Ќазаќстан экологиоясы


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы



    1. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі кезде адамзат барған сайын белең алып жатқан қоршаған орта жағдайының күрт нашарлауы және табиғи ресурстарының сарқылуы проблемасына тап болды. Экологиялық проблемалар Қазақстанда да баршылық. Территориясының басым бөлігі аридті (қуаң) белдемге жататындықтан Қазақстанның экожүйелері осал және оңай зақымдалады. Қазақстан Республикасының экологиялық ауыртпалықтарының түбінде ұзақ уақыт бойында табиғатты пайдаланудың қарқынды технологияларының қолданылуы, пәрменді мемлекеттік бақылаудың болмауы және табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғаудағы жіберілген өрескел қателіктер жатыр. Осылардың барлығы Республиканың көптеген аймақтарында ауыз судың жетіспеушілігіне, су көздерінің, топырақтың, атмосфераның ластану деңгейінің жоғарылауына, ақырында өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылып кетуіне әкеліп соқты. Бірқатар аймақтар (Арал және Каспий теңіздерінің бассейнінде, Орталық және Шығыс Қазақстанда) қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасып отыр.


Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты, экологиялық заңдылықтарды білмей шешу мүмкін емес. Осыған орай, экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау керек.

«Қазақстан экологиясы» пәнінің негізгі мақсаты студенттердің «экология негіздері» пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп және дамытуға негізделген.


Курстың міндеті: студенттерді адамның қоршаған ортаға антропогендік іс әрекетімен байланысты экологиялық проблемалар айналысында таныстыру. Қазақстан территориясындағы ауа бассейінің, топырақтың және су қорларының ластануына байланысты нақты экологиялық мәселелер, олардың пайда болу себептері, зардаптары мен оларды қалпына келтіру, одан әрі жол бермеудің ғылыми негіздері мен практикалық іс тәжірибелері тұрғысында жан-жақты білім беріледі.
Сондықтан аталған курс өзінің мазмұнын ашу үшін және адамның антропогенді іс-әрекетімен туындаған нақты экологиялық мәселелерді түсіну үшін Қазақстан аймақтарындағы экологиялық ақуалды талдау бағыттары алдында төмендегідей мәселелерді қояды:

  • ауа бассейнін, суды, топырақты пайдалануда жалпы қалыптасқан экологиялық проблемалар, олардың пайда болу себептері және оларды шешу жолдары;

  • Қазақстанның өзіне тән экологиялық проблемалары, оларды талдау мен шешу жолдары;

  • Экологиялық апат аймақтардың пайда болу себептері (Байқоңыр, Арал, Балқаш, Семей т.б. мысалдарында).

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер білу қажет:

  • экологиялық проблемалардың пайда болуының негізгі себептері мен зардаптары;

  • Қазақстан территориясында қалыптасқан экологиялық жағдай;

  • экологиялық проблемаларды жою тұрғысынан бірлесіп қабылданған үкімет деңгейіндегі заңдар мен қаулы шаралар.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет