Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет131/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   225
Память во имя будущего

Барлығы:
6191
26924
Бұл 26 924 адамның 5311 ер азаматы, 4865 әйелі және1524 жасөспірімі еңбекке жарамды деп 
танылып жұмысқа тартылды.1944 жылдың бірінші қарашасына дейін Қызылорда облысындағы 
күштеп қоныс аударылғандар ішінен 3451 адам қайтыс болды, бұлардың басым көпшілігі 
шешендер мен ингуштар болды. Баста облысқа 26924 шешен мен ингуш әкелінсе 1945 жылдың 
10 қаңтарына дейін 22214 адамы қалған. Олардың 10 пайыздан астамы бір жыл өтпестен 
қайтыс болды. Әсіресе көп қайтыс болғандар Қазалыда – 585 адам, Қармақшыда – 678 адам, 
Тереңөзекте – 639 адам болды.
Кесте – 3. 1944 жылы облыста қайтыс болған күштеп қоныс аударылғандар саны

Ауданы
Қайтыс болғандар саны
1.
Арал 
206
2.
Қазалы 
585
3.
Қармақшы 
678
4.
Жалағаш 
696
5.
Тереңөзек 
639


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
187
6.
Сырдария 
64
7.
Шиелі 
347
8.
Жаңақорған 
239
Қайтыс болғандардың көп болуының негізгі себебі жаппай эпидемиялық аурулардың 
орын алуы болды. Бірінші кезекте сүзек ауруы және дистрофия яғни адам ағзасының нашар 
тамақтануына байланысты әлсіреуі нәтижесінде болды.
Қазақстан колхоздарына жайғастырылған 68969 жан ұялардың 60429 жанұясы колхоздарға 
қабылданды. Қызылорда облысы бойынша ауылды елді мекендерге орналастырылған 
қоныстанушылардың 2857 жанұясы колхоздарға орналастырылды. 
Кесте – 4. Қызылорда облысы колхоздарына қабылданған шешен, қалмақ, ингуш жанұяла-
рының саны және бақша егуге жер телімін алған жанұялар саны

Ауданы
Колхозға қабылданған жанұялар саны
Бақша егуге жер алған жанұялар саны
1.
Қазалы 
364
460
2.
Жалағаш
488
455
3.
Сырдария
89
110
4.
Жаңақорған
376
13
5.
Қармақшы
248
180
6.
Тереңөзек
521
79
7.
Шиелі
769
599
Қызылорда облысындағы шешен, ингуш, қалмақтарға мал беріліп, жағдайларын жақсартуға 
жағдай жасалды. Мұрағат құжаттары бойынша оларға 1945 жылдың 10-қаңтарына дейін 
төмендегі кестеге сай мал берілді.
Кесте – 5. Шешен, ингуш, қалмақтарға берілген мал басы саны [9,12п.]

Аудандар
Ірі қара саны (бас)
Ұсақ мал саны (бас)
1.
Арал 
124
537
2.
Қазалы 
243
193
3.
Қармақшы 
36
76
4.
Жалағаш 
148
1971
5.
Тереңөзек 
133
1806
6.
Сырдария 
183
1026
7.
Шиелі 
120
1324
8.
Жаңақорған 
38
1145
Барлығы 
1025
8088
Қазіргі Грузиядағы Месхетия ауданы XVI ғасырда Туркияның қол астында болды және 
мұндағы түрік диаспорасы 1829 жылы орыстар келгеннен кейін де қала берді. Ұлы Отан 
соғысы жылдарында бұл жерлерде немістер, я олардың одақтастары болған жоқ. Бірақ осы 
жерді мекендеген түрік халқының өкілдері депортацияға ұшырады. Түріктерді көшірудің 
себебін бұл құнарлы жерлерді Берия грузиндерге алып беру үшін жасаған ба деген ой туады. 
Қазақстанға 6309 түрік жанұясы – 27833 адам, Өзбекстанға 10756 жанұя -53127 адам көшірілді. 
Бұл кезде Месхетияның 40 мың түрік азаматы Ұлы отан соғысы майдандарында соғысып жатты. 
Бұлардың 26 мыңы ұрыс далаларында қаза тапты. Әскер қатарындағы түріктерде босатылып, 
туыстары көшкен жаққа жіберілді. Грузиядан қөшірілген түріктер Қазақстанның 5 облысына 
жайғастырылды.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
188
Қызылорда облысы бойынша арнайы қоныс аударылғандарды шаруашылықтарға 
жайғастыруға жауапты бөлім басшысының мұрағат құжаттарында сақталған мәліметі бойынша 
Солтүстік Грузиядан көшірілген месхетия түріктерінің 356 жанұясы (1857 адам) Қызылорда 
облысының 6 ауданына орналастырылды [6,11-12 п.]. 
Кесте – 6. Месхетия түріктерінің Қызылорда облысы аудандарына орналастырылуы
Қоныстанған ауданы
Жанұя саны
Адам саны
Шиелі ауданы 
61 жанұя
327 адам
Арал ауданы 
72 жанұя
354 адам
Қазалы ауданы
53 жанұя
327 адам
Қармақшы ауданы
65 жанұя
324 адам
Сырдария ауданы
49 жанұя
250 адам
Жаңақорған ауданы
56 жанұя
275 адам
Барлығы 
356 жанұя
1857 адам
Алдыңғы мәлімете Қызылордаға көшірілген түріктердің жанұясының саны 373 деп, 
кейінгісінде 356 деп көрсетілген, шындығына келгенде алдыңғысы дұрыс-ау, себебі 1945 
жылдың 10 қаңтарындағы мәліметте облыс жеріндегі түрік жанұяларының саны 366 деп 
көрсетілген, мүмкін бұлар кейін әкелінгендер болар, я жағдайдың қиындығына байланысты бір 
үйден бөлінген жанұялар қайта қосылған шығар. 
«Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұран көтеріліп ер азаматтар майданға кеткенде, 
депортацияланған халықтардың азамматтары тылдағы еңбек майданына жіберілді. Еңбек 
майданы, соғыс майданынан кем болмаған неміс ұлт өкілдерінің статистикасынан көруге 
болады. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға көшірілген 420 мыңнан астам немістен соғыстан 
кейін 330 мыңы ғана тірі қалған [10,321 б.]. Еңбек майданына сәйкес құжаттарды көріп отырып, 
кеңес үкіметі тегін жұмыс күшін көбейту үшін депортацияны әдейі ойлап тапқан ба деген ой 
келеді. Не болғанда да Ұлы Отан соғысы кезіндегі депортацияланған халықтар – сотталған 
халықтар тағдырын тартты деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет