Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет170/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
251
Екінші топтағы хаттар жергілікті газет журналдарға, белгілі қаламгерлерге, интеллигенция 
өкілдеріне жазылған жеке және ұжымдық хаттар болып бөлінеді. Мәселен жыр алыбы 
атанған Жамбылға майданнан хаттар көп келген. Қоршаудағы Ленинград халқы Жамбылдың 
«Ленинградтық өрендерім» жырын жарға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. 
Жамбыл ақын жауынгер хаттарына жырмен жауап беріп отырған. Толассыз хат толқынын 
жауапсыз қалдырмау мақсатымен майдандық газеттер «Жамбылдың почтасынан» атты 
хабар беріп тұратын болды. «Жауды жоюға» «Майдандағы қызыл әскер» газеті 1943 жылғы 
20 ақпанда 13 (549) санында «Жамбылдың поштасы» аталатын мақалада былай деп жазды: 
Артиллеристер Қалиякбар Қыздарбеков және Егор Удалов өз батареясының атынан «Қымбатты 
ақын сіздің өлеңдеріңіздің бізге қаншалықты қажеттігін айтып жеткізу қиын. Өлеңдеріңіз бойға 
қуат бітіріп, жауды талқандауға рухтандыра түседі. Жаудың адам күші мен техникасын күні-
түні бірдей жойып жатырмыз. Фашистке бұдан да қатты күйрете соққы беретіндігімізге сізге 
сенім береміз» – деп жазады [3]. Комбат Бекішев Хакім Сабит Мұқановқа жазған хатында: 
«Ақтөбедегі ұлттық бригада комбат болып қызмет етеміз. 23.2.41 – Қызыл Армияның жиырма 
төрт жылдық тойын неміс басқыншыларымен күресіп отырған уақытта өткіздік… жуырда 
майданға аттанғалы отырмын. Сәке, жұмысшы кедей табына жарық күн туғызған партия 
үшін, болашақ өмір үшін қызмет етемін. Керек болған уақытта қанымды, жанымды құрбан 
етем. Інің Хакім» [4]. Дәл осындай Жасақбаев Ғұзайырдың хатында «Бүгін комбат екеуміз 
кезекті «аң аулауға» аттанып, ең алдыңғы қатардағы бір зәулім теректің басына шығып алып 
отырдық. Көп отырдық. Көзге ештеңе түсе қоймады. Біз отырған жерден… 150-200 метрден 
дұшпан шебі басталады. Дүрбімен қадағалап-ақ қараймыз… ақыры іліктірдік. Қолда отырған 
телефон арқылы команда берілу-ақ мұң, ызаланған артиллеристер зеңбіректің зәрін төге түсті. 
Сөйтіп, бүгін жиырмадан аса қаңғып келген фашистің жанын келмеске кетіріп, бір машинасын 
талқандап: – «Аздау соқты-ау» деп қалжыңдап отыр едік комбат екеуміз» – деп жазады [5]. 
Майдандық хаттардың мұндай түрін жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, елді жауға 
қарсы күресте, жеңісті жақындатуда аянбай еңбек ету, қазақстандықтардың майдандағы 
ерліктері, олардың елге деген сағынышын білдірген өлең хаттарда құрайды. Бұл хаттарды 
публицистикалық хаттар деп те атауға болады. Бұл топқа жататын майдандық хаттар мерзімді 
басылымдарғаредактордың қайта редакциялауынан өткеннен кейін ғана жарияланып отырды. 
Сонымен қатар, майдангерлердің елдегі және майдандағы оқиғаларға жеке көзқарастары, 
эмоциялық пікірлері жазылған хаттары болды. Олар сол кезеңдегі қатаң партиялық цензуралық 
тексеруден өтті. Сол кезеңде мерзімді басылымдарға майдандағы, әскердегі қиыншылықтар 
жөнінде кейбір шынайы оқиғалар жазылған хаттар мүлдем жарияланбады, тіпті оларды сол 
мезетті жойып отырды. 
Үшінші топтағы хаттар – майдангерлердің отбасына, жақын туыстарына, достарына 
жазылған хаттары. Бұл хаттар сол бір ел басына күн туған қатерлі шақта еліне деген сағынышын 
баяндайтын, тума-туыс, туған жерге деген махабат пен жауды ертерек жеңіп елге оралсақ деген 
армандардан сыр шертетін хаттар. Кескілескен шайқастың ортасында жүріп ұрыс арасында 
қолы қалт еткенде жанын шүберекке түйіп отырып жазған осы хаттар майдангердің елге деген 
шексіз сағынышын білдіреді. Бұл көздің жасы сіңген хаттарда түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат 
пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар.
Бұл топтағы хаттардың ерекшелігі – мерзімді басылымдардағы құрғақ арнайы мәліметтер мен 
репортаждарға қарағанда, кескілескен ұрыс арасында әрбір әріпін әдемілеп, сөздерін жинақтап, 
сөйлемдерін мәнерлеп, майын тамызбаса да, майдан алаңында болып жатқан оқиғаларды және 
хат иесі туралы нақты мәлімет береді. Осы сақталған майдан хаттарының арқасында бізде 
сұрапыл соғыс жайлы майданда өткен әрбір күн жайлы түсінік қалыптасады. Сонымен бірге 
майдандық хаттардың ішінде жүрек тебіренісін өлең жолдарымен білдірген жауынгерлерде 
көп болған. Солардың бірі Жаңақорған ауданы, «Екпінді» ұжымшарының тұрғыны Пазылбек 
Қалыбековтың майданға аттанып бара жатып, 1942 жылғы 15 шілдеде өлеңмен жазған хаты. 
Хат былай басталады:


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
252
Аттанып кетіп барам майданға мен, 
Қоштасып алтын бесік қайран елмен. 
Мен бәлкім оралармын, оралмаспын, 
Артымда белгі болып қалсын өлең,
– деп одан әрі майдандағы сәтін былай деп өлеңмен жырлайды:
Аз қалды алғы шепке аттанармыз, 
Демеңдер кетті ғой деп хат-хабарсыз. 
Бұл күндер көшкен бұлттай өте шығар, 
Қауышып аман-есен шаттанармыз,
– деп аяқтайды. Пазылбек соңғы хатын 1943 жылы шілдеде жазып, содан хабарсыз кеткен [6].
Бұл хаттардан хат иелерінің жүрегінде Отанына деген үлкен сүйіспеншілік пен жауларына 
деген өшпенділіктен басқа өздерінің уайым-қайғысы, қуанышы мен арман-тілектері бар 
қарапайым адамдар екенін түсінеміз. Жауынгерлердің бір мезгіл тыныс алған кездерінде 
окопта отырып жазған үшкіл хаттары ауылда қалған аналары мен сүйген жарларының, іні-
қарындастарының көңіл-сенімдерін нығайтып, Жеңіс жолындағы еңбекке деген құлшыныстарын 
арттыра түскен.
Майданнан келген хат – бір отбасының жәдігері. Өкініші, сол хаттардың көпшілігі бүгінде 
сақталмаған. Сондықтан да Ұлы Отан соғысының тарихын тереңінен зерттеу, соғыстың 
беймәлім тұстарын аша түсу, аға ұрпақтың ерлігін жастарға үлгі ету,соғыс тағылымдарын 
жаңаша зерделеу, тарихшылардың міндеті мен парызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет