Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері



бет1/5
Дата05.11.2023
өлшемі31.14 Kb.
#482402
  1   2   3   4   5
1-ОСӨЖ




Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері

1-ОСӨЖ



Тексерген: Калыбаева А.Ж.


Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

  • Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары.

  • Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері мен типтері.

  • Көшпелілердің шаруашылығының жіктелуі, дамыған аймақтары.

  • Көшпелілердің өмірі мен тұрмысы,мал түрлері.

  • Көшпелі мал шаруашылығында жыл мезгілдеріне байланысты көші қон,және баспана түрлері.

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиеттер


Көшпелі өркениет дегеніміз не?
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяс қауымдастығы және өркениеті. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады.

Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары
Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал «Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?» деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: «Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты», — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет