«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
191
өлімі болған жоқ. Осы құжаттардан барлығы
932 есім анықталды. Жоба жұмыс істеген бір жыл
ішінде барлығы
1316-нан аса есім анықталды.
Осындай есепке алу тізімдері коммунист еместерден де шығуы мүмкін. Қазіргі сәтте ҚР
Президенті архивіндегі комсомол қорлары зерделенеіп жатыр. Сондай-ақ 1930–35 жж. ауылдық
кеңес құжаттары мен балалар үйлері құжаттары сияқты деректер көздерін зерделеу қажет.
Ондай
құжаттар облыстық, орталық мемлекеттік архивтерде. Еліміздің барлық архивтеріне
сұрау салу жасалып, ашаршылық құрбандарының есімдері болуы мүмкін нұсқаулық құжаттар
көрсетілген болатын. Алайда мұндай іздестіру жұмысы уақытты талап етеді. Әріптестеріміз
осы жобада жоспарлы түрде жұмыс жасап жатыр.
Өз халқының өткеніне ұқыптылықпен қарау, құрбандардың есімдерін есте сақтау – бұл орта,
жас буынның келешек ұрпақтары алдындағы парызы. Бұл жерде үлкен тәрбиелік мән жатыр.
Мысалы Қытайдағы қазақтардың кішкентай балаларына дейін ашаршылық жылдарында қаза
болған ата-бабаларының толық есімдерін және қай жерде, қалай қаза болғанын біледі. Оны
әдейі үйретіп отырады екен. «Мәңгілік Ел» идеясының даусыз да, өзекті ұғымдарының бірі
осында.
Жалпы 30 жылдардағы қазақ басына түскен қасіретті зерттеу өте күрделі мәселе.
Осы жылдары халықтың саны 5 млн. 873-тен 1930–1933 жж. 3 379,5 мың адамға кеміген [4].
1929–1931 жж. елде 372 халық көтерілістері болғаны белгілі. Көтерілістерді жазалушы отрядтар
аяусыздықпен басты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Т. Омарбеков Мемлекеттік
біріккен саяси басқарма көтерілісте ұсталған 5551 адамды соттап, оның 883-ін атып тастаған
деген деректі береді. 372 көтерілістің шайқас алаңдарында екі жақтан да қаза болғандар бар.
Сібірге 3-10 жылға жер аударылғандардың тағдыры не болды. Ет, астық, жүн салықтарын
орындай алмағандар жергілікті жерлердің түрмелеріне лық толды. Онда да қаза болғандар бар.
Жалпы осы жылдар аралығында БМСБ үштігі сотқа тартылған 22, 930 адамның ісін қарап, оның
3 386-сын атуға кескен, 13,151-н 10 жылға лагерлерге айдаған [5]. Сотсыз атылып кеткендер
бар. Босқыншылықты тоқтату кезінде атыс-шабыста қырылып кеткендер бар. 80 мыңға жуығы
шет елге қашқан. [5, 7-б.]. Осылардың барлығы ашаршылық құрбанына жата ма? Біз 30-шы
жылдардағы ашаршылық зардабынан халықтың 49% жойылып кетті деп бір-ақ айтамыз.
Кез келген оқырманда тек ашаршылықтан осынша ел қырылды деген түсінік пайда болады.
Ашаршылық құрбандары сайты сияқты нақты ғылыми іздестіру шаралары жүргізілгенде 2,5
млн-ды іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан алдымен көтерілістерде қаза болғандар мен ату жазасына
кесілгендердің есімдерін анықтап алу қажет. Мұндай деректер сот ісіне қатысты болғандықтан
оларды анықтау жеңілірек болады. Сонда таза ашаршылық құрбандары саны айқындала түседі.
Ал мұндай есімдер БМСБ жиынтықтарында, ҰҚК архивінде бар. Бұл есімдерді ашаршылық
базасына енгізуге болмайды. Оларға осы сайттың ішінде жеке тізім жасау қажет. Яғни жобаның
ауқымы
кеңейеді, атауы да өзгереді – «30- жж. Нәубат», «қасірет», «зобалаң».
30 жылдардағы қасіретін зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан уақытты, жұмыс күшін,
жүйелі, байсалды жұмыс істеуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: