Бағдарлама
Кіріспе
«Қазақстан экологиясы» пәін зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар. Антропогендік іс-әрекет. Антропогенді бұзылған аймақтарға сипаттама.
Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық жағдай және оларды бағалау.
Табиғи-климаттық аймақтардың ерекшеліктері. Экожүйелердің алуантүрлілігі. Аридті (қуаң) белдеулік белдеу экожүйелерінің сипаты мен ерекшеліктері. Экожүйелерді есепке алу, талдау және бағалау әдістері (биологиялық өнімділігі, төзімділігі және т.с.с.).
Биосфера құрылымының антропогендік ластануы. Ауа бассейінің экологиялық жағдайы. Атмосфера ластануы және халықтың денсаулығына әсері. Атмосфераның ластануының климатқа әсері. Озон қабықшасының жұқаруы, қатқал жиқандар, жылу эффектісі мәселелері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ОРТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРНЫҚСЫЗДЫҚҚА ҰШЫРАҒАН АЙМАҚТАРЫ
Сырдария өзені мен Арал теңізі бассейіндері
Сырдария өзені мен Арал теңізі бассейіндерінің тарихына қысқаша шолу. Арал теңізінің деңгейінің неолит дәуіріндегі, қола дәуіріндегі, ерте және орта ғасырлардағы өзгерістері мен ауытқулары. Арал дағдарысының негізгі себептері. Теңіздің 1960-2000 жылдар аралығындағы төмендеу динамикасы. Арал дағдарысының экологиялық зардаптары: теңіз деңгейінің төмендеуі және су көлемінің кемуі, судың тұздылығының артуы, теңіздің биологиялық өнімділігінің кемуі, климаттың өзгеруі, жерасты суларының деңгейінің төмендеуі, биологиялық әр алуандылықтың кемуі, топырақтың сортаңдануы және т.б. Келген шығындарды экологиялық-экономикалық тұрғыдан бағалау. Арал апатының әлеуметтік – экологиялық зардаптары. Аралды құтқарудың ықтимал жолдары.
Каспий теңізі жүйелерінің ыдырауы
Каспий теңізі бассейні. Каспий теңізі деңгейінің ауытқуларының негізгі себептері. Каспий теңізінің деңгейінің қазіргі кезеңдегі жоғарылауы және оның салдары. Каспий теңізінің суының мұнай өнімдерімен, фенолдармен, пестицидтермен ластануы. Каспий теңізі экожүйесінің ыдырауынан келетін экологиялық-экономикалық шығын. Каспий теңізінің ластануының аймақтық флорасы мен фаунасына жағымсыз әсері. Қарашығанақ және Теңіз мұнай кеніштері, олардың қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсері. Каспий аймағындағы экологиялық ахуалды жақсартудың ықтимал жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |