Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет132/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Бугай Н.Ф. Иосиф Сталин – Лаврентию Берия: «Их надо депортировать...». – М.: Дружбы 
народов, 1992. – 286 с.
2. Бугай Н.Ф. 40-е годы «Автономию немцев Повольжья ликвидировать...» // История 
СССР. 1991, №2.
3. Военно исторический журнал, 1990. – №9.
4. Верт А. Россия в войне 1941-1945 гг. – М:.1987.
5. ҚР ОММ, 1987 қор, 1 тізбе, 16 іс.
6. КООММФ 268 қор, 2 тізбе, 2964 іс.
7. ҚР ОММ 1987 қор, 1 тізбе, 9 іс.
8. ҚР ОММ 1987, 1 тізбе, 18 іс.
9. КОММФ. 268 қор, 2 тізбе, 2964 іс.
10. Алдажуманов К.С. Трудармейцы Казахстана: истории и судьбы // Депортированные 
вКазахстан народы, время и судьбы Алматы, 1998 С 315-340.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
189
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ
«1930 Ж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ»
 ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ» 
А.Ә. Сейсенбаева,
ҚР Президенті Архивінің бас cарапшысы
Алматы қ., Қазақстан
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Конференцияны ашу сөзінде ҚР 
Президенті Архивінің «1930 жж. Қазақстандағы ашаршылық» жобасы туралы атап өтті. Бұл ҚР 
Президенті Архивінің ғылыми жобаларының бірі болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Қазақстан тарих ғылымы ауқымды мәселелерді 
зерттеп алды. Соңғы жылдары қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігін зерделеуге ден 
қойылды. Өйткені нағыз тарихты жасаған қара бұқараның өмірбаянынан тарихи ақтаңдақтар 
ашылуы хақ. 1930 ж. ашаршылық құрбандары да осындай ғылыми назардан тыс қалмауы тиіс. 
Ашаршылықтың құрбандары қарапайым ауыл адамдары болғандықтан күні бүгінге дейін 
есімдері белгісіз күйінде қалып келді. Бұл нәубеттен кімдер қаза болды деген мәселе сол кезде 
ешкімді және еш билікті қызықтырмады. Ашаршылықтың негізгі түрткісі болған большевиктер 
партиясын адамнан гөрі олардың партия билеттерін түгелдеумен болды. 1934 жылға дейін 
Қазақстанда бала дүниеге келгенде тіркеу-ресімдеу, құжаттау (метрке беру) үрдісі болмаған, 
сондай-ақ отбасын құрғандарға азаматтық хал ахаулын куәләндыру құжаты да түзілмеген. 
Жүргізілген мемлекеттік халық санақтарында да мәліметтер адамдардың аты-жөні бойынша 
емес, әр отбасының саны бойынша түзілді. Сондықтан да аштан қаза болғандардың есімдері 
туралы арнайы түзілген деректер жоқтың қасы. Мұндай мәліметтерді алу үшін халық жадына 
сүйену де жеткіліксіз. Өйткені оқиға куәгерлері азайып барады, ал олардың ұрпақтары 3-4-ші 
буын болып кетті, естеліктер санадан шықты. Бұған ұлттық идеологияның қарусыздығы да әсер 
етеді. Дегенмен еліміздің деректанушы ғалымдары тарихқа қайта үңілу үрдісі жаңа басталған 
90-шы жылдары-ақ арнайы экспедиция ұйымдастырып, бүкіл республиканы аралап, көз 
көргендерден деректер жинақтаған екен. Алайда экспедиция шеңберінде нәубетте қаза болған 
2,5 миллионды жинау мүмкін емес еді. Ал қазір инновациялық технология дамыған заманда 
ақпарат алмасу тәсілі анағұрлым жоғары деңгейге көтерілді. Дәл осы үрдісте ХХ ғасырдың саяси 
тарихын басты сақтаушы болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Архиві өз 
қызметінде деректі мұраларды сақтаумен қатар, электронды құжаттық негізде зерттеу жүйесін 
қалыптастыру жаңа бастамаларын міндет етті. Осындай бастамалардың бірі «1930–1933 жж 
Қазақстандағы ашаршылық» жобасы. Негізгі мақсаты – қасіретті жылдардағы құжаттарды бір 
орталыққа шоғырландыру және нақты ашаршылық салдарынан қаза болған азаматтарымыздың 
аты-жөнін анықтап, республикалық бірыңғай электронды мәліметтер базасын жасау болып 
табылатын жоба бүгін де жұмысын жалғастыруда. Бұл база қазақ халқының тарихи мұрасын 
жаңартудың тетігі болып табылады. Сондықтан ол көпшілікке арналып жасалған, яғни оны 
толтыруға ашаршылық жылдары нәубетке ұшыраған адамдар туралы қандай да бір мәліметі 
бар кез келген азамат қатыса алады. www.asharshylyq.kz сайтының Ашаршылық құрбандары 
деректер базасына мәліметтерді енгізу үшін сайтта көрсетілген арнайы нысан бойынша 
толтыруға болады. Базада жеке басы, оның ұлты, туған күні мен өлген күні, туған жері сияқты 
жеке мәліметтері жазылады. Базадағы Босқыншылық деген тарауда ашаршылық салдарынан 
қоныс аударғандардың көшкен жылдары мен жерлері қосымша көрсетіледі. Сонымен бірге 
берілген арнайы бағанда дерек көзі көрсетіледі. 
Өткен жылы наурыз айында Архивте осы мәселеге арнап үлкен Дөңгелек үстел өткен 
болатын. Оған ашаршылық тақырыбында жазған жазушылар, тарихшылар, сондай-ақ барлық 
облыстық архив басшылары қатысты. Онда халыққа қаза болған туыстары туралы мәліметтер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет