Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет203/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. История Казахстана: белые пятна / Под ред. М.К. Козыбаева. – Алма-Ата, 1991; 
Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. – Алматы, 1998; Абуов Н.А. Депортации 
народов в Казахстан в 1936-1957 гг. – Караганда, 2008; Машимбаев С.М., Исова Л.Т. Проблема 
истории польских переселенцев в Казахстане (1936-1946 гг.) – Алматы, 2000. 
2. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 1999. – 286 с.
3. Волков А. Казахстанские поляки // Казахстанская правда. – 2006. – 3 марта. 
4. ГАПО Ф.646. – Оп.1. – Д.14. – Л. 6.
5. ГАПО Ф.646. – Оп.1. – Д.207. – Л.153.
6. ГАПО Ф.646. – Оп.1. – Д.26. – Л.10.
7. Аманова А.С. О некоторых аспектах истории поляков в Казахстане (на материалах 
Павлодарской области) / Материалы конференции, Павлодар, апрель 2015. – Павлодар, 2015. –
С. 224–229.
8. Соколкин Э. По секретному приказу: О депортации польских граждан в Казахстан // 
Звезда Прииртышья. – 1993. – 8 июня. – С.5
9. Живем в семье единой! – Павлодар, 2004. 
10. Павлодарская область: страницы новейшей истории. – Павлодар, 2012.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
299
 «АЛЖИРДЕ» АЗАП ШЕККЕН ӘЙЕЛДЕР
Ш.М. Темиржанова,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы,
Қ. Конурбаева,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті
Қарағанды қ., Қазақстан 
Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан 
орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін, 
ұлылығын дәріптеу үшін, елі мен отанының болашағына қасқайып қызмет еткен, ақиқатты 
ардақтап ту еткен, аяулы ұлтының біртуар азаматтары туралы, қазіргі тәуелсіз еліміздің 
болашақ азаматтарының бойына сіңіріп, азаттық пен ақиқаттқа жол сілтеу бүгінгі қоғамның ең 
өзекті мәселесінің бірі. 
Бүкіл өркениетті қоғамда болашаққа жол салу үшін өткенді еске алып отырудың қалыптасқан 
үрдісі бар. Осындай мәңгі есте сақтап, тағзым ететін, қиын-қыстау күндерді ұмытпай жүруге 
тиіс дәстүрлердің бірі – Елбасы Жарлығымен елімізде жарияланған 31 мамыр – саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күні [1,56].
Бүгінде тәуелсіздік алып, бүкіл төрткүл әлемге танылып отырған Қазақстанның өткен 
тарихында нәубетті кезеңдер аз болған жоқ. Мыңдаған ұлдарымыз бен қыздарымыз қуғын-
сүргін топалаңына ұшырап, сталиндік лагерлерде азап шекті. Қуғын-сүргінге ұшыраған 
талай боздақтарымыздың өздерімен қатар, олардың әйелдері мен балалары да лагерлер мен 
түрмелерде азапқа түсті, жоқшылыққа ұшырады.
Жиналған жүкті ірітіп бұзатын қара күйе деген болушы еді. Немесе егінді тып-типыл ететін 
көк шегіртке, саранша дегенді естуші едік. Халқына қызмет етушілерге «халық жауы» деп жала 
жабылуы ойланарлақ жағдай… Қаншама миллион адам артында ұрпақ қалдырмастан өмірмен 
қоштасты. Спартаның заңы секілді әлсіз, өмірге қабілетсіз жандар ғана таудан лақтырылған 
жоқ, керісінше қоғамға таңдап алынған адамдар жан берді. Яғни қоғамдағы ең білімді, нағыз 
дарынды, еңбек сүйгіш еркін ойлы, бір сөзбен айтқанда зиялы қауым саяси өмірден ажыратылды, 
аластатылды [2, 43].
Тарихқа қиянат осылай басталған. Оратылған арқанды шешу бір адамның қолынан келмесе 
керек. Егер ақылмен ойланып шешетін болсақ, оның түйіні көптің көмегімен, уақыты өткен 
қытымыр саясаттың сан-түрлі сыр сипаттамасы шешілетін сияқты.
Әй-шайға қарамастан «халық жауы» атанып ұсталғандардың отбасы мүшелері, туыс-
туғандарының қамауға алынуы жығылған үстіне жұдырық болды. Сәбилердің шад-шадыман 
күлкісі естіліп жататын базарлы үй мазарға айналды. Оған мыңдаған тұтқын әйел отырған 
Ақмола қаласының маңындағы сол кездегі ресми түрде лагерьлер Басқармасының 26-шы 
нүктесі куә бола алады.
Кезінде Ақмола құғын-сүргіннің нағыз орталығы болған. Талайдың өмірін тозаққа 
айналдырған 953 лагердің үшеуі еліміз аумағында құрылды. Қарағанды ГУЛАГ-ының құрамына 
енгізілген бұл тозақ мекемесінің атауы да құлаққа тосын естіледі – АЛЖИР. Сонда әр бір әрпін 
әліптесек «Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины» деген мағынаны білдіріпті. Оны 
қазақ тілінде тарқатып айтқанда «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері» деген сөз 
болып шығады. АЛЖИР лагері КСРО-дағы әйелдер қамалған жалғыз азаптау орыны болды. 
Қылмысты кодекстің 58-статьясының 17-ші тармағымен бас бостандығынан айырылып
сотталған сол бір аналар орналасқан «мекен жайының» атауыда адам шошырлық. Қайтып қана 
таң қалмассыз. Олар – біреудің әпкесі, біреудің қарындасы, ал екіншісінің анасы емес пе еді. 
Лажсыз сол аналар тағдырының ауыр жүгін арқалауға мәжбүр болды. Белең алған келеңсіздік 
мыңдаған, тіпті миллиондаған аналардың жүрегін мұздатты. Өздерінің әділ де таза екендігін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет