Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет205/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Д.Мақат. «Қазақ зиялыларының қасіреті». – Алматы, 2001.
2. Тасымбеков А. «Жан дауысы. АЛЖИР архипелагі», 1994.
3. Армиял Тасымбеков. «Жан дауысы». – Алматы «Жалын» 1994.
4. Кукушкина А. «АЛЖИР». – Алматы, 1995.
5. «Узницы Алжира». – Москва, 2003.
6. Д.Мақат. «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы». – Астана, 2006.
7. Г.Степанова-Клюникова. «Казахстанский Алжир». – Астана, 2003.
8. Викторенко И.С. «Страшные годы». – Астана-Алматы, 1999.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
302
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕ 
ТАҚЫРЫБЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЭВОЛЮЦИЯСЫ
А.К. Хұсанова,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университетінің магистранты
А. Б. Жұмағұлов,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
философия ғ.к., доцент 
Қарағанды қ., Қазақстан 
Қазақ әдебиеті – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Әдебиеттің құдірет 
күші – адам жанының тереңіне еніп, пернелерін шертуінде, адамға рухани азық болуында. 
Ежелден осы «асыл сөздің» қасиетіне жетіп, оны бағалай білген халқымыздың әдеби дамуы 
тұтас әдеби кезеңдер мен құбылыстарды қамтиды. Ауыз әдебиетінен бастау алып, ғасырлар 
бедерінде үнемі дамып, жаңарып, өсіп отырған әдебиетіміздің өзіндік ұзақ тарихы бар. Осы 
тарихи кезең әдебиет әлеміне құнды көркем туындыларды әкелді. Әдеби дәстүр әдеби процесс 
өзегінде жалғасын тауып, дамып, үнемі жаңарып, жаңғырып отырды.
Әдебиеттің даму бағыты мен тақырыптық, идеялық ерекшелігіне ресми идеология белгілі 
деңгейде ықпал жасайды. Шығарма авторы саяси, әлеуметтік партияларға, топтарға, нақты бір 
корпарацияларға қосылмағанның өзінде де замана идеологиясынан мүлде тыс бола алмайды. 
Адамзат тарихында жалпы ұлыстар мен ұлттарды қырып-жоюдың түрлі айла-тәслдері 
жасалып келе жатқанын уақыттың өзі көрсетіп келеді.
Отарлаушы елдердің отарланушы халқтың айтқанына көнбеген, айдауына жүрмеген 
талабына бағынбаған ұлыстардың ұлт көшбасшылары мен зиялыларына жала жауып, оларды 
қаралау үшін, түрлі заңдар шығарып құртудың да жолдарын ойластырған болатын. Бұл ұлт 
зиялыларының көрген қиындықтары, азаптары өз тілімізде «Қуғын-сүргінге ұшырағандар» деп 
қолдансақ, ресми тілде «Репрессия» деп атайды. Оларға белгілі бір деңгейде атаулар беріліп, 
олардың зардаптарына қарай тарихи шындықтар да ашылған болатын.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт 
торлай бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы дауылға 
ұласты. Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар Алаштың азаматтары 
басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінгеннің көбі ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. 
Демографтардың нақты деректеріне сүйенсек адамзат тарихында тұтас бір халықтың жойылып 
кеткен кездері аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде 
«геноцид» деп аталады.
Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай 
жойып жіберу [1].
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы даму тарихында сталиндiк диктатуралық жүйенiң 
геноцидтiк салдары болып табылатын осынау жылдардағы ашаршылық қазақ әдебиетi үшiн 
ерекше қастерлi тақырып болды. «Геноцид» –ауыр сөз, бір халықты жоюға бағытталған саясат. 
Кеңестік дәуірдегі ең үлкен зұлматтың бірі – ашаршылық, екіншісі – 1937 жылғы қуғын-сүргін 
еді. Екі қырғынның негізі бір. Екеуінің негізгі мақсаты – қазақты ұлт ретінде жою. Дегенмен, 
екеуі үлкен айырмашылығы бар екі түрлі қоғамдық құбылыс. Біріншісі – халықты аштан қыру 
арқылы жою болса, екіншісі – ұлтты қаймағынан, саяси элитасынан, ой-санасынан айыру 
болды. Екеуінің де негізі отаршылдық, екеуі де қазақ ұлтына қарсы жүргізілген Коммунистік 
партияның саясаты.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда тарих тағлымы өткенді терістеу емес бірыңғай қаралауда 
ғана емес, кешегінің өз құндылығын жоймаған озық дәстүрін бойға сіңіруде. Мұның өзі қазақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет