Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет134/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі: 
1. 32-нің зұлматы (профессор Қ. М. Атабаев жетекшілік жасаған тарихи-этнологиялық 
экспедиция деректері): деректер жинағы /құраст.: Т. Ә. Төлебаев, Г. Е. Сабденова. ҚазҰУ. – 
Алматы; Қазақ университеті, 2014. – 308 б. 
2. ҚР Президентінің Архиві. 141-қ. 1-т. 5293 іс, 13-п.
3. ҚР Президентінің Архиві. 141-қ. 1-т. 7155 іс, 8–194-п.
4. Т. Омарбеков. 20–30 жж. Қазақстан қасіреті. –Алматы, 1997. – 306-307-б.
5. Т. Омарбеков. Голодомор в Казахстане. Причины, масштабы, итоги. Арыс. – Алматы, 
2009. 11-б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
192
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ МҰСТАФА ШОҚАЙ
С.Т.Тайман,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің доценті, тарих ғ.к.
Қызылорда қ., Қазақстан
ХХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ халқынының басынан өткерген аса қасіретті 
жылдар – 1917-1940 жылдар болып есептеледі. Бірнеше ғасырдан бері отар елдің тепкісін, 
теперішін көрген халықтың ұлттық санасы аз ғана уақыт ішінде жаңғырып кете алмайды. Бұл 
жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық 
мақаласында былай деді: «ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр 
болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән 
жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, 
ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі 
жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, 
еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды». ХХ ғасырдағы 1916 
жылы басталған ұлт-азаттық көтерілісі қырғынмен басталып, одан кейін азамат соғысы, 1921-
1922 жылдардағы ашаршылық, алаш қайраткерлерін қуғындау, соттау, 1931-1933 жылдардағы 
қазақ халқының тең жартысын қырғынға ұшыратқан, яғни қолдан жасалған аштықпен, 
«халық жауларын» әшкерелеу, ату, айдаумен жалғасты. Қазақтарды құлдық және мәңгүрттік 
жағдайға түсіру мақсатында оларды жерінен, тілі мен дінінен айыру саясаты аса құйтырқылық 
әдістермен жүйелі түрде жүргізілді. 1917 жылдан басталған ашаршылық, рухани және мәдени 
өмірдегі халықты орыстандыруға бағытталған айла-шарғылар, саяси қуғын-сүргін салдарынан 
қазақ халқы өзінің ұлттық бірегейлігінен айырылады, миллиондаған қазақ шетелдерге қоныс 
аударып бас сауғалайды. 1917 жылға дейінгі 6 млн қазақтан 1939 жылы екі миллионға жетер-
жетпесі қалады.
Осы кезеңде шетелде алғаш рет большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған 
саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған XX ғасырдағы қазақ саяси 
эмиграциясының тарихын бастаушысы, алаштың көрнекті тұлғасы М. Шоқай болды. Мұстафа 
Шоқай шетелде жүріп Қазақстандағы кеңестік ұлт саясатының қалай жүріп жатқанын әр уақытта 
назарында ұстады. М.Шоқай шет елде жүрсе де елдегі ахуалдарға да құлақ түріп, кеңес өкіметі 
халық басына түсірген нәубетті, ашаршылық, қуғын-сүргін қырғыны туралы да Еуропа елдеріне 
жария етіп, қылмысын әшкерелеп отырды. 1923 жылдың көктемінде Парижде М. Шоқай 
Еуропа елдерінің мемлекет, қоғам қайраткерлері мен журналистері қатысқан конференцияда 
баяндама жасайды. Кейін ол «Orient et Occident» журналында жарияланып, көпшілік назарына 
ұсынылады. Баяндамада Түркістанның басқа мұсылман елдері қауымдастығындағы орны, 
отарлануы, большевиктер үстемдігінің орнауы, ашаршылық, орыс саясатының салдары т.б. 
мәселелер төңірегінде нақтылы мағлұматтар беріліп, ұлт-азаттық қозғалысының алдында 
тұрған бірден-бір мақсат ретінде Түркістанның толық тәуелсіздікке жетуі туралы мәселе 
тұңғыш қойылады [1]. 
Шетел басылымдарында және «Яш Түркістан» журналының беттерінде жарық көрген 
М. Шоқайдың еңбектері Кеңес Одағы құрамындағы мұсылман халықтарының тәуелсіздік 
үшін күресінің әділеттілігіне әлем жұртшылығының көзін жеткізеді. Оған ағылшын, 
француз, американ, итальян, скандинавиялық басылымдардағы қазақтарды қолдан қырғынға 
ұшырату жөніндегі кеңес саясатына қарсы пікірлер дәлел бола алады. Француз Социалистік 
партиясы басшыларының бірі Пьер Ренодель Кеңес одағындағы мұсылман халықтарын 
жүйелі түрде қуғындау, жергілікті халықты ашаршылыққа ұшыратқан жалған реформа бүкіл 
өркениетті халықтар тарапынан айыпталуы тиіс деп үн көтереді [2]. Қазақтар мен Орта Азия 
халықтарының арасында Қазан революциясынан кейін орын алып отырған ашаршылық 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
193
туралы А. Байтұрсыновтың В. Ленинге хаты туралы, «Кеңес қоластындағы қазақтар» 
(1921), «Ашаршылық және большевиктердің Түркістандағы ашаршылық саясаты» (1923), 
«Түркістандағы ашаршылық» (1923), «Ферғанадағы ашаршылық және оны ұйымдастыруға 
Кеңес өкіметінің қатысы» (1923), «Ашаршылық» (1924), «Қазақтар арасындағы ашаршылық» 
(1926), «Большевиктердің Түркістандағы ашаршылық саясаты» (1927) және тағы басқа 
мақалалары «Дни», «Последние новости», «Үеnі Türkistan» секілді басылымдарда жарық көрді. 
1933-1934 жылдары Қазақстандағы ашаршылық зұлматы жөнінде «Нью-Йорк 
ГеральдТрибюн», «Нью-Йорк Таймс», «Манчестер Гардиан», «ДейлиТелеграф», «Матэн», 
«Фигаро», «Нойе Цюрихер Цайтунг», «Газеттде Лозанн», «Стампо» және басқа да басылымдарда 
жазылады. Сонымен бірге М.Шоқай Англия герцогинясы Атольскаямен кездескенде оған 
Кеңес одағындағы ашаршылық туралы кеңінен айтып береді. Ағылшын герцогинясының түркі-
мұсылман халықтарының жеріне ашаршылық Қазан революциясы мен азамат соғысына іле-шала 
келгендігі, оның көп жағдайда Кеңес өкіметі тарапынан арнайы ұйымдастырылғаны, көшпелі 
және жартылай көшпелі аудандардағы халықтың жағдайы, ашаршылықтың Кеңес өкіметінің 
оларды отырықшыландыру және ұжымдастыру секілді солақай саясатының салдарынан орын 
алғандығы, 20–30 жылдардағы нәубеттен қазақ халқының жартысынан астамының құрбан 
болғандығы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлері туралы 
әңгімеден үлкен әсер алады. Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеуші, тарих ғылымдарының 
докторы, профессор К.Л.Есмағанбетовтың пікірінше «Бұл жағдайлар М. Шоқайдың 
қазақтардың жартысынан астамын қырғынға ұшыратқан 30-жылдардағы ашаршылықты 
құпия ұстауға тырысқан Кеңес өкіметінің зұлымдықтарын әлем жұртшылығы алдында алғаш 
әшкере еткендігін көрсетеді. 1933–1934 жылдары «Обсервер», «Таймс», «Геральд Трибюн», 
«Морнинг пост» т.б. басылымдарда «қазақтардың қасіреті» атанған алапат ашаршылық туралы 
мақалалардың жарық көруі М. Шоқайдың Англияға сапарлары барысындағы сұхбаттарынан, 
герцогиня Атольскаяның салонындағы әңгімеден бастау алды деуге толық негіз бар» деп 
топшылайды [3]. Ғалым осыдан кейін ғана әлем жұртшылығының пікірінен мазасызданған 
Кремль 1933 жылдан бастап қазақтарға жеңіл-желпі көмек көрсетуге шырай танытқанын 
дәлелдейді. 
Шетелге эмиграцияға кеткен М.Шоқайға қолы жетпеген чекистер Кеңес баспасөзінде М. 
Шоқайды «ағылшындарға қызмет етеді», «дүниежүзілік империализмнің агенті», ал қуғын-
сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларын «М. Шоқайдың агенті» деп айыптады. Бір ерекшілігі, өзінің 
барлық еңбектерінде Мұстафа Шоқай өзімен байланыста болған адамдардың қуғын-сүргінге 
ұшырауына түрткі болмауы үшін олардың есімдерін ауызға алмайды.
Деректерге сүйенсек, 1937-38 жылдары кеңестiк тоталитарлық жүйе жүргiзген солақай 
саясаттың ауыр зардаптарын арқалаған азаматтар мен сол жылда құрбан болған ұлт 
зиялыларынмен қатар, бiр ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың 
жалпы саны 25 мың адамнан асып жығылды. Сонымен қатар, сталиндiк қылмысты ұжымдастыру 
салдарынан 1,5 миллионға жуық қазақ көз жұмды. 1930-1932 жылдары 1,5 милион қазақ туған 
жерден шетелдерге бір жола көшiп кеттi. 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың 
адам ғана болды. Ал 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргiннен бастап Сталин дүниеден өткенге 
дейiнгi аралықта Қазақстанда 103 мың адам, оның төртен бір бөлігі «ОГПУ – НКВД үштiктерi» 
үкiмiмен, сот үкiмiмен атылды. Алайда, тарих ғылымында бұл кезеңнің ақтаңдақтары әлі де 
болса толық ашыла қойған жоқ. Бүгінгі зерттеулер нәтижесінде бұл сандар бірнешеге артып 
жатса таңқалуға болмайды. 
Бүгінде құлдықтың, қасіреттің, аштықтың, бодандықтың не екенін білмейтін жас ұрпақ 
өсіп келеді. Сондықтан бұл ұрпақ өткен тарих тағылымынан ғибрат алып, ғасырлар бойы 
күрестің жемісімен келген жеңісті баянды ету үшін үнемі тарихи жадымызды жаңғыртуды 
әрбір отбасында дәстүрге айналдыру керек. Сонда ғана мәңгілік ел болуды мақсат етіп отырған 
халқымыздың арманы шын мәнінде жүзеге асады деген сенім мол.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет