Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет66/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   225
Память во имя будущего

Қазалы ауданы бойынша
Кононов Петр Васильевич – 1938 жылы 22 сәуірде атылған.
Үмбетов Аман – 1938 жылы 24 қарашада ұсталып кетіп, хабар жоқ.
Бекқұрақов Айтжан – 1937 жылы ұсталып кетіп, хабар жоқ.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
100
Оразәлиев Рахмет – 1940 жылы 22 маусымда 8 жылға сотталған.
Алдазауыров Әбен – 1940 жылы 22 маусымда 8 жылға сотталған.
Ыбыраев Сәндібай – 1940 жылы 22 маусымда 8 жылға сотталған.
Омаров Нұрахан – 1940 жылы 22 маусымда 8 жылға сотталған.
Аралбаев Кемал – 1940 жылы 22 маусымда 8 жылға сотталған.
Қолқаев Нұрқожа – 1937 жылы ұсталып кетіп, хабар жоқ.
Жалағаш ауданы бойынша
Оразов Маханбет – 1937 жылы ұсталып кетіп, хабар жоқ.
Бұл тізімдегі хабарсыз кетті делінген молдалар мен имамдардың біразы 1937 жылғы маусым-
шілде айларында ұсталып, сол жылғы 5 қыркүйектегі Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер 
халық комиссариаты басқармасы үштігінің қаулысымен 13 қыркүйекте бәрі бір күнде атылған. 
1939 жылы «Жауынгерлік дінсіздер одағының» I-ші Республикалық съезі өткізілді. Съезд 
дінсіздер одағына дінге қарсы күрестің ауқымын кеңейту және насихатшылардың санын 
көбейту қажеттігін міндеттеді. Қазақстанда осы съезден кейін дінге қарсы жұмыс жаңа белеске 
көтеріліп, барлық деңгейдегі оқу орындарында атеизм ілімі оқытыла бастады.
Әлбетте кез-келген мәдениеттің негізі – дін болып табылады. Дін – мәдениеттің құрамдас 
бөлігі ғана емес, қоғам өміріне әсер ететін үлкен әлеуметтік күш. Қазақ мәдениетінің өзегін 
ислам дінінсіз елестету мүмкін емес. Ал ислам дінінің негізі – имандылық пен рухани 
құндылықта жатыр. Кеңес өкіметінің «дінсіздік идеологиясы» қоғамды рухани аздырып
халықтың сенімі мен үмітінен, рухани құндылықтарынан айырды. 30-жылдардан бастап Кеңес 
өкіметінің исламға қатысты саясатында жаңа мәдениеттің келбеті пайда болды. Енді бірте-
бірте исламға қарсы күрес дінге қарсы күрес ретінде қаралмай, кең ауқымды түрде – кеңес 
халқының мәдениетіне «жат» элемент ретінде қаралды. Бұл әсіресе КСРО-да араб әліпбиін 
жою саясатында айқын көрінді. Араб әліпбиін жоюдағы басты мақсаттардың бірі – халықты дін 
иелерінен алшақтату болды. Уақыт өте келе тек дін иелері ғана араб графикасындағы кітаптарды 
оқи алатын болды. Сол арқылы халық ғасырлар бойы араб әліпбиімен жазылған өзінің рухани 
байлығы мен ата-бабасының тарихынан қол үзіп қалды. Кеңестік идеология өзінің құшағын 
кеңге жайып, халықтың бойындағы діни сенімі мен діни сауаттылығын барынша жоюға 
әрекет жасады. Сөйтіп, бұқара халықты діннен бездіру үшін қолдан келген бар мүмкіндікті 
пайдалануға тырысты. Діннен безген адам – адамгершіліктен айырылады, ал адамгершіліктен 
безу – ұятсыздыққа әкеледі, арғы жағы не болатыны өзінен-өзі түсінікті. Бірақ та қазақ халқы 
екі нәрсені зердесіне мықтап тоқыды. Ол – мұсылман шариғаты және халықтың әдет-ғұрпы 
мен салт-санасы. Осы екі қайнар бұлақтан сусындаған қазақ халқы елдігін сақтай отырып
тағдырдың тәлкегінен аман-есен шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет