«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
107
«Кітаптарды тану» сияқты еңбектері жарық көрді. Кешимов қазақ балалары орыс тілінде білім
алса ұлттық құндылықтардан жұрдай болып өседі деген пікірде балаларды орыс мектептеріне
жіберуге қарсы шыққан. Осы мәселе төңірегінде Айқап журналына
көптеген мақалалар
жариялаған.
Қазақ жәдитшілдерінің арасында Мұқамметжан Сералиннің еңбектерін атауға болады.
Тройцк қаласындағы Ресулие медресесінде білім алған Сералин Мержанидің еңбектерін
оқи отырып әлеуметтік, діни және әдет салттарды қорғай отырып,
Батыста дамыған білім
мен жаратылыстануды үйренуге болатындығын және осыларға қол жеткізу үшін орыс тілін
білу керек екендігін айтқан. Сералин медреседегі оқуын тәмамдап, Қостанайдағы қазақ-
орыс мектебінде білім алған. Содан кейін Торғай уезінің Ырғыз қаласына қарасты ауылдық
мекенжайда
өз мектебін ашып, жаңа әдіспен білім берген. [8,152]. Еділ-Орал аймағындағы
ақпарат құралдарынан қатты әсер алған Сералин қазақ мәдениетінде маңызды орны бар Айқап
журналын 1911 жылы жарыққа шығарған. Исмайл Гаспыралының басшылығымен дамыған
жәдитшілдікдің қазақтарға әсерін Сералиннің И. Гаспыралының өлімінен кейінгі жазған «Орны
толмайтын өлім» атты мақаласынан аңғаруға болады.
ХХ ғасырдың басында жәдитшілдікпен бірге дамыған түркішілдік ағымының символы
ретінде Маған Жұмабаевты айта аламыз. М.Жұмабаев 1905
жылы Қызылжар қаласының
байларының бірі, Ыстанбулда университ оқыған Мұқамметжан Беришевтің ашқан медресесінде
білім алған. Бұл медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім ошағы болатын. Медреседе
араб, парсы және түрік тілінде білім берілген. Сонымен қатар түрік тарихы жан-жақты
тереңдетіліп оқытылған [1,33]. 1910 жылы Мағжан Жұмабаев медреседе бірге оқыған досы
Бекмұқаммет Серкебаевпен бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім алуға келді. Бұл
жылдарда Ғалия медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан Ибрахимов сияқты ұстаздар
тәлім берген [10,6]. Жәдитші қайраткерлермен Уфада танысқан Мағжан шығармаларында
Қазақстанда дамып келе жатқан түрікшілдік ойын қазақтардың
менталитетіне қарай жаза
бастады. Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік әлемі туралы тақырыптар
көптеп кездеседі.
Осылармен қатар, Ислам дінін жаңашалап жәдитше жазған қазақ қайраткерлерінің бірі –
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Исламды қазақша айту, Құранды қазақшаға аудару, сонымен қатар
діни кітаптар жариялау сияқты қарқынды жұмыстар жүргізген Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде Исмайл Гаспыралы туралы ойларын баяндаған. Шәкәрім
«Абайдан кейінгі ұстазым ретінде Тержуман газетінің иесі Исмайл Гаспыралыны айтсам артық
айтқандық болмайды. Оның газетін оқыдым, көп нәрсе үйрендім. Алла тағала екі дүниеде де
мақсатына жеткізсін. Аумин» деп Гаспыралы туралы пікірін баяндаған [14,649].
Татарлардың қазақ даласына келуімен басталған татар – қазақ қатынасы бастапқы кезде
діни бағытта болған. Одан кейінгі жылдарда Еділ-Орал аймақтарындағы медреселерде білім
алған қазақ жастарының болуы, жәдит қозғалысына атсалысулары Қазақстан жерінде де қолдау
тауып жатты. Жәдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жәдит медреселері ашылып,
білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырды. Қазақ қайраткерлері
Гаспыралының «тілде, пікірде, істе бірлік» сөзін дамытуға ат салысты.
Достарыңызбен бөлісу: