Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет169/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
250
очистить советскую землю от гитлеровской нечисти» деген мәтіндегі патриоттық сөздер де 
жазылған.
Соғыс жылдарында майдандық хаттардың келесі бір түрлері карточка хаттар мен пошталық 
ашық хаттар арнайы қатты қағаздан жасалды және көп жағдайда конвертсіз жіберіліп отырған. 
Ұлы Отан соғысы кезінде шыққан барлық пошталық карточкаларда карточкана даярлаған 
баспа туралы, карточка жасауға берілген сұраныс саны, оның шыққан жылы мен сату бағасы 
міндетті түрде жазылды. Барлық карточкалардың сыртында соғысты бейнелейтін үйіне 
хат жазып отырған автоматты жауынгер суреті немесе кішкентай қызды бауырына қысып
фашистерден қорғап тұрған кеңестік жауынгер бейнесі және ордендер, ленталар, мәңгі алау 
секілді иллюстрациялық, символикалық суреттер салынды. 
Ұлы Отан соғысы кезінде майданнан жазылған пошталық карточкалар, ашық хаттар мен 
ұшбұрышты хаттарда міндетті түрде шифрланған үш мөрдің түрлері кездеседі. Олардың бірі 
– КСРО далалық поштасының мөрі. Мөрде далалық поштаның нөмірі мен кеңестік биліктің 
символикасы болып есептелетін ортасында орақ пен балға бейнеленген қызыл жұлдыз суреті 
болды. Хат сыртында әскердің атауы мен түрі, олардың орналасқан жері туралы ақпараттар 
қатаң әскери құпия ретінде берілмеген. Ал, елден келген хаттар әскери бөлімнің далалық 
поштасының нөмірі бойынша жіберіліп отырған. Далалық пошта нөмірлері пошта қызметінде 
хат жіберуші және алушының мекенжайын білдіретін болған. Келесі мөрдің бірі хат қабылдаушы 
пошта қызметінің белгісі болды. Ол мөрде пошталық қызмет орнының индексі көрсетілді. 
Майдандық хаттардағы үшінші мөр – әскери цензуранының белгісі болды. Майданнан келген 
немесе майданға келген хаттар міндетті түрде әскери цензурадан өтіп тұрды. 
Қорғаныс комитетінің 1941 жылы 6 маусымдағы «Пошта-телеграф хабарлымдарына 
саяси бақылауды күшейту шаралары туралы» қаулысына сәйкес жауынгерлерге хатқа әскери 
мәліметтерді жазуға, кроссворд, шахмат түрінде шартты белгілерді қолдануға тиым салынды. 
Хат көлемі де төрт беттен аспау керек болды [1].
Отандық деректану ғылымы 1941-1945 жылдары майдан хаттарды мазмұнына қарай үш 
топқа бөліп жіктейді. Олардың біріншісі сауатты майдангерлердің Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне, 
билік органдарына жазған хаттары, екіншісі мерзімді басылымдарға газеттер мен журналдарға 
арналып жазылған хаттар, үшіншісі отбасына, жақын туыстарына, достарына жазылған хаттар.
Бірінші топтағы хаттарды «билікке хат» категориясына жатқызуға болады. Мұндай хаттар 
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қоғамдық, психологиялық көңіл-күйді білдіреді. Бұл хаттар 
біржағынан майдангерлердің сол кездегі елде қалыптасқан жағдайға байланысты халықтың 
рухын көтеру мақсатында жергілікті билік органдарындағы партия қызметкерлеріне жазылды. 
Отан тарихының жанашыры, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қорғаушысы Б. Момышұлы 
1943 жылы 18 наурызда Қазақ ССР Халық комиссарлары советінің төрағасы Оңдасыновқа 
жолдаған хатында қазақ солдаттарының бойында жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жөнінде 
өз ой-толғаныстарын былайша жеткізеді: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттардың 
бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік 
жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне көзім жетті. Өзімнің қолжазбамның 
жазылмаған тарауларының бірін жоспарымда: «Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін 
қазақтың игі дәстүрлері» деп атадым. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы 
дәстүрлер бүгінгі таңда қайта салтанат құруға тиіс. Халық даналығының алтын қазынасы біздің 
жетістігімізге айналып, біліміміз бен тәжірибемізді байытып, істерімізге қолқабыс жасауға тиіс. 
Тарихымызда даңқты қазақ жігіттері – Исатай, Махамбет, Амангелді және тағы басқалардың 
ерлік істері біздің қазіргі заманғы жігіттеріміздің дәстүріне айналуы керек – жастарымыздың 
оларды нашар білетіні қандай өкінішті десеңші» деп жазған [2].
Бұл топта сонымен қатар ұжымдық хаттар және жеке құттықтау хаттар, жерлестердің 
әскери ерлігі туралы хаттар, өтініш хаттар, алғыс хаттар құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет