«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
162
Есқараевтың есімімен аталатын ведомстоволық музей ашылып, оның жауынгерлік және еңбек
даңқына, өміріне қатысты барлық мағлұматтар жинақталуда. Сондай-ақ, бүгінде облыстық
прокуратура жанында С.Есқараевқа арналып бюст ашылды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «…
Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке
сақтап жеткізу, өзге жұрқа барымызды көрсетіп насихаттау – абыройлы міндеттің бірі» деген
болатын. Біздер бүгінде бар болғаны 41 жасында мерт болып, артына өшпес атын қалдырып
кеткен жерлесіміздың өмірімен әруақытта да мақтанамыз. Сүлеймен Есқараев есімі еліміздің
құқық саласы тарихына ғана қатысты емес, ірі саяси және мемлекет қайраткері екенін тарихтан
сыр тартқан құжаттар айғақтайды. Ол негізін салған Қазақстан прокуратурасы Заңның үстемдігін,
оның бірыңғай және біркелкі қолданылуын, еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің бірлігі
мен орнықтылығын қалтқысыз қамтамасыз етіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: