Глоссарий
Экология – жер бетіндегі тірі организмдердің өзаралық байланысы және олардың тіршілік ортасымен үздіксіз болып тұратын қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
Абиотикалық факторлар - өлі табиғат құрамының тірі организмдерге және қоршаған ортаға тигізетін әсер – ықпалдар жиынтығы.
Автотрофты организмдер – бейорганикалық заттардан жарық сәуленің көмегімен күрделі органикалық заттарды түзетін тірі организмдер тобы (өсімдіктер, қызғылтқошқыл бактериялар, көк жасыл балдырлар, фитопланктондар).
Агроценоз – адамның қолымен жасалған тұрақсыз мәдени өсімдіктер (бірлестігі).
Адаптация – табиғат аясында тіршілік құрып жатқан кез-келген организмнің немесе популяциялардың қоршаған ортаның алуан түрлі әсер ықпалдар жиынтығына бейімделіп кету жағдайлары.
Антропогендік факторлар – адамзаттың тіршілігіне байланысты қоршаған ортаның, биосфераның органикалық, бейорганикалық дүиесінде зор өзгерістер туғызып жатқан әсер – ықпалдар тобы.
Ареал – тірі ағзалардың жүйелік топтарының (түр, туыстық т.б.) белгілі бір бірлестік типінің, біртекті тіршілік жағдайларының, мекен орындарының таралу аймағы.
Атмосфера – жердің ауа қабаты, жер бетін аран тұрызы, сонымен бірге айналады. Құрамы механикалық газдар қоспасынан тұрады. (су тамшылары, шаң-тозаң, мұз кристалдары т.б.). Жер беткейіндегі құрамы азоттан (78,08 %), оттегіден (20,95 %), аргоннан (0,93%) және көмір қышқыл газынан (0,03 %) тұрады.
Атмосфераның жер бетінен 15 км биіктікке дейінгі аралығы тропосфера деп аталады.
Аэрозоль – қатты және сұйық түйіршіктерден құрылатын газ жүйесі. Табиғи аэрозольдер қатарына тұмын, өсімдіктер тозаңымен қаныққан ауа, шаңды ауа т.б. Улы аэрозольдер қолдан жасалынады. Зиянкес жәндіктерді жою үшін қолданады. Радиоактивті заттары бар, кремнезем, қорғасын, хромды мыңнан құралған және т.б. техникалық аэрозольдар өте қауіпті.
Биогендік элементтер – организм тіршілігінде маңызды роль атқаратын химиялық элементтер тобы: О, N, H, K, C, P, Ca, Mg т.б. осы элементтер ішінде ағзаның 70 % массасын оттегі құрайды, көміртегі – 18 %, сутегі – 10 %.
Биогеоценоз – біртекті табиғи құбылыстардың белгілі бір жер беткейіндегі жинағы (атмосфера, таз жыныстары, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер дүниесі, гидрологиялық жағдайлар, топырақ). Биогеоценоздарды құрайтын компоненттер ерекше, олардың өздеріне тән энергия алмасу процесі және зат алмасу құбылыстары бар, ұдайы қозғалыста, дамуда болады.
Биологиялық айналым – жер бетіндегі организмдердің тіршілік қызметін қамтамасыз етуіне байланысты жүретін заттардың биотикалық айналымы.
Биологиялық алуантүрлік – жер бетінде жануардың 1,5 млн. Астам түрлері, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлері, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің жүз мыңынан астам түрлері тіршілік жасайды.
Биосфера – тірі организмдердің жиынтық қызметіне байланысты құрамы, құрылысы және энергетикасымен анықталатын жер шарының ерекше қабаты.
Гербициттер – арам шөптерді құрту үшін қолданылатын улы заттар.
Гидросфера - Жердің су қабаты, жер шарының барлық сулар жинағы (сұйық, қатты, газ тәріздес).
Гомеостаз – табиғи жүйелердің ішкі динамикалық тепе-теңділік күйі.
Деградация – белгілі бір объектінің қалыпты жағдайынан ауытқуы.
Инсактицидтер – егіс шаруашылығы дақылдарының зиянкес жәндіктеріне қарсы қолданылатын арнаулы улы химикаттық зат.
Концероген – организмде аса қауіпті ісік ауруларын туғызатын физикалық – химиялық агептар. Көбінесе антропогендік әсерлерден туындайтын заттар.
Ксенобиотиктер – тірі организмдердің тіршілігіне қауып төндіретін бөгде заттар мен қосылыстар.
Литосфера – жердің қатты жоғарғы қабатты, яғни Жер қыртысы мен оның бетіне төселе жатқан жоғарғы бөлігі.
Мониторинг – уақыт және кеңістік аралығында алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес белгілі бір көзделген мақсатты қоршаған ортаның бір немесе бірнеше элементтерін қайталап бақылау жүйесі.
Пестицидтер – ауыл шаруашылық өнімдерінде, өсімдіктер мен жануарларда түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерге, басқа да материалдар мен бұйымдарды бүлдіретін зиянкестерге, паразиттерге қарсы қолданылатын улы химикаттар.
Радиоактивті қалдықтар – атомдық энергияларды өндіріп алу кезінде және оларды белгілі бір бағыттарда пайдалану кезінде пайда болатын қалдық заттар.
Смог – шаң түйіршіктердің қалың тұманмен араласқан қалпы.
Технологиялық кризис – адамзаттың ғылыми – техникалық прогрестің жоғарғы деңгейіне жетуіне байланысты техносфераның қарқынды дамуы, яғни технологиялық апттардың жиілігі мен ауқымның жоғарылауына байланысты сыртқы ортаға үлкен қауіп туғызуда.
Тропосфера – атмосфера қабатының негізгі бөлігі, төменгі жер бетіндегі алуан түрлі әсерлерге ең көп ұшырайтын, жалпы тіршілік аймағы болып саналады.
Түр – тірі организмдер жүйесіндегі негізгі құрылымдық бірлік, көбінесе бір түрді құрайтын популяция особьтарының жиынтығын қарастырады, олар белгілі бір территорияны мекендеп, бір-бірімен еркін шағылысып, ұрпақ жалғастыра алатын ұрпақ береді.
Утилизация – қалдықтарды пайдаға асыру. Тұрмыстық қалдықтарды пайдалану – металдарды және жанбайтын компоненттерді бөліп алу, органикалық заттарды жағы немесе ашыру арқылы энергия алу үшін және құрылыс материалдарды өндіру үшін шикізат алу, атмосфераға бөлініп шыққан қалдықтарды пайдаға асыру. Мысалы, түрлі түсті металлургияда (күкірті бар) газдардан күкірт қышқылын алу; өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру, оларды екінші шикізат ретінде пайдалану, отын ретінде, тыңайтқыш ретінде және басқа мақсаттарда пайдалану, өндірісте пайдаланған суды тазалап оны суғару мақсатында пайдалану т.с.с.
Фауна – белгілі бір шектелген территориялардағы тіршілік жасайтын жануарлар жиынтығы.
Флора – ббелгілі бір аймақтағы, өсімдік түрлерінің тобы.
Фреондар – адамдардың қызметіне байланысты пайда болған тез көтерілетін жеңіл, ұшқыш галоген құрамды заттар. Бұлардың қатарына фторхлорлы көмірсутектер, галогендер, тетрахлорметан, метилхлороформ т.б. жабады. Көбінесе бұлар тұрмыстық, өндірістік мұздатқыштарды, ауыл шаруашылығында аэрозольдар ретінде және т.б. мақсаттарда қолданылатын заттар. Озон қабатының бүлінуі негізгі осы заттарға байланысты.
Фунгицидтер – түрлі инпризиттік саңырауқұлақтардың өсімдіктерде туғызатын ауруларына қарсы қолданылатын улы химикаттар.
Экологиялық кризис – адамзаттың Жер бетіндегі тіршілігіне шек келтіретін орасан зор қауып, яғни бүкіл әлемдік проблема.
Эрозия – жер бетін бүлдіріп бұзатын процестер жиынтығы. Мысалы, эрозия желдің, судың ( теңіздің) қардың, жайылымның әсерлерінен туындайды. Топырақ эрозиясы – топырақтың беткі құнарлы қабатының бұзылып жайылуы және топырақ бетіне төселінген топырақ құртушы элементтердің сумен шайылып келуі немесе желдің әчерінен ұшып кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |