«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
246
6309 түрік жанұясы – 27833 адам, Өзбекстанға 10756 жанұя -53127 адам көшірілді. Месхетияның
40 мың түрік азаматы майдан шебінде болды. Бұлардың 26
мыңы ұрыс далаларында қаза
тапты. Қаулы нәтижесімен әскер қатарындағы түріктер босатылып, туыстары көшкен аймаққа
жіберілді. Грузиядан қөшірілген түріктер Қазақстанның 5 облысына жайғастырылды;
– Алматы облысына – 2544 жанұя – 11004 адам;
– Жамбыл облысына – 822 жанұя – 3415 адам;
– Қызылорда облысына – 373 жанұя – 1826 адам;
– Талдықорған облысына – 337 жанұя – 1441 адам;
– Оңтүстік Қазақстан облысына – 2233 жанұя – 10147 адам.
Барлығы: 6309 жанұя – 27833 адам.
Мұрағаттағы 282-қордың, 1-тізіміндегі, 548-ісінің, 36-бумасы құжаттарды парақтасаңыз
көңіліңізге қаяу түсіретін деректер мен дәйектер бар. Осы жылдары облыстағы елді мекендердің
әлеуметтік, экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Ауылдарда қылмыс өсіп, зорлық-зомбылық,
ұрлық көбейген. Қоныстанушылар үлкен қиыншылықтарға тап болды. Орналасатын бос үйлердің
жоқтығы мен азық-түліктің бітуі, медициналық көмектің болмауынан олардың арасында түрлі
эпидемиялық аурулар тарады. Жұмысқа орналастыру барысында қоныстанушылар жұмыс таба
алмай, бір шаруашылықтан екіншісіне көшу барысы жиіледі.
Депортацияланған халықтар облыстар бойынша бір-бірімен байланыстар жасамау үшін
шашыратылып орналастырылды. Оларды қатал тексеруден үнемі өткізіп отырды. Олар
рұқсатсыз ешқайда бармады. Көрші ауылдардағы туыстарымен
араласуға қатал тыйым
салынған еді. Жамбыл облысының өзінде депортацияланғандарды бақылау үшін 11 комендатура
тағайындалды. Жергілікті қазақ халқы депортацияға ұшыраған барша халықтарға көмектесіп,
қамқорлық жасады.
Бүгінде сол кезеңдерде әкелінген түріктердің аймақтық орналасуы жағынан Жамбыл
облысында республика көлемінде екінші орынды иеленеді. Мұнда Қазақстандағы барлық
түріктің 34,6% шоғырланған, соның ішінде 36,6% ауылдықтар және 24,6% қала тұрғындары.
Егер ауылдықтарды алатын болсақ, онда олардың басым бөлігі осы облыстың Жамбыл, Меркі,
Байзақ аудандарында тұрады. Жамбыл облысы бойынша – Меркі ауданындағы Меркі, Жамбыл
және Нововоскресеновка
ауылдарында; Байзақ ауданындағы – Сарыкемер, Түймекент, Ровное,
Құмжота ауылдарында; Жамбыл ауданындағы – Пригородное және Асса ауылдарында; Шу
ауданының – Шу қаласы, Алға және Кемер ауылдарында шоғырлана орналасқан. 2013 жылдың
1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Жамбыл облысындағы түріктердің саны – 29354 адамға
жеткен екен. Бұл облыс халқының 32,4 %-ын құрайды [15, 205 б.].
1944 жылдың 8 ақпанынан 1944 жылдың 13 желтоқсанына дейін «Қордай ауданына арнайы
қоныс аударушыларды орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметті»
қарастырсақ,
қонысаударушыларды елді-мекендерге орналастыру тәртібі кестеде келтірілген.
Кесте – 2. Қордай ауданына арнайы қоныс аударушыларды орналастыру және жұмыспен
қамту туралы мәлімет
№
Елді-ме-
кендер
атауы
Кулактар
Немістер
Қарашай
Шешендер
Балқар
Барлығы
отба- -сы
адам
отба
-
сы
адам
отба
-
сы
адам
отба
-
сы
адам
от
-
ба-сы
адам
отба
-
сы
адам
1.
Роза-Люк-
сембург
96
358
63
221
159
579
2.
Красный
рисороб
26
95
26
95
3.
Буденный
43
148
43
148
4.
Молотов
3
11
19
64
27
102
49
177
5.
Трудовик
194
480
52
162
128
452
374
1094
6.
Сталин
43
143
43
149