Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет217/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. Очерки экономической истории Казахской ССР, А., 1974 г. – с. 18.
2. Жиренчин К.А. «Политическое развитие Казахстана в XIX веке». А., – с. 148.
3. Седельников Т. «Борьба за землю в Киргизской степи» СПБ, 1907 г.
4. Тынышпаев М. «История казахского народа». А., 1993. – с. 17.
5. Тынышпаев М. «История казахского народа». А., 1993. – с.27.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
316
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын
еске алу күніне арналған
«Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» 
халықаралық конференциясының 
ҚАРАРЫ
Қызылорда қ. 
 
 
 
 
 
 
2017 жылғы 31 мамыр
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен «Тарихтан 
тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы аясында «Тарихи жады және тағылым – 
рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
«Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» халықаралық конференциясы 
– ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының қасіретті жылдарын есте сақтауға барлық елдердің 
ғалымдарының қосқан үлесі. 
Біз, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері, ғалым-сарапшылар қоғамдық сананы 
жаңғыртудың факторы ретінде тарихи жадыны сақтау, тарихи зерденің рөлін бағалау 
мәселелерін кеңінен талқыладық.
Біз, Қазақстан халқы үшін ХХ ғасыр қасіретке толы болғанын мойындаймыз. Алайда, өмір 
тек қана ақ пен қарадан тұрмайтыны ақиқат. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы тағылымдық 
оқиғалары қазіргі уақытта ел іргесінің берік болуына негіз қалады. 
Конференция барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы аясында кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, жаппай ашаршылық пен қуғын-сүргін зардаптары, 1930-50 жж. күштеп 
жер аудару тауқыметі, Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, Қазақстандағы ұлт-азаттық 
қозғалысының көшбасшыларының қызметі мен тағдыры және «Алаш» партиясының 100 
жылдығы туралы кеңінен баяндалды.
Біз, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлікті нығайту және 
елде біртұтас азаматтық қоғамдастық қалыптастыру жолында тарихи жадыны сақтаудың, 
қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасын қалыптастырудың және тарихи мұраны 
көздің қарашығындай қорғаудың баға жетпес мәні бар деген ортақ пікірге келдік.
Біз, тарихи сана патриотизмнің маңызды негізі екеніне терең сенімдіміз. Оның арқауы – 
тарихи зерде, өз халқының тарихын, оның тарихи-мәдени мұрасын білу және Отанымен тығыз 
байланыста екенін сезіну болып табылады.
Өткен ғасырдың оқиғалары туралы тарихи естеліктер Қазақстанның біртұтас халқын одан 
әрі біріктіреді.
Жаңа жаһандық ахуал радикализмнің өсуі, гуманизм дағдарысы, лаңкестік, этностық және 
діни төзімсіздік сияқты сын-қатерлерге қатысты жедел шешілуі тиіс жаңа міндеттерді алға 
тартады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының алдына 
маңызды міндет қойылған – бүгінгі ұрпақ қолданатын тарихи материалдарды объективті талдау 
арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға елеулі үлес қосу қажет.
Конференция қорытындылары бойынша облыстардың әкімдіктері мен Білім және ғылым, 
Мәдениет және спорт министрліктері бірлесе атқаратын келесі шараларды ұсынамыз:
1. Өңірлердің қалалары мен аудандарының мұрағаттарында сақталған ашаршылық, қуғын-
сүргін және жер аудару тарихы туралы бірегей деректерді зерттеу және зерделеу жұмыстарын 
жандандыруды;
ХХ ғасырдың 20-40 жж. латын және араб графикасындағы бірегей материалдарды цифрлау 
мүмкіндігін қарастыру.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
317
2. Ашаршылық, қуғын-сүргін, «Алаш» тақырыптарын студенттердің, магистранттар мен 
докторанттардың зерттеу жұмыстары тізіміне енгізу.
3. Н.А. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін 
зерттеуді және еліміздегі, шетелдердегі барлық ғылыми және қоғамдық алаңдарда таратуды 
жалғастыру.
Конференция барысында талқыланған мәселелердің ғылыми өзектілігі мен саяси 
маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясына бұл жобаны жүзеге асыруды 
болашақта да тұрақты жалғастыруды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет