Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет42/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
63
1925 жылдан бастап Мұстафа Шоқай мен түркістандық жастардың байланысқа түсуі 
жайлы Германиядағы кеңес елшілігінің хабарлары есін жинай бастаған Кеңес өкіметін мазалай 
бастайды. Берлиндегі Кеңес Одағының арнайы қызметкерлері түркістандық студенттерді 
бақылауға алып, жалпы алғанда үкімет олардың біразын елге қайтаруға жұмыс жасайды. Елшілік 
бәрінен бұрын түркістандықтардың шетелде қалып қоймауына көңіл бөледі. Осыған қарамастан
1930 жылдың көктеміне қарай бір ғана Берлинде елге жеті түркістандық оралмай қалады. 
Олардың ішінен Бұхарадан барған жәдитші Ахмад Наим Нусратулабек, Сабыр Түркістанли 
(химик) және Наим Октем(экономика ғылымының докторы) Түркияға кетеді. Тахир Шахирзаде 
Шағатай (экономика ғылымының докторы), Саадет (Сағадат) Исхаки (профессор), Абдулуақап 
Оқтай (дәрігер) және Саида Оқтай (философия ғылымының докторы) Берлинде қалып
М.Шоқайдың баспа жұмысына көмектеседі. Ал, Кеңес Одағына қайтып келген студенттер 
түгелдей жауапқа алынады. 
М.Шоқайдың сол уақытта Германияда Кеңес органдарының қудалаушылығынан қорғап 
қалғысы келген адамы да Ғазымбек Бірімжанов еді. М.Шоқай жастарды қолдаудың да, қорғаудың 
да керектігін айтудан тайынбай, оқуға келген жастардың материалдық қиындықтарға ұшырап 
отырғанына, олардың оқу бітіріп, жұмысқа орналасу мәселесінің тұрғанына және жоғары оқу 
орнын бітіруге көмектесудің қажеттілігіне тоқталып, шетелдік баспасөз беттерінде мәселелер 
көтереді. 1928 жылы оқуын аяқтап, елге оралған Ғазымбек Бірімжанов Мәскеуде тұтқындалады. 
Ғазымбектің елге оралуымен 1930 жылға қарай М.Шоқайдың елмен байланысы сирейді, оған 
тек Түркияға, Франция немесе Германияға бара жатқан адамдар арқылы жіберілген хат-
хабарлар ғана жетеді. 
Германияға оқуға барған жастардың кейбірі елге оралмады, келгендері «фашист шпиондары» 
деген желеумен атылды. Сол сияқты Ғазымбек те 1928 жылы Карелиядағы Медвежегорск 
қаласына 10 жылға жер аударылды. 1937 жылы Ақтеңіз – Балтық каналының құрылысына қара 
жұмысқа жегіліп, 1938 жылы ату жазасына кесіледі [8]. 
Қорыта айтқанда Мұстафа Шоқайдың Алаш қайраткерлері мен атамекенімен байланыс 
орнатуда қызмет қылған Ғазымбек Бірімжановты тану Алаш қозғалысының тарихымен 
байланысты. Алаштың тарихын тану – ұлтқа қызмет етудің жарқын формасы. Ә.Бөкейханның 
сөзімен айтсақ: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». Аға ұрпақ 
өздеріне артқан жүкті жетер жеріне толық апарды. Біздің мақсатымыз олардың еңбектерін 
бағалау, ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, 
тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына үлес қосу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет