Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет168/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   225
Память во имя будущего

МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР
С.Т. Тайман,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, тарих ғ.к., доцент
Қызылорда қ., Қазақстан
Адамзат баласы пайда болғаннан бері адамдар арасында, мемлекеттер арасында әртүрлі 
қақтығыстар, жанжаддар өрбіп, оның соңы үлкен соғыстарға ұласып жатты. Жаңа жерлер мен 
ыкпал ету аймақтары үшін де басқыншылық соғыстар жүргізілді. Соның бірі 1941-1945 жылдар 
болған Ұлы Отан соғысы. 1418 күн мен түнге созылған алапат бұл соғыс сол дәуірдегі ең алапат 
соғыстың бірі, бірі емес бірегейі. 
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ 
халқының қосқан үлесін, қазақстандық жауынгерлердің майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп 
өткендігі, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен 
шайқас болмағандығы туралы,Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан экономикасының 
дамуының көптеген аспектілері отандық тарихшылардың еңбектерінде қамтылған. Қамтылған 
десек те майданнан келген хаттар әлі де толық зерттелген жоқ деп есептеуге болады. Бүгінде 
мұрағатта сақталған майдандық хаттар соғыс тарихынан қызықты мәліметтер бере алады. 
Жалпы алғанда майданнан келген хаттар – өмір ырқына бағынбайтын құжат болып есептеледі. 
Майданнан келген хаттарды сыртқы түріне, рәсімделуіне байланысты оларды бірнеше 
топқа бөлуге болады. Олар конвертке салынған хаттар, пошталық карточкі немесе ашық хаттар 
және қарапайым дәптер беттеріне жазылып, үшбұрышты етіп бүктелген хаттар. 
Ұлы Отан соғысы басталысымен майданнан елге, елден майданға жазылған хаттар саны 
күрт өседі. Соғыс жағдайында елдегі баспа қызметі конверттер мен ашық хаттар толық көлемде 
шығарып үлгере алмай жатты, оның үстіне майданның алғы шептеріне бірінші кезекте қару-
жарақ, азық-түлік, сонан соң ғана пошта салынған қаптар жеткізілді. Жауынгерлердің елге 
жазған хаттарын жіберуге конверттер жетіспеді. Осындай қалыптасқан жағдайда халық 
«солдаттық» деп атап кеткен үшбұрышты хаттар пайда болды. Үшбұрыш хаттар қалай 
жасалды? Олар қарапайым дәптердің парағын әуелі оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай 
бүктеп, бүктелмеген жері қалыптасқан тік бұрышты үшбұрыштың ішіне қайырылып енгізілді.
Бір ерекшелігі бұндай хаттар конверт секілді желімделмеді және оларға пошталық марка 
жапсырылмады, себебі хаттар міндетті түрде әскери цензурадан өтетінін білген жауынгерлер 
оны желімдемей, хаттың сыртына жіберілетін мекенжайын ғана жазып отырды. Ұлы Отан 
соғысы кезінде майданнан жазылған хаттарда далалық пошта мөрі мен оның жіберілген күні 
ғана жазылды. Жауынгерлерге хат жазғанда әскери бөлімнің орналасқан жерін көрсетуге қатаң 
тиым салынды. 
Бүгінде мұрағат қорларындағы сақталып қалған майдандық хаттарды зерттей келе, қатардағы 
жауынгерлердің елге хат жазатын дәптері болмаған жағдайда майданда жиі қолданылатын 
плакаттың сыртын немесе радиограмма бланкісін пайдаланғанын байқаймыз. 
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында аз болса да әртүрлі көлемдегі 
конверттер де шыққан. Олардың ішінде кездесетіндерінің негізгі көпшілігінің көлемі 15х13 
см – болып келеді. Бұл конверттердің сыртында патриоттық сарындағы иллюстрациялық 
суреттер мен мәтіндер жазылды. Мәселен, «Неміс басқыншыларына өлім (Смерть немецким 
оккупантам)», «Жауынгерлік (Воинское)» кейде «Майданнан хат (Письмо с фронта)» 
деп жазылса, суреттер көбінесе майдан мен тылдағы ерен ерліктер тақырыбына арналды. 
Мұрағаттарда, мұражай қорларында сақталған хаттардың көпшілігінде Ұлы Отан соғысы 
кезеңіндегі кеңес әскерінің әскери қимылдарынан көрініс, кеңес жауынгерінің мылтықпен 
ату сәтін бейнелеген тұлғасы және т.б. берілген. Сонымен қатар бұл суреттер астына «Били, 
бьём, и будем бить!!!», «Преследовать раненого немецкого зверя по пятам и добить его в его 
собственной берлоге», «Стреляю так: что ни патрон, то – немец!», «Мы можем и должны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет