«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
255
және басқа да «Прометей» мүшелерінің ортақ іс-шаралары нәтижесінде Парижде 1934 жылы
11 мамырда «Кавказия, Түркістан және Украина халықтары достық комитеті» құрылды.
Украиндық А.Шульгин төраға болып сайланған комитеттің алағашқы бас қосуында Мұстафа
Шоқай төраға орынбасары болып сайланған.
1931 жылы Шығыс Түркістандағы Құмыл аймағында халық көтерілісінің бастауымен
бірге Мұстафа Шоқай мен «Яш Түркістан» ұйымына тағы да бір міндет жүктелді. Ол Шығыс
Түркістан ұлттық майданын жүргізу міндеті еді. Мұстафа Шоқай Түркістан ұлттық майданын
таныту үшін Еуропаның ең үлкен саяси және мәдени орталықтарында, атап айтсақ Париж бен
Берлинде, Варшава және Лондонда бірер конференция өткізеді. «Яш Түркістанда» Шығыс
Түркістан мәселесіне қатысты маңызды құжаттар да жарияланады.
Міне, Мұстафа Шоқайдың осыған ұқсас әрекеттері нәтижесінде шетелдегі түрік халықтары
мен озбырлық көрген өзге ұлттар өз араларындағы мәдени және саяси байланыстарын нығайтып,
коммунизм мен фашизмге қарсы басқа да саяси топтармен ынтымақтастығын арттырды.
Грузин, украин және казактар белсенді түрде ат салысқан осы ұйым арқасында «Прометей»
тобы жаңа сипат алды. Осы уақыт аралығанда Мұстафа Шоқай асқан қажыр қайрат пен үлкен
саяси біліктілік нәтижесінде Түркістан ұғымын әлемдік саясат
сахнасында іргелі мемлекет
деңгейіне көтерді. Сол арқылы бұған дейін Еуропаның саяси ортасына беймәлім болып келген
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы үлкен маңызға ие болды.
Әйтсе де, 1939 жылы қыркүйекте Алманияның Польшаға басып кіруімен «Прометей» өте
маңызды қамқоршысынан айрылды. 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижді жаулап алуымен
мүлде қолдаусыз қалған журнал жабылуға мәжбүр болды. Польшаның басып алынуы және
оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөлініске түсуі, оның үстіне Алман-Кеңес
басқыншылық пакті «прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды.
«Гитлер де, Сталин де залым. Бірі – әсіре ұлтшыл, нацист, ал екіншісі – интернационалист
болып көрінгеніне қарамастан екуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», – деген Мұстафа
Шоқай достары А.Шульгин, Мір Якуб және Ное Жорданиямен бірге барлық отандастарын
Алман-Кеңес коалициясына қарсы бірігуге шақырды. «Прометей» журналының 1940 жылы
сәуірде шыққан соңғы нөмері финдердің қаһарманша табандылық танытуынан шабыт алып,
оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді [1, 18 б].
1939 жылы бұрқ еткен дүниежүзілік екінші соғыс Шоқайдың ес білгеннен бері халқы үшін
жүргізіп келе жатқан күресін тоқтатқандай болды. Соғыс кезінде Парижде кітап оқып, Гитлер
мен Сталиннің ақыры немен тынатыны жөніндегі сұраққа жауап іздеп жүргенде, 1941 жылы
маусым айында нацисттер тұтқындап концлагерьлерге алып кетті.
Оған Кеңес армиясынан
тұтқынға алынған Түркістандық әскерлерден алда құрылатын легиондарға басшылық жасау
ұсыныс етілді. Шоқай бұл ұсыныстан үзілді кесілді бас тартты. Өйткені оның алда жалда Кеңес
Одағын құлатып Түркістанды қолға түсіретін болса, Нацистердің еліне тәуелсіздік бермейтінін,
тіпті ол аймақты большевиктерден арман қанайтынын, әділетсіздік пен зұлымдық жасайтына
күмәні жоқ еді. Содан лагелерьлерден Париждегі үйіне қайтып бара жатқанда 1941 жылы 27
желтоқсанда Берлин қаласында беймәлім жағдайда көз жұмды және сонда жерленді [2].
Мұстафа Шоқай тоталитарлық жүйені барынша жек көрді. Гитлерді «нацист», Сталинді
«интернациолист» деп атағанымен екеуінің де саясаты зұлымдыққа негізделген деп түсінді.
Өзінің «1936» атты еңбегінде «Кеңестік Ресейде бар нәрсе тек Сталинге байланысты. Шошқалар
торайласа, сиырлар бұзауласа, егіннен мол өнім алынса –
осының бәрі Сталиннің арқасы,
қызметі болып табылады. Демек, бұл елде Сталинсіз шошқа торайламайды, бидай өсіп-өнбейді»
– деп Кеңестік жүйені қатты сынға алды. Бұл оның демократиялық көзқарастағы тұлға екенін
көрсетеді [3, 12 б].
1938 жылдың 28 қаңтарында Сталин мен Молотовқа КСРО ІІХК-нің Мемлекеттік қауіпсіздік
жөніндегі бас басқармасының 7-бөлімінен жапон генералы Саваданың Польшада ғана емес,
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
256
Парижде, Берлинде, Прагада, Бухаресте және Стамбулда «Прометей» ұйымымен байланыстар
орнатуда белсенді қимылдап жүргені жөнінде құпия хабар жеткізіледі.
Бұл бағыттағы мәліметтер, Кеңес өкіметінің Еуропадағы басқа бір барлаушысы арқылы
түскен жағдайда да, М. Айқарлының қаншалықты маңызды іс-шараларға жұмылдырылғанын
көрсетеді. Себебі, М. Шоқайдың «Прометей» ұйымында да
көрнекті тұлғалардың бірі
болғандығы анық. Ол туралы таратылған қауесеттерге, украиндықтар, грузиндер мен
әзірбайжандардың, түркістандықтар, башқұрттар мен татарлардың
осы ұйымда бастарының
түпкілікті қосылмауына, басқа да қиындықтардың туындауына кеңес барлауының қатысы
болғандығы көп дәлелді қажет ете қоймас [4, 58 б].
Қортындылай келе екінші дүниежүзілік соғыс туралы Мұстафа Шоқайдың өз сөзімен
түйіндейміз. «Сiздер, немiстер өздерiңiздi «Еуропадағы ең мәдениеттi халықпыз» деп
санайсыздар. Егер сiздердiң мәдениеттерiңiз менiң көрiп жүргендерiм болса, онда мен сiздерге
тұтқындардың шеккен азабын көрулерiңiздi тiлеймiн. Сiздер ХХ ғасырда өмiр сүре отырып,
ХIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстiңiздер.
Мәдениеттi халық
екендiктерiңiздi айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сiздер, осыған байланысты маған «ату» не
«асу» жазасын берсеңiздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмiр сүргеннен гөрi
өлгенiм артық».
Достарыңызбен бөлісу: