«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
301
отбасынан шыққан адамдар еді. Негізі, АЛЖИР тұтқындарының ішінде оқымағаны кемде-кем
болған, тіпті барлығы дерлік интеллигенция өкілдері болды [5, 89]. Лагерде әйелдер үшін еңбек
жағдайы аса ауыр болды, ешқандай санитарлық жағдай жасалмады, оқуға, тіпті, бір бірімен
тілдесуге тыйым салынды. Әсіресе лагерь
қабырғасында өлең жазуға, шығармашылықпен
айналысуға қатаң тиым салынған екен...
Ақмола түрмесіндегі сотталған әйелдердің қылмыстық істерінің басым көпшілігі 1
парақтан ғана тұрады. Сол бір парақтың өзінде де толық мәлімет жазылмай, тек қана: № 1092
іс: Байғанатова Татий, 1932 жылы ҚК-н 166-72 бағыттарымен сотталған. Жасы 45-те. Партияда
жоқ. Кедей. Колхозда жұмыс жасайды. Байғанатов Мақсұтпен бірге ат ұрлаған [6]. Ол кісінің
арғы қарайғы тағдыры беймәлім. Себебі басқа мәлімет жоқ. Қылмыстық істердің кейбірінде
жазаға тартылған әйелдердің
бармақтарының ізі басылып, түр-сипатына (шашының түсі,
бойының ұзындығы және т.б.) қысқаша анықтама берілген. Сонымен қатар өзге аймақтардан
арнайы жер аударылған әйелдер де қудалауға көп ұшыраған. Қазақстанға жер аударылып, өзге
аймақтардан сотталып келген өзге ұлт өкілдеріне «шетелдік шпион» ретінде қарау үрдіске
айналған. «Алжирліктердің» кейбіреулері ғана осы тозақтан аман шықты, көпшілігінің мән-
жайынан еш дерек жоқ.
«Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерін» 1953 жылы Сталин өлгеннен
кейін жапты. Көптеген әйелдер Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ бостандыққа
шықты [7, 76].
Тәуелсіздікке қол жеткелі бері
көптеген деректер жарияланып, ақиқаты анықтап жүр.
Лагерьде азапты күн кешкен аналарды білген сайын ет жүрегің елжіреп, өзегің өртенбей тұра
алмайсың. Қуғын – сүргінге ұшыраған аналарымыздың қайратты, қайсарлы, сабырлы, өжет те
мінездерін саралай келіп, өмірге деген құштарлығын, аналық мейірімін көрсете білді. Осындай
батылдықты, батырлықты, шыдамдылықты, көзбен көре оқып талдай келе сөзбен де жеткізу
өте қиын [8].
Халықта: «тарихын білмейтін елдің болашағы бұлыңғыр» демейме. Сол себепті болашаққа
қадам басу үшін әрине өз тарихымызды ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар оны ешқандай
бұрмаланусыз келешек ұрпаққа жеткізу біздің негізгі парызымыз деп есептеймін! Біз
Қазақстан жастары өз елімізге деген сүйспеншілігімізді өз еңбектерімізбен, салауаттыты өмір
салтымызбен, ой ұшқырлығымызбен көрсете алсақ, келешекте Отанымызға деген патриоттық
сезімізді өнертапыштықпен жеткізе алсақ дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: