«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
105
да Орта Азиядағы татарлардың әсерін шектеу үшін үкіметке хат жаза бастады. Ұлтшыл орыс
ғұламаларының пікірінше «Еділ Орал аймағында усул-жәдид мектебін ашу басқа ұлттарды
да татарға айналдыру болып табылады». Орыс ұлтшылдары үшін Орынбор мүфтилігінің II
Катерина дәуірінде ашылуы сол кездегі саясатшылардың ең үлкен қатесі болып табылады.
Олардың ойынша «мүфтиліктің қол астына қарайтын қазақтар татар дін өкілдері тарапынан
алданып отыр. Татар молдалары қазақ жерінде татарлардың санын көбейту және панислмизмді
жаю мақсатын көздеген» [21,80].
Қазақстанда татарларға қарсы күрес 1818 жылдан басталған болатын. Яғни, татар тілінде
сөйлеуге және татар аудармашылардың жұмыс жасауына қатаң тыйым салынды. 1870 жылы
орыс емес ұлттардың білім алу ережесінің қайта қаралуы және қазақ мектептері мен орыс-
қазақ мектептеріндегі орысша білім беруді күшейту мақсатында қаулы қабылданды. Осылайша
орыс үкіметіне керекті орысша білетін аудармашылар қазақтардан шыға бастады [9,56]. Қазақ
аудармашыларын дайындап шығару үшін арнайы қаржы аударылды. 1882 жылдан бастап
үкімет орындарына татар аудармашылардың орнына қазақ аудармашылары орналасты [15,65].
Ресей Қазақстандағы татарлардың әсеріне қарсы тек қана ағарту саласында ғана емес,
сонымен қатар дін, басқару және ақпарат құралдарына да шектеу келтірді. 1868 жылы Ресей
үкіметі қаулы шығарып Орынбор мүфтилігіне қарасты жерлерге шектеу келтіріп қазақтарды
құрамнан алып тастады. Осылайша діни шараларды ұйымдастыру жергілікті жерлерге
тапсырылды [18,85]. 1886 жылы татарлардың Орта Азиядағы өрісі тарыла бастады [12,64].
Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған татар медреселерінде
қазақ жастарының білім алуы ХVIII ғасырдың соңғы жылдарында басталды. Орынбор
мүфтиі Мұхамметжан Хусейннің қызы Фатиманың қазақ ханы Жәңгір ханмен үйленуі қазақ
жастарының татар медреселерінде білім алуына жол ашқан болатын [2,125].
Осы уақыттарда Еділ-Орал аймағындағы мұсылман діні өкілдерінің басқаруымен
жүргізілген білім беру жүйесі орыс үкіметінен ешқандай көмек алмай, өз күшімен өркендеген
болатын. Орыстар христиан қыла алмаған татар және башқұрт халықтарын еркін жіберуді
ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына
дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің жанынан медресе ашылды
[11,179]. Осы ашылған медреселерде қазақ оқушылары да білім алған болатын.
Үкімет жаңа әдіспен білім беретін медреселерді халық арасына пантүркизм және
панисламизм насихатын жасап отыр деп көрсетіп, кедергі келтіргісі келді [15,47]. Ресей ішкі
істер министрлігінің назарында болған медреселердің ішінде Ресулие медресесі, Құсаиния
медресесі және Ғалия медресесі болған. Осы аталған медреселер ең көп қазақ жастарының
шоғырланған жері болатын.
Ресулие медресесі Тройцк қаласында ашылған. Мүдірі – әйгілі дін өкілі Шейх Зейнуллах
Ресули. 1884 жылы ашқан медреседе татар, башқұрт және қазақ жастары білім алды. Сол
дәуірдің жәдидшілдерінің бірі болған Ресули медреседе жаңа педагогикалық білім беру
жүйесін құрды. Медресенің білім беру жүйесіне Ыбырай Алтынсарин және қазақтың бай
саудагерлері де оң қабақ танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Велидов Ресулие медресесінде
білім алған оқушылардың 10% қазақ және башқұрт оқушыларынан құралғанын айтады [2,123].
ХХ ғасырдың басында Қазақстан ақпарат құралдарының арасында маңызды орны бар Айқап
журналының шығарушысы Мұхамметжан Сералин және Екрем Алиов осы медреседе білім
алған [19,301].
Қазақ мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе – Ахмет Қусейновтің Орынборда (1890ж.)
ашқан медресесі. Құсаиния медресесінде тек қана діни сабақтар емес, тарих, география, химия,
зоология, түрік және орыс тілдері де оқытылған [11,182]. Медресені орыс мектептерімен
жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния медресеге дәріс беру мақсатында сол дәуірдің
атақты оқытушыларын жинап медресенің атын шығарған. Аталған медреседе дәріс алған қазақ
оқушыларының арасында Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин,
|