Ќазаќстан экологиоясы


Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық проблемалары



бет6/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық проблемалары
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық ахуалы. Балқаш көлі экожүйесінің нашарлауының негізгі себептері. Балқаш маңы аймағының одан әрі тозуының алдын алу жолдары.


Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы
Топырақтың құндылығын төмендететін факторлар: топырақ эрозиясы, тұздануы, шөлейттену, пестицидтермен ластануы. Ауыл шаруашылығында химикаттарды пайдалануды қысқартудың жолы. Топырақ қорларын қайта қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар.


Су ресурстары олардың экологиялық жағдайы
Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы. Судың ластануының негізгі жолдары. Судың тазалығын бақылау. Су ресурстарының ластануына қарсы қабылданған шаралар.
Өсімдіктер әлемінің экологиялық жағдайы
Орман байлығын қорғау жолдары. Антропогендік факторлардың әсерінен олардың жағдайының нашарлауы. Сирек және дәрілік өсімдіктер және оларды қорғау қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар.


ЛАНДШАФТАРДЫ ҚОРҒАУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы - қорықтар ұйымдастыру.


Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор (оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палеонтологиялық), 5 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар. Әрине, біздің территориямыздың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлер барлық жердің 3 %-ін қамтиды. Мұның өзі табиғат қорғау проблемасының өз шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен, соңғы жылдары Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, Алтын-Эмель, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатауы ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы.
Ландшафтарды қорғаудың он категориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар, табиғат ресурстарының резерваттары (қоры), биосфералық қорықтар, микроқорықтар (омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктерге арналған), табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.
Қандай да болмасын табиғат байлықтары, мейлі ол өсімдіктер дүниесі, я болмаса түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі, бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі. Неге десеңіз, қазіргі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Олар кері әсер етпеу үшін, адам ғылыми техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет. Яғни, табиғатта өтетін түрлі экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды барлық компоненттерімен қамқорлыққа алған жөн.
Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. өздеріңізге белгілі олардың арасында туған өлк топырағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлері мен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен. Қайткен күнде де олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау, мол міндеттер жүктейді. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы – ол, қорықтар мен табиғи парктер, қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық парктер мен хайуанат парктерін құру. Осы аталған табиғат лабораторияларына жүктелген жауапкершілігі мол игі істер жайын қарастырып көрелік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет