Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет69/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания // Казахстанская 
правда, 2017, 13 апреля.
2. История Коммунистической партии Советского Союза. – М.: Высшая школа, 1987.
3. Стариков Н. Правда о депортации крымских татар // http: n.starikov.ru.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
104
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ТАТАРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ 
ҚАЗАҚ ЖӘДИТШІЛІГІНІҢ ДАМУЫ
Ә.Б. Алмауытова,
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті,филология ғ.к.
Қызылорда қ., Қазақстан
Қазақстанның мәдени дамуына әсері болған татарлардың қазақтармен алғашқы қарым 
қатынасы Ресейдің 1552 жылы Қазан хандығын өз қол астына алғаннан кейінгі жылдарда 
басталған. Ресей империясының қол астында қалған татарлар экономикалық дамуын одан 
әрі жалғастыру және ұлттық, діни салттарын жоғалтпау үшін қазақ жеріне көшуге мәжбүр 
болды. Осылайша татарлар мен қазақтардың арасында алғашқы мәдени байланыстар құрыла 
бастады. Ресей екі халықтың достығын пайдалана отырып, көптеген іс-шаралар жасауға 
ұмтылды [7,33]. Осы мақсатпен II Катерина 1787 жылы мұсылмандардың ең көп шоғырланған 
Орынборға қарасты Уфа қаласына мұсылмандардың құқықтарын қорғайтын бір діни орталық 
ашуды ұйғарды. 1788 жылы сенат шешімімен Орынбор мүфтисі сайлаған болатын. Мүфтилік 
құрылғаннан кейін Ақмола, Жетісу, Семей, Торғай және Орал аймақтарындағы қазақтардың 
бір бөлігі осы мүфтилікке қосылғылары келетіндіктерін білдірді. Бірақ халық осы жағдайға 
байланысты екіге бөлінді. Бірінші жақ өз мүфтиліктерінің болғанын қаласа, екінші жақ Орынбор 
мүфтилігіне қосылғысы келетінін білдірді. Үкіметке білдірілген өтініштердің нәтижесінде 
жоғарыда көрсетілген аймақтарда тұратын қазақтар 1789 жылы Орынбор мүфтилігіне қосылған 
[13,103]. Қазақтар мүфтилікке қосылғаннан кейін қазақ жеріне татар дін өкілдері келе бастады. 
Татар имамдарының діни насихаттары қазақ жерінде тез арада қолдау тауып, жайыла бастады 
[17,64].
Ресей I Николай дәуірінде татар дін өкілдері арқылы Қазақстанда Құранның кең өріс 
алуына көп көңіл бөлді. [20,52] Үкіметтің қаулысымен ХVIII ғасырдың екінші жартысынан 
бастап Қазан татарларының бір бөлігі Орынбор қаласына көшірілді. Бір айта кететін маңызды 
жағдай, қазақтармен сауда жасайтын татарлар осы жерге қызмет жасау үшін орналастырылған 
болатын. Үкімет татар саудагерлерді қазақ жеріне орналастыру үшін керек болған жағдайда 
күш те жұмсаған. Мысалы, Орынбор қаласы құрылғаннан кейін 200 – ге жуық татар жанұясы 
қала маңындағы Қарғалы және Сейіт аудандарына орналастырылған [11,9]. Сауда-саттық 
мақсатымен қазақ жеріне орналастырылған татар саудагерлері жергілікті халықтың білім алуы 
және дінге деген бетбұрыстарын одан әрі дамыту жолында көптеген көмек көрсеткен. В.В.Радлов 
осы уақыт аралығында қазақ жерінде татар саудагелердің жергілікті халықтың үйлерінен ашып 
берген мектептерде сабақ бергендігін және діни бағытта қызу жұмыс жасағандығын айтады 
[17,124]. Татарлардың ең көп шоғырланнан жері Семей қаласы болатын. 1897 жылы осы 
аймақтағы татарлардың саны 700 мыңға дейін жеткен. 
Еділ, Орал аймағындағы медреседе білім алған татар оқушылары да қазақ жеріне әсер 
еткен бірден бір фактор. Медреседе білім алған татар оқушылары әрі табыс табу, әрі тәжірибе 
жинақтау мақсатымен жаз айларында Қазақстанға келіп қазақ балаларын оқытқан. Атақты татар 
жазушысы Ғалымжан Ибрагимов та бірнеше жыл қазақ балаларын оқытқан болатын. Оның 
«Қазақ қызы» атты романы осы күндердің жемісі болып табылады [21,100]. 
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында татарлардың әсері белгілі дәрежеде өте қарқынды 
дамыды. Жоғарғы лауазымды қызметкерлер, аудармашылар татарлардан шыға бастады. 
Тіпті татар тілі қазақ мектептерінде ресми тіл ретінде оқытыла бастады [20,52]. Татарлардың 
Қазақстандағы білім беру жұмысы аз уақытта өз нәтижесін беріп, татар мәдениетінің қазақтарға 
әсері көріне бастады. Бірақ Қырым соғысынан кейін Ресей ислам саясатын өзгертіп, татарлардың 
әсерін қазақтарды орыстандыру үшін қауіпті деп санап өз шараларын қолдана бастады. Осы 
уақыт аралығында Ресейде белең алған ұлтшылдық саясатының нәтижесінде орыс ғұламалары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет