Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет39/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Қабдеш Жұмаділов. «Дарабоз». Қаракерей Қабанбай туралы тарихи роман. Бірінші кітап. 
Алматы. «Шабыт». 1994. – 98 б.
2. Шәкәрім. Шығармалар Алматы «Жазушы» 1988. – 290 б.
3. Дарабоз» Екінші кітап. 185 б.
СЫР ӨҢІРІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ 
«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ» ИДЕЯСЫ
О. Бермаханов,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің философия 
және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философ.ғ.к.,
Кызылорда қ., Қазақстан
Адамзат дамуындағы төртінші индустриалдық революция қоғам дамуының басқа 
парадигмадағы желісін жасап, әлем елдерінің бір-біріне кірігуін, матасуын жаңа деңгейге 
көтерді. Яғни жаһандану үдерісі жаңа, белгілі бір жағдайда Президентіміз көрсеткендей 
бұлыңғыр сипат алып, біздің еліміздің жаңа жағдайға бейімделіп, заман ағымына ілесуі күн 
тәртібіне қойылды. Негіздеп келгенде біздің жасауға тиіс іс-қимылдарымыздың барлығы білім 
мен ғылымды игеруге байланысты деп айтуымызға болады. Әрине білім мен ғылым адамзат 
тарихында бұрында да маңызды рөл атқарған. Ал жаңа жағдайда ол шешуші рөл атқармақ, 
атқаруы тиіс. Соңғы кездердегі Елбасының барлық бастамаларында: Қазақстан дамуының 
стратегиясы, 30 елдің қатарына қосылу, Мәңгілік ел, Цифрлы Қазақстан, Үш тілділік т.б. 
барлығы іштей байланысты, басты мақсат-заман ағымына ілесу. Уақыт талабына сәйкес 
келу үшін «білім салтанат құруы» тиіс. Бұл қазіргі уақытта ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін 
аксиомаға айналып отыр.
Алайда білім білімге, ғылым ғылымға тепе-тең келе бермейді. Табиғат туралы жаратылыстану 
және қолданбалы ғылымдар бір бөлек те адам және қоғам туралы гуманитарлық ғылымдар 
өзінше бір бөлек. Қазіргі алып бара жатырған бағытымыз бойынша әрине қолданбалы ғылымдар, 
техника мен технологияға тікелей қатысы бар информатикалық, электронды сандық (цифрлық) 
құралдар мен құрылымдардың негізінде жатырған математиканың жаңа салалары, ғылымдар 
қоспасынан туындайтын жаңа материалдар жасау т.б. бағыты заманауи экономиканың, демек 
саясат пен әлеуметтік өмірдің басты шарты ретінде қаралынады. 
Келешек бүкіл әлем тек электронды цифрлық құралдармен реттелінетін зор ғаламторға
яғни виртуалды өмірге айналса, адамнан басқасынан барлығы адам жасай алатын өнімге не 
затқа айналса оған ешбір таң қалуға болмайды. Бірінші кезекте осы сипаттарды жасаушы білім 
мен ғылымның үдерісіне біз ілесе білуіміз керек. Бұл қазіргі түсініктегі тіршіліктің, яғни нан 
табудың қамы. 
Алайда адам тек бір нанмен тойынып өмір сүрмейді. Адам өмірі тек ішіп-жеммен 
шектелмейді. Керісінше адамның нағыз қажеттілігі сол ішіп-жемге тойынғаннан кейін 
басталынады. Сондықтан қазақи түсінікпен ғылымды қарын қамын реттейтін ғылымдар, содан 
кейін жан немесе рух қамын реттейтін ғылымдар деп бөлген дұрыс. Ілім-ғылымға қатысты 
бұл жағдай адамдарға ерте бастан белгілі болған. Сондықтан даналар, ішінде әл-Фараби, орта 
ғасырлық түркі данышпандары да бар, ғылымды жемісті ғылымдар-жаратылыстану ғылымдары, 
сәулелі ғылымдар-гуманитарлық, яғни қоғам және адам туралы ғылымдар деп бөлген. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
59
Нақтылы ғылымдар тәнді тамақтандырады-жемісті, абстрактылы, метафизикалық 
ғылымдар жанды, яғни рухты тамақтандырады-сәулелі. Осы соңғысы хайуанда жоқ, олар 
рухты қажетсінбейді. Сондықтан олардың мәселесі азғантай. Осы жан, рух мәселесі онымен 
шұғылданатын ілімдер тек адамға тән, адами, өте-мөте адами құбылыс, сондықтан да оның 
мәселесі күрделі. 
Елбасының Қазақстан азаматтарының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі 
сондықтан да жаңа гуманитарлық білімдер қажеттігі, осы қажеттілікке байланысты атқарылуы 
тиіс жұмыстар. Түсіндірмелік тұрғыдан келгенде адам болу дегеніміз жаны, санасы, рухы болу 
деген сөз, бұлардың қалыптасу заңдылығын зерттейтін саланы гуманитарлық ғылымдар деп 
атайды. Елбасының қойып отырған мәселесінің маңызына осы жағынан келіп тұщынған дұрыс. 
Мен неге кейбір түсінікті сияқты мәселені тәтпіштеп отырмын. Адамның жаратылыс ерекшелігі, 
демек қалыптасу ерекшелігі осылай болғанымен осыларды жасаушылар- практикалық өмірде, 
оқу-тәрбие саласында бұған жеткілікті көңіл бөлінбейді. 
Бір шама уақыттан бері идеологияның қажеттігін жоққа шығарып келеміз. Біздің қоғамға 
идеология керек пе деген сұраққа жауап берілген жоқ. Идеология деген кездерде бізге Кеңестік 
тоталитарлық идеология елестейді де идеология мәселесін қозғаудан да қорқамыз. Бірақ 
идеология мен идеологияның арасында терең айырмашылық бар. Идеология дегеніміз біз 
қандай идеяға бағытталып адами өмір сүреміз, адам мен қоғам қандай сипатта болуы керек 
деген мәселенің шешуі. Бұл мемлекеттік биліктің жұмысы болуы тиіс. 
Қоғамтану ғылымдарының мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы жай-күйі ешбір сынды 
көтермейді. Ол материалдың немесе оқу құралдарының жетіспеушілігінен емес, керісінше адам 
мен қоғам өмірінің ғылымда түсіндірілуі мен оның шынай өмірдегі практикалық атқарылуы, 
іске асуы айырмашылығы ғасырдан ғасырға шешілуі қиын мәселе болып келеді, өкінішке орай 
қиын мәселе болып қала береді деген тұжырымдар басым. 
Міне осы жерден бастап жергілікті өмірдің салт-дәстүрі, олардың гуманитарлық 
ғылымдарға қоятын талабы мен қазіргі Президентіміз ұсынған жаңа гуманитарлық білім 
арасындағы қайшылық болуы мүмкін. Бұл гуманитарлық саладағы жаңаша және көнеше 
түсініктің қайшылығы десек дұрыс болады. Мысалы, қазақ ортасында әсіресе жергілікті 
Сыр өңірінде мамандық таңдауға тоқталайық. Философияны таңдау атымен жоқ. 8 жүз мың 
халқы бар өңірден тарих мамандығын ешкім таңдамайды. Тіл де солай. Этикалық эстетикалық 
бағыттағы мамандықтарды мен айтып отырғаным жоқ. Солай екен деп қол қусырып отыруға 
тағы болмайды, гуманитарлық жұмыстар, яғни адамның адамды өңдеп адам жасау жұмысы 
ешқандай тоқтаусыз үзіліссіз жүргізілетін жұмыс болып есептелінеді. Осылай болғандықтан 
гуманитарлық білім саясаттан, яғни мемлекеттік жоспарлы жұмыстан еш ажырамауға тиіс. 
Мысалы адамның құқықтары заң болмаса қорғалына ма? Жоқ. Заң мемлекетпен мәжбүрлеу 
арқылы кепілдік берілмесе іске аса ма? Жоқ. Ол тек жазылған сөз болып қала береді. Дәл сол 
сияқты адам болу, адам тәрбиесі белгілі бір адами моральдық құндылықтар, өмір шындығына 
өнердің эстетикалық қатынастары, философиялық тұжырымдар, дін қағидаттары тұрғысынан 
қоғамда қодификацияланып, хатталынып, мемлекеттік саясатпен кепілдендірілуі қажет. 
Мұның өзі мемлекеттік биліктегі гуманитарлық, айталық әлеуметтік-идеологиялық 
мәселелермен шұғылданатын тараптарда бұл мәселенің терең мазмұнын ғылым тұрғысынан 
түсінетін субьектілердің, адамдардың болуы тиіс екенін нақтылайды. Ал бізде олар көбіне, 
тіпті барлық жағдайда кездейсоқ адамдар. 
Мысалы, айталық бізге қымбат, асыл материалдардан көркемдігі құдіретті, сәулетті 
Тәжі Махал не Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі сияқты ғимрат салу керек дейік. Біз оны кім 
жобалап, кім тұрғызады деп ойланбастан тек құрылысшы болғанға танысымызға, туысымызға 
сеніп тапсыра салдық. Біздің таңдаған «архитекторымыз» қам кірпіштен кедуілгі үй салудан 
басқаны білмейтін болғандықтан жай үйшік салды. Ол бірақ ғаламда жоқ сәулет өнеріндегі 
ғимарат салдым деп әупірімдеп жүр. Оның олай емес екенін көріп тұрмыз, біздің сүйікті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет