтсақ, біздің түлектеріміздің 94 пайызы жұмыспен қамтылды, – деді колледж директоры Бақыт Кенбаев. Бүгінде колледжде 632 студент білім алуда.

Көрмеде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінің электронды фрезерлік станок жұмысы және бекет кезекшісінің басқару таблосының макеті таныстырылды. Осы орайда облыс әкімі оқу орындарына теміржолшыларды көптеп даярлау қажеттігін айтып, тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Арал индустриалық-техникалық колледжі басшылығына балықты терең өңдеу мәселесіне мән беру керектігін баса айтты. Көрмеде сондай-ақ, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарының техникалық колледждері мен Қызылорда медициналық колледжінің жұмыстары да көрсетілді. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі – дуалдық білім беру жүйесін енгізген бірінші оқу орны. Мұнда студенттер 18 мамандық бойынша білім алады. Оқу орнының жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев колледж басшылығына ақпараттық технология мамандарын, сонымен бірге, шет тілі, атап айтқанда, ағылшын, қытай тілінен аудармашыларды көбірек даярлау уақыт талабы екенін ескеріп, жұмысты қолға алуды тапсырды.

Онан соң облыс әкімі Қызылорда қаласы, С.Торайғыров көшесінде орналасқан «Шұғыла» жекеменшік балабақшасына аялдады. 300 орындық балабақша 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 12 топтағы 360 бүлдіршінге 48 тәрбиеші мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беруде. Алқа мәжілісінде облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Мухимов білім бе­рудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.Өңірдегі білім беру саласының жай-күйімен хабардар болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев педагог қызметкерлермен кездесуінде бірқатар мәселені ортаға салды.

–Білім беру саласын жетілдіру – Елбасының жыл сайынғы Жолдауының басым бағыты. Мен облысқа басшылыққа келген екі айға жуық мерзімде бұл саладағы шешілуге тиіс мәселелермен де таныстым. Біздің облысымызда әлі де болса апаттық жағдайдағы және оқу үдерісі 3 ауысымда өтетін мектептер бар. Бірақ оны толыққанды шешеміз.

Біз балаларымыздан ешнәрсені аямаймыз, – деді облыс әкімі.


//Айқын.-2013.-12 наурыз.-6б.

84

Миуа БАЙНАЗАРОВА



Сұранысы жоғары білім ордасы

Қызылорда политехникалық колледжінің тарихы әріден басталады. Атап айтқанда, 1955 жылы 26 мамырда Қала және село құрылысы министрлігінің бұйрығымен «Десятниктер мектебі» болып құрылған оқу орны 1966 жылы СУ-114, 1970 жылы СПТУ-58 болып өзгертілді. 1979 жылы 450 орындық жаңа кешенге көшірілді.

Ал 1996 жылы «№9 кәсіптік лицей» мектептік мекемесі болып қайта тіркелді. Үстіміздегі жылдан бастап «Қызылорда политехникалық колледжі» атауын иемденді. Білім беру мекемесінің материалдық базасында 19 оқу кабинеті, 4 зертхана, автокөліктерге күтім жасау бекеті және 4 шеберхана бар.

Мамандарға сұраныс бар. Мәселен, соңғы үш жылда түлектердің 94 пайызы жұмыспен қамтылды. Осы орайда кәсіптік білім саласындағы атқарылып жатқан істер туралы кол­ледж басшысы, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бақыт Қуанышбекұлы Кенбаев әңгіме қозғайды.

– №9 Қызылорда политехникалық колледждің негізгі оқу-тәрбие жұмысындағы басты міндеті және стратегиялық міндеттерінің бірі – «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» негізге ала отырып, бәсекелестікке және нарықтық экономика жағдайларына төзе білетін білікті де білімді, жоғары сапалы жұмысшы мамандарды даярлау.

Білім беру мен дағдысын қалыптастыру 21 оқу кабинеті, 6 зертхана, 6 шеберхана арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда лицейде 7 мамандық бойынша 661 оқушы білім алуда. Оларға 68 инженер-педагог, 24 мұғалім, 38 өндірістік оқу шебері дәріс береді. Қызметкерлердің 85 пайызы жоғары білімді, 15 пайызы арнаулы орта білімді. Инженер-педагогтардың орташа жасы 39,9-ды құрайды. 2010-2012 оқу жылында колледждің 175 оқушысы және «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Автомобиль кранының машинисі» мамандығы бойынша экспорттық мамандануға арналған оқу тобын 23 оқушы бітіріп шықты. Барлық бітірушілер толығымен жұмыспен қамтылды. Республикалық біліктілікті растау және тестілеу орталығының сертификатына ие болып отырған студенттер саны – 144 оқушы, бұл көрсеткіш жалпы студенттер санының 85 пайызын құрап отыр. 2010 жылдың қыркүйек айында «ЗК 169/5 мемлекеттік мекемесінде» лицейдің филиалы ашылып, қазіргі таңда үш топ бойынша бас бостандығынан айырылған 53 сотталушы жұмысшы мамандығы­на ие болуда, – дейді колледж директоры Бақыт Кенбаев.

2011 жылда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында лицейде мамандарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағытында бекітілген жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, мамандарды кәсіби даярлау бағыты аясында «Химиялық талдау лаборанты» мамандығы бойынша 25 оқушы, «Газбен және электрмен пісіруші» мамандығы бойынша 50 оқушы және «Автомобиль кранының машинисі» мамандығы бойынша 25 оқушы оқуға қабылданды. Қайта даярлау бағытында қалалық «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе отырып, қысқа мерзімді қайта даярлау курстары аясында «Тамақтандыруды ұйым­дастыру» мамандығы бойынша 48 жұмыссызды, ал «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша 30 жұмыссызды қайта даярлау курсынан өткізіп,

85
оның ішінде 44 адам жұмыспен қамтылды.

Бүгінгі таңда колледжде 4 оқушыға 1 компьютерден келеді. Жалпы компьютерлер саны – 154. Оның ішінде 13-і «Ноутбук». Компьютерлер интернеттің кең жолақты желісіне қосылған. Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірлесе отырып, «АСУ-лицей», «Асу-кадр» бағдарламалары енгізілді. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – лицейдің оқу-материалдық-техникалық базасы, оқытушылар, топтар, оқушылар анкеталық, оқу, үйірме жұмыстары, тестілеу, есептер, қателіктердің сараптамасы туралы мәліметтерді толық қамтыған веб-сайт ашылған.

Колледж оқушылары екі мезгіл ыстық тамақпен, асхана технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жетім балаларды жүйелі қамқорлыққа алған оқу орны оларға жұмыс тауып беруде. Сондай-ақ оларға материалдық қолдау көрсетіліп отырылады, қысқы киім, оқу формасы, аяқкиім, баскиім, спорттық киім беріледі. Оқу-материалдық базаны нығайту бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілу-де. Кітапхана жаңа үлгі бойынша қайта жарақтандырылды, көркем және арнаулы әде­биеттермен толықтырылды, медиатека жұмыс жасайды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, өндірістік оқу шеберлерінің бөлмесі, «Ауыл шаруашылығы машиналары» шеберханасы жабдықталды. 2011 жылда Республикалық трансферттер арқылы оқу-материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 25 млн теңге қаражат бөлініп, толық игеріліп, құрал-жабдықтар алынды

Колледждің ауласы саялы ағаштарға толы. гүлзарлар , бөлме гүлдері өсірілген, қосалқы шаруашылықты дамыту, бау-бақша дақылдарын егу, күріш егу, көшет дайындау жылыжай арқылы жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде «Үздік аула – 2011» облыстық байқаудың қорытындысы аясында кәсіптік лицей ұжымы жүлделі бас орынға ие болып, жеңімпаз атанды.

Инженер-педагогтар әдістемелік ізденіс үстінде. «Бейорганикалық қосылыстардың сапалы талдауы» оқу-әдістемелік құралы Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесінің шешімі негізінде баспадан шығып, таратылды. Сондай-ақ кәсіби ақпарат құралдарында ұстаздар тәжірибесі мақалалары арқылы жиі көрініп тұрады. Әдістемелік кеңес лицейішілік ізденістер орталығына айналып отыр. Шығарма­шылық топтар құру арқылы оқу-өндірістік жүйенің өзекті бағыттары бойынша іргелі зерттеулер өткізілуде. Несиелік жүйені енгізу проблемалары, өндірістік оқуды жаңа технологиялық тұрғыда түрлендіре өткізу, т.б. іргелі мәселелер зерттеліп, өндіріске енгізілуде. Ұстаз беделін арттыру, қолдау көрсету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Инженер-педагогтар толық жүктемемен қамтамасыз етілген. Қосымша төлемдер толығымен төленіп келеді. Жыл сайын «Озат мұғалім», «Озат өндірістік оқыту шебері» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен көтермеленеді. Сондай-ақ жұмыстағы жемісті әрекеттері, тыңғылықты ізденісі, өзіне жоғары талап қоюын бағалай отырып, «Сенімге ие болу» мәртебесін беру ұстаздар арасында жаңа ұмтылыс тудыруда.

Колледжде «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында

86

ақпараттық технологияның оқу-тәрбие жүйесіндегі рөлін қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық кәсіптік білім беру қызметкерлерінің семинар-кеңесі өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың 2012 жылғы 4 наурызында Қызылорда облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім саласының жай-күйімен танысуы кәсіптік лицей базасында өтті.



Мәдени бұқаралық және спорттық сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін лицейде қажетті жағдайдың барлығы жасалынған. Әртүрлі спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс жасайды. Студенттер мен оқытушылардың дәстүрлі спартакиадалары өтіп тұрады. Колледж спортшылары бірнеше рет қалалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Жастардың өзін-өзі басқару органының ұйымдастыруымен білім алушылар мәдени-қоғамдық іс-шараларға белсене араласып келуде.

Колледж оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері де кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша өткізілген қалалық, облыстық байқауларда үнемі жүлделі орындардан көрінеді. Арнаулы пән мұғалімдері З. Ахметова және З. Сыздықова теориялық сабақтарын виртуалды қондырғы арқылы жүйелеп өткізуде. Болашақ мамандарды дайындауды өндіріспен ұштастыру лицей базасында оқу-машықтануларын өткізетін 5 компьютерлік сыныптарда, слесарьлық-механикалық, пісіру, электромонтерлер, ауылшаруашылық машиналары, аспаздар, ағаш өңдеу, техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылуда.

«ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жас­тар жетістігі» жобасы аясында «Лицей компаниясы» тұрақты жұмыс жасап келеді. Қызылорда қа­ласындағы еңбек нарығының жағдайы, оны зерттеу бағытында іс-әрекеттер жүйесі қалыптасып келеді. Колледж ұстаздары мен өндірістік оқу шеберлерінің жеке «даму бағдарламалары» қалыптасып, жүзеге асыруға қойылды.

Жыл сайын колледжден 160-180 түлек мамандық алып шығуда. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету лицей мен жұмыс берушілер арасында жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда. Сондықтан лицей бітірушілері өз мамандықтары бойынша түгелдей жұмыс орындарына орналасуда. Қазіргі таңда көптеген ірі өндіріс ошақтары лицейге қажетті жұмысшы маман кадр­­­­ларды дайындауға тапсырыс беруші болып отыр. Олардың арасында: «Мелиоратор» ЖШС, «КСМиК» ЖШС, «Сыр жарығы» ЖШС, «Вест-авто» ЖШС, «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Монтажспецстрой» ЖШС, «Торғай-Петролеум» ЖШС, «Қаз­Гермұнай» БК ЖШС, «КАМ», «Сырдариямұнай» ЖШС, тағы да ірі кәсіпорындар бар. Жоғарыда аталған кәсіпорындар лицейдің әлеуметтік серіктестері болып саналады. Мәселен, лицейдің ІІІ курс, № 39, 43 «Газбен және электрмен пісіруші» біліктілігі бойынша бітіруші оқу топтарының оқушылары үстіміздегі жылдың 12 наурызынан бастап екі-жақты келісімшарт негізінде «Мон­тажспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оқу орталығында диплом алды және өндіріс­тік машықтануын өтуде. Лицеймен әлеуметтік серіктестік қатынастағы кәсіпорындар мен ұжымдардың көптеген білікті мамандарының өндірістік-технологиялық диплом алдындағы практикаларға және диплом жұмыстарына жетекшілік жасауы, диплом қорғауда, мемлекеттік

87

біліктілік комиссияларының төрағасына, диплом жұмыстарына, жобаларына пікір беріп, бағалауы, дайындалып жатқан мамандардың білім мен біліктілік сапасын көтеруге ықпал етеді және лицеймен ынтымақты жұмыс жасауға үнемі мүдделілік танытып келеді. Мысалы, көп жылдар бойында лицейдің әлеуметтік серіктестері болып келе жатқан облысымызға танымал ең ірі кәсіпорындар – «Торғай-Петролеум» ЖШС, «ҚазГермұнай» БК ЖШС оқу-материалдық-техникалық базаны нығайтуына, тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың материалдық тұрғыдан орасан зор көмек көрсете отырып, сапалы білім алу мақсатында ықпалдарын тигізіп келуде.



Колледждің кітапханасы бай. Оқушылар қажетті оқулықтар мен кітаптарын алып отырады. «Аруна», «Алматыкітап», «Атамұра», «Жазушы», «Арман ПВ», «Фолиант» баспаларынан шыққан кітаптар мен Сыр елінің жергілікті ақын-жазушыларының шығармашылығынан топтастырылған 160 томдық «Сырдария кітапханасы» лицей кітапханасының қорына келіп түсті.

Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін, оқулықтарын жазғызып алып, білімдерін толық­тырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізді.

Ұстаздар мен оқушылардың төл басылымы ай сайын «Лицей тынысы» газетін шығарады. Онда өткізілген іс-шаралар мен ашық сабақтар, көпшілік жұмыстар талданып отырады. қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін арттыруда баспасөз өкілдерімен, жалпы БАҚ-пен қарым-қатынас байланыс нығайған. Осы жерде болып жатқан кештер, мәдени шаралар, сайыстар, т.б. тыныс-тіршілік БАҚ-та жарияланып отырады. Сондықтан колледжде Елбасы тапсырмалары мен Білім және ғылым министрінің міндеттемелері барынша тыңғылықты орындалып жатыр деп сеніммен айтуға болады.

//Айқын.-2013.-14 наурыз.-10б.

88

Жасыл энергия – ЭКСПО-2017-

Зеленная энергия –ЭКСПО-2017 -

Green energy –EXPO-2017

Светлана РАЗДОБА,

По стопам Герона Александрийского
Студенты Международного университета информационных технологий продолжают торить дорожку робототехнике: они готовят новое техническое задание для участия в Азиатско-Тихоокеанских соревнованиях роботов Robocon-2013".

Идея создания совершенного механического слуги волнует воображение человечества уже не одно тысячелетие. Как свидетельствуют источники, еще друт Платона, философ и математик Архит создал деревянного голубя, который мог летать и управлялся струей пара. А в Поднебесной уже во II веке до нашей эры разрабатывались сложнейшие музыкальные механизмы, которые мастера обьединяли в полноценные оркестры. С тех пор было создано немало удивительных механизмов, однако, как уверяют знатоки вопроса, ни механический Лев Леонардо да Винчи, ни "говорящая голова" Альберта Великого, ни множество других дерзких замыслов средневековых изобретателей не оказали никакого влияния на развитие прикладной робототехники, и "действительно ценные идеи остались в тени". Что означает-

нет пределов техническим достижениям, особенно при наличии неординарных решений.

Впрочем, ребята из МУИТ делают только первые шаги в области робототехники. Их "первый бал" состоялся в прошлом году на конкурсе КоЬосоп в Гонконге, ежегодно собирающем команды из 12 стран мира.

Соревнования роботов - это не статичная экспозиция и не эффектная выставка киборгов и андроидов. Здесь от автомата требуется быстрое и точное исполнение определенных заданий. На человеческий взгляд, совсем не сложных - опустить фишку в приемник, перевезти корзину, преодолеть мост, затем туннель, забросить "булочки" в корзину. Но вот как "научить" этому пучок проводов на колесах?

В университетской лаборатории шумностайка у мониторов, "спец" за фрезерным станком, на доске - графический план работ для робота, а в центре - он, похожий на детёныша трансформаторной будки, поставленного на ролики.

- Это внеконкурсный образец, - представляет нам "детёныша" один из его создателей четверокурсник Галымжан Мусагалиев. - Мы сделали его для себя, после того как в Гонконге увидели роботов на трехколесной платформе. Их шасси гораздо мобильнее и маневреннее. При наличии специальных колес такой робот может двигаться по любому вектору. Конструкция не новая, но нам интересно было повторить этот опыт. Параллельно собираем двух роботов для "КоЬосоп-2013". На этот раз конкурс будет проходить во Вьетнаме. И если полгода назад на соревнованиях нас было трое, то в этом году наш университет надеется объединиться с другими техническими вузами страны, чтобы провести республиканские отборочные соревнования, как это принято в мировой практике. Например, на базе Назарбаев Университета есть хорошо

89

экипированная лаборатория робототехники. Значит, есть студенты, I которые занимаются этой областью знаний. Если получится организовать у нас нечто вроде российского финала «Робо фест», то в Дананг поедет более многочисленная команда казахстанских студентов инженерных факультетов.



По мнению Галымжана, в числе ближайши: конкурентов отечественной сборной на соревнованиях можно рассматривать команду россиян. Если "умники" из Китая и Японии безоговорочно царят на этих миниполях технических сражений, то "братья по разуму" из России находятся в пределах досягаемости для казахстанцев.

Нет пределов техническим достижениям, особенно при наличии неординарных решений

Ежегодный Всероссийский робототехнический фестиваль "РобоФест" завершает цикл окружных и региональных соревнований и является площадкой для 19 различных видов состязаний. Кроме того, "РобоФест" - это национальный финал для выхода российских команд на международную арену в таких соревнованиях, как FIRST АВU ROBOCON и Международные состязания роботов.



FIRST

Североамериканские всемирные соревнования роботов

Организация FIRST (Ғог Іnspiration and recognition in Science and Technology-"Развитие и поощрение интереса к науке и технике") была основана изобретателем Дином Кейменом, чтобы пробудить интерес молодых людей к науке и технике.



ABU ROBOCON

Азиатско-Тихоокеанские соревнования ро- ботов. Конкурс основан в 2002 году Азиатско-Тихоокеанским вещательным союзом (АВІІ) и направлен на создание дружественных отношений между командами молодых разра- ботчиков из разных стран и развитие технологического професса в регионе.




Международные роботов (МСР)

Соревнования для школьников в воз- расте от 10 до 17 лет, проводимые по правилам World Robot Olimpiad. Первый фестиваль состоялся в 2004 году в Сингапуре, сейчас в нем участвуют более 1000 талантливых ребят из 32 стран.

Олимпиада представляет собой соревнования LEGO-роботов трёх разных категорий: основной, творческой и футбола. Для основной категории задача заключается в сборке и программировании робота, который должен выполнить определенное задание: размеры робота стандартно ограничены: 25x25x25 см. Участники творческой категории готовят проект на заданную тему.

//Класс Тайм.-2013.-№9.-С.6
90
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

Ұлы дала картасы
Төрткүл дүние көз тіккен әйгілі ЭКСПО көрмесінің 2017 жылы еліміздің елордасында өтетіні күллі қазақстандықтарды шексіз қуанышқа бөлегені белгілі. Айтулы оқиғаға орай еліміздің барлық жерлерінде дерлік бүгінде белсенді іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі де, бірегейі кеше елордадағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде болған ауқымды ізденіс шарасы дер едік. Университет студенттері ЭКСПО-2017 құрметіне арнап өз қолдарымен еліміздің топырақ ерекшеліктерін қамти отырып, Қазақстан картасын жасапты.

ЭКСПО-2017 көрмесі – ел мерейін өсіретін ұлы шара. Бұл шараны әсіресе, жастар қолдауда. Бүгінгі жиынға университет басшылығының ешқандай қатысы жоқ. Бұл студенттердің өз бастамалары мен идеялары, – деді аталған шарада сөз алған университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев. Сондай-ақ, ол Елбасының 2050 Стратегиясын іске асыруда жастардың атқарар жұмыстары ерекше екенін де назардан тыс қалдырмады.

«Қазақстанның топырақ картасы» тұғырнамасының ұзындығы 161, ені 91 сантиметр. Ал картаның өзінің ұзындығы – 103 сантиметр. Бұл аталған сандардың мәніне келсек, 161 көрмені өткізу туралы сайлауға қатысқан елдердің санын білдірсе, оның ішінде 103 мемлекет Қазақстанда көрмені өткізуді қолдап дауыс бергенін, ал 91 саны еліміздің тәуелсіздігін жария еткен жылдың символын білдіреді екен. Тұғырнамада Қазақстан картасынан басқа Алатау, Ұлытау, Жұмбақтас, Алтай тауларының жобасы қолдан құрастырылған. Бұл – «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халықтық қағидаға саяды.

– ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің жүзден астам мемлекеттері мен бірнеше халықаралық ұйымдар қатысады. Олар ұлттық төл мәдениетімізбен және еліміздің экономикалық, технологиялық даму деңгейімен танысады. Осы ретте біз көрменің ажырамас бөлігі – ұлтымыздың ұлылығы мен еліміздің айшықты жетістіктерін әлемге паш етуіміз керек, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Студенттер белсенділігімен ұйымдастырылған шара бірінші курс студенті Анастасия Булахтың көрермендер алдында салған көрме келбетін өрнектеген суреті мен «Шаттық», «Қызғалдақ» би топтарының өнерлерімен өз жалғасын тапты.

//Егемен Қазақстан.-2013.- 2 наурыз.-8б


91



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет