«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
60
архитекторымыз есуас деп қуып жібереміз. Ғылым мен ілімді адам санасын қалыптастыру, рух
жаңғырту мәселесіне қолданғанда дәл осындай. Ол адам атты көркем де сәулетті бірақ рухани
ғимарат тұрғызуы керек еді. Бірақ ол істің келе жағынан хабарсыз надан болғандықтан рухты
тұрғызбақ түгілі бұзып алды. Бірақ біз оны қумаймыз. Керісінше оның осындай жұмыс жасап,
бітірдім деген сөзіне оның өтірік екенін біле тұра сенген түр білдіреміз. Міне осы жерде, оның
адам үшін апатты сипаты мен салдарына назар аударып, шұғыл іске кірісуіміз керек еді.
Біз назар аударамыз, білеміз өтірік екенін, бірақ іске кіріспейміз. Өтірік шын болады, шындық
өтірікке айналады. Адамдар істе деген жұмысты теріс істеп, міне мен мынадай ұлы жұмысты
атқардым, жұртты мойындатуға қауқарлы. Бұл абсурдты, ақылға симайтын мәселе. Бірақ бұл
реальды өмір шындығы. Біз ел боламыз десек, Президентіміздің алдымызға қойып отырған зор
мәселесін орындаймыз десек, әуелі осы түйінді шешуіміз қажет. Онсыз істің барлығы бос. Неге
бұлай? Бұл үлкен мемлекеттік жұмыс. Мұны біз сөз бен істің арасындағы сәйкес келмеушілік
деп айтуымызға болады. Бұл мәселені жұртың барлығы біледі. Біле тұра оның күллиін зиян
екенін көре тұра неге білмегенсиді көрмегенсиді. Міне сұраққа жауап, нақты шынайы жауап
егер мемлекет тұрғысынан қолдау тапса онда Президентіміздің қойған міндеттері жүзеге асар
еді. Оқу, білім, ғылым, тәрбие ақырысында адам мәселесі, демек рухани жаңғыру мәселесі осы
түйінді шешкеннен кейін дұрыс бағыт алады.
Гуманитарлық ғылымдардың ерекше маңызы оның адам мәселесімен дәлірек айтқанда
ішкі адами мәселемен шұғылданатындығында. Неге онда адам қоғамында оны іліми тұрғыдан
іске асыруға көңіл бөлмейді? Өйткені біз өмір сүріп отырған цивилизациялық кеңістіктегі
мемлекеттер өзіне өзі жеткілікті емес, кемеліне келмеген, толық емес мемлекеттер. Анығында
қоғам адамнан басталынады адаммен аяқталынуға тиіс. Қоғам мен мемлекеттің басты мақсаты
адам болуы тиіс.
Ал бізде мемелекеттердің басты мақсаты әзірше зат, тауар, Адам орындаушы, яғни өндіруші
құрал. Бұл жағдайда адамзат өзінің түпкілікті нысаны-бостандыққа ұмтыла алмайды. Демек
мемлекет өзінің түпкілікті мақсатынан қашықта жатыр, оны толық кемеліне келген мемлекет
деп айтуға келмейді. Қоғам зат өндірмейді, ол зат арқылы адам өндіреді, яғни адам адамды
өндіреді. Солай болуы тиіс. Бұл мәселені бүкіл заң нормалары әділет ережелеріне сүйеніп
қорғап, мемлекеттің кепілімен іске асырып отырады. Адам тірі, белгілі бір жағдайда әділет
нормалары арқылы олар бір-біріне тең, осы кұндылықтарды басшылыққа ала отырып мемлекет
адамдардың азаматтық хал-ахуалына қол жеткізді.
Алайда бұл сыртқы, Кант айтпақшы адамзаттың гетереномды қалыптасуы. Құқық, заң
нормалары, мемлекеттің салтанат құруы сөзсіз бостандықтың анықтаушы ұғымдары, тарихи
ұлы жетістіктер. Алайда бұл ұғымдар сыртқы алғы шарттар, себептер қатарындағы, Кант
айтпақшы гетереномды алғы шарттарды білдіреді. Адам өзіне-өзі келгеннен кейін өзін-өзі
өндіріп, автономды хал-ахуалға жетуі қажет. Шын бостандық, оның-адамның бостандығы
осы жерден басталынады. Яғни мемлекет пен адамның мақсаты қосылып бір бағытта дами
бастайды. Біз осыған жетуіміз қажет. Осы тарихи хал-ахуалға, адамның өзін-өзі қалыптастып
өзін-өзі өндіре алатын деңгейге жетуі гуманитарлық ғылымдар, идеялар арқылы жасалынады.
Демек Елбасының жаңа гуманитарлық білім идеясы қазақ қоғамы, қазақ мемлекеті, қазақ
адамы үшін өз уақытында қойылып отыр, сонымен бірге бұл идеяны терең тұщынуды, зерттеуді,
және іске асыруды міндеттеп отыр деп түсінуіміз керек. Бұл тек жазылған сөз, идея емес, бұл
орындалуы тиіс практикалық іс.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
61
Достарыңызбен бөлісу: |