Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет38/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
56
күйінде далаға тастап кеткен Өлежырғал мен Арсалаң атты қалмақтар деп естіген. Солардан 
қапысын тауып өш алмақ. 
Александр Пушкин «Капитанская дочка» атты шығармасына эпиграф етіп «Береги честь с 
молоду» деген мақалды эпиграф етіп алады. Ал, қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс 
өлтіреді» деген сөз бар. Жас жігіттің жан кештілігі осы даналықтың екеуін де еске түсіреді. 
Ерасыл Өлежырғалды түн жамылып барып, ал Арсалаңды қан майданда жекпе-жекке 
шақырып жайратқан соң жаудан кегімді алдым деп жайбарақаттыққа салынудан аулақ. Енді 
ол жаудың қасиетті атамекенімізге ойран салған делқұлығын өз жеке басының ар-ұятына, 
намысына тигенге санайтын болған. Жеке басының кегі бірте-бірте ата кекпен, ұлт кегімен 
ұштасқан. 
Қалмақ – ата жау. Қалмақ болғандығынан емес, тыныш жатқан елге бас салғаны, қазақты 
ұзақ жылдар бойы қырғынға ұшыратып жер бетінен жойғысы келгені үшін. Үш жүзі үш жаққа 
тартып тұтастығынан айырылып әлсіреген Қазақ елі лап қойған жауға төтеп бере алмады. 
Жер бетінен құрып кете жаздады. Шәкәрімше айтқанда, жау «үш есенің екеуін қырып салды». 
«Сол себепті Қалқаман қалды ізделмей, Іздемеймін деген жоқ, шама келмей. Ол түгіл Әнет 
бабаң көшке ере алмай, Тірідей дөң басында қалған өлмей»
2,37
– делінген «Қалқаман – Мамыр» 
поэмасында. 
Халық трагедиясына ұрындырған ежелгі етекбастылық, дейді «Дарабоз» роман-дилогиясы. 
Қазақ халқын жинаған бұрынғы игі жақсыларымыздың қадірін білмедік. Болашағымызға 
бейқамсыздық жасадық. Тоз-тоз боп қашып үрейге салындық. «Қорқақты қуа берсең батыр 
болады» дегендей, ақыры үрейді дұшпанға деген кек жеңді. Кек ел намысын қайрады. Ұлтты 
ұйыстырды. Бірақ осынау қайта білекке білек қосу халқымызға оңайға түсті ме? Мына бір 
диалогты тыңдап көрелік.
«– Дарабоз, сен алты алаштың басын бір тудың астында біріктіру – соншама тартыстың, 
ауыр болады деп қалайсың ба? – деді Абылай...
– Оған сөз бар ма, хан ием! Қашанда бүтінді бөлшектеу оңай, ал бытырап кеткен дүниені 
біріктіру – жатқан бір қиямет».
2
Абылай хан – Қабанбай батыр диалогы ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ елінің келесі ұрпақтарға, 
бүгінгі ХХІ ғасырдағы тәуелсіз Қазақстан ел-жұртына жолдаған жалынды сәлеміндей, қашанда 
жүрегіңе қона кетеді. 
«Дарабоз» романы Қазақ елінің басынан кешірген трагедиялық ахуалдың ебеп-себебін 
қазбалағанда, алауыздық сары ауруының психикалық-этикалық емін іздестіргенде, қазақ 
әдебиетіне бәз-баяғыдан сіңісті дәстүрге бағады. Қабанбайдай қазақ батырларының қол бастаған 
ерлік оқиғаларын жайып көрсетуімен бірге, кейде ыдырап, кейде қайта қосылып, жалпы ұлт 
болып бүгінгі ұлан-байтақ жерін сақтап қалуға тырысқан елдің мінездік сыр-сипаттарын 
мейлінше қадағалайды. Елдің басын қосып біріктіретін күш саясат цементі ғана емес. Бытырған 
саусақты бірден жұмырық ететін қазақы өнегелеріміз де, шүкірлік, баршылық еді ғой дегізеді.
Жеке адамның ұлт тұлғасы дәрежесіне көтерілуін көркемдік жағынан иланымды, иін 
қандыра суреттеген тәуелсіздік романдарының шеруінде жазушы Қабдеш Жұмаділовтың 
«Дарабоз» атты Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман-дилогиясы (1994,1996) бірден 
көзге түсті. Шығармасына «Дарабоз» атты поэтикалық ат қойған автор, бүгінгі білімі мен 
талғамы мол, «Абай жолын» оқып өскен қалың оқырман жұртшылық алдында елден ерек герой 
образын жасау жауапкершілігін иеленгендей еді.
Қабанбайдың азан шақырып қойған ныспысы – Ерасыл. Ауыл жұрты қойған лақап аты – 
Қабанбай. «Дарабоз» есімін ел атынан берген – Абылай хан... Осы өзгерістердің тарихынан 
қызықты әңгімелер шерте отырып, Қабдеш романы өз қамын, әрі кеткенде ауыл аймағының 
ғана қамын жеп жүрген жеке мүдделі жас адам бейнесін бірте-бірте ел-жұрт мүддесін жан-
тәнімен қорғайтын тұтас бітімді тұлға өресіне көтереді. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
57
...Нешеме күн бойы алдырмаған Шыңғыстаудың шатқалындағы жау бекінісіне қарсы қалың 
қолды бастап тұра шапқан Қабанбай батыр ақбозбен оқ бойы алға шығып кетіпті. Төбе басында 
ұрыс даласын шолып тұрған Абылай: ау мына дара бозың кім, көзсіз батыр тым алға шығып 
кетті-ау, мерт болмаса игі деп алаңдайды.
Ақыры ойрат қолын ойсырата жеңіп оралған ақбозбен ағызып дара шапқан батырдың 
Қабанбай екенін біліп қатты разы болған Абылай, атынан түсіп:
«– Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дарабозым сен екенсің ғой! Егер 
биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда бүгінгі шайқастың 
немен бітері неғайбыл еді.. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы 
есімің Дарабоз болсын! – деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан».
2
Өзгелерден оқ бойы озған осындай қаҺарман бейнесі қалай жасалуға керек?
Жазушының кейіпкерді пішіндеу принципі жеке, ұлт, адамзаттық мүдделердің бірлігін 
ұштастырған тұтас тұлғалы кейіпкер жасау проблемасына саяды. Шешімі – Қабанбай образында. 
Автордың Қабанбай тұлғасын пьедесталға қойып төменде тұрып қызықтауын, оған деген 
патриотшыл, отаншыл сүйіспеншілігін ел қамын жеген ерлерді мақтаныш тұту мағынасында 
түсіну жеткіліксіз. Роман Қабанбай тұлғасын өрнектеу барысында ұлттан асып, жалпы адам 
баласының қайрат-жігер мүмкіндігінің шет-шегі болар ма деген ойға бастайтындай. Характері 
құрыштай тұтас адамның алмайтын қамалы болмайды. 
Қабанбай батыр сөзі қысқартылып беріліп отыр. Жалпы бұл сөз «Дарабоз» роман-
дилогиясының экспозициясы іспетті. Онда бас кейіпкер Қабанбай батыр характерінің 
психологиялық қозғаушы күші, еш жау аттан түсіріп көрмеген жеңімпаздығының сыры 
тұжырымдалады. Мәні – Қабанбайдың жеке мүддесінің (әкесінінің моласы жатқан ата қонысын 
азат ету) ұлт мүддесімен соншалықты әдемі үйлесім табуында (дұшпанға ел жерінің бір сүйемін 
де бермеу). 
Қабанбай – идеалды кейіпкер. Бір басында даналық ой, қолбасылық биік өнер, асқан 
батырлығы кісілігімен, үлкен жүректі ізгілігімен жарасқан айрықша адам. Ондай кейіпкердің 
өсу жолын оқырман иланатындай етіп суреттеу үшін көп ізденіп еңбектенуге тура келген. 
Жазушы алдында тұрған міндет оңай емес-ті. 
Қаламгер бас кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне тереңдеп бойлаудан гөрі, мінезінің пәрменді 
парасаттылығына, романдағы характерлермен арақатыста артықша көрінетін білек күші ғана 
емес, сана қуатының айшықты суреттелуіне баса назар аударады. Тұтас тұлғалы кейіпкердің 
жалпы сипаттамасы роман әу деп басталғанда-ақ берілген. Жинақы, қорытынды түрде бас 
кейіпкер Қабанбай батырдың 1748 жылы Сарысу бойында отырған Ұлы ордада өткізіліп жатқан 
хан кеңесінде сөйлеген сөзінде түйінделеді. 
« – ...Бейбіт күн неге жаман болсын, егер төрт түлігің сай, көңілің жай болса! Жарты жерің 
жау қолында жатқанда уайымсыз ұйқы, қамырықсыз күлкі бола ма? Қазақта ана құрсағынан 
қан шеңделдеп, соғыс тілеп туған ешкім жоқ. Бірақ менің де арманым – әкемнің моласы 
жатқан ата қонысымды көзімнің тірісінде азат ету. Құдай куә, сол арманға жеткен күні қара 
найзамды қақ бөліп, лақтырып тастауға әзірмін...Қазақ үшін жерден қымбат нәрсе жоқ. Дұшпан 
астыңдағы атыңды сұраса, аяма. Өйткені Қамбар ата аман болса, тұлпар тумай қоймайды. 
Дұшпан қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық етпе. Өйткені, ел аман болса, сен үшін 
тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер беруші болма. Өйткені асыраушы жер 
ана ешқашан үлкеймейді! – деген екен қасиетіңнен айнайлайын арғы бабаларымыз. Сол өсиет, 
шынымен-ақ, жадымыздан шыққаны ма?!»
2
Жоғарыдағы талдаулар Абылай, Қабанбай, тағы да басқа жетекші образдар көркем романда 
ұлт-азаттығы қозғалысының бағыт-бағдарына байланысты жасалғанын дәлелдейді. Абылай, 
Қабанбай замандарында ол қозғалыс, біздің бүгінгі түсінік тілімізбен айтқанда, Отан соғысы 
сипатын алды. Отан оттан да ыстық екенін сезінген үш жүз тізе қосып, жоңғар, басқа да 
жанжақтан анталаған жауды ел шетінен түріп шықты. Кенесары қозғалысы отаршылдықты 
жою, жеке мемлекет құру мақсатын көздеді. Ал, қазақ елі мемлекеттігінен айырылып, Ресей 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
58
империясы бодандығына көшкенде, бұратана атанып, бөтен жұртқа көз сатқан кіріптар шағында 
ұлт-азаттығы қозғалысының жалыны бұрынғыдай күн сияқты күйіп тұрмағанымен, өз ерлерін 
туғызудан кенде қалған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет