Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет171/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Постановление ГКО от 6 июля 1941 г. «О мерах по усилению политического контроля 
почтово-телеграфной корреспонденции» // Военно-исторический журнал. – 1992. – № 2. – С.35.
2. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т.1. – Алматы, 2000. 38-39-бб. 
3. Құлбек Ергөбек. Жүрек қанымен жазылған хаттар. // Егемен Қазақстан. 26 наурыз. 2015ж.
4. ҚР ОММ 1634 қор., 1-тізбеғ 226 іс, 114-бет 
5. ҚР ОММ 1634 қор., 1-тізбеғ 226 іс, 85-бет 
6. Жаңарған Жаңақорған, Алматы, «Әл-Фараби». – 1998 ж.
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫ
С. Т. Тайман,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
тарих ғ.к., доцент
Қ.Б. Бектұрғанов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты
Қызылорда қ., Қазақстан
Түркістан халықтары ұлттық тәуелсіздігінің күрескері және идеологы Мұстафа Шоқайдың 
ісі мен болмысынан қандай да бір мін табуға тырысушылық көбіне кеңес соғыс тұтқындарына 
«сатқындар» ретінде қараушылыққа байланысты. Мұндай пікірлердің авторлары соғыстың 
бастапқы кезінде қалыптасқан күрделі жағдайды және тұтқындар құбылысын тудырған басқа 
да факторларды еске алумен басын қатырмайды. 1941 жылдың жазы мен күз айларында 
кеңес әсерлерінің барлық майданда аса ауыр жеңілістерге ұшырауы кеңес солдатының неміс 
тұтқынына қалай түскенін, әсіресе, мұнда адами факторлардың маңызды рөл атқарғанын 
анықтайды.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
253
Мұстафа Шоқай соғыс тұтқындары – түркістандықтардың есеп-қисабын жүргізген жұмысы 
жөніндегі жазбасында: «Тұтқындар екі категорияға бөлінеді: тұтқын қызыл әскерлер, яғни шын 
мәніндегі әскери тұтқындар және кеңес үкіметінің еріксіз еңбекке пайдаланғандардан, кеңес 
сотының шешімімен өкіметке қарсы түрлі іс-әрекеттері және қылмыстары үшін сотталғандар, 
яғни жай тұтқындар» [1, 148 б.] деп көрсетеді. 
Мұстафа Шоқай екінші категорияға жататын әскери тұтқындарды барлық неміс 
лагерьлерінен ұшырастырады. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының тұрғыны 
Хисметолла Абдрахманұлы Мұстафа Шоқаймен Погеген лагерінде кездескен кезінде әкесі 
Әбдірахманның молда болғандығы, мешіт ұстағандығы, 1937 жылы «халық жауы» ретінде 
сотталғандығы, 1941 жылдың наурыз айында армияға шақырылған кезінде Орал қаласының 
түрмесінде отырғандығы турасында хабарлайды [2, 95 б.]. Армияда Хисметолла Литваның 
Критенг уезіндегі №349 құрылыс батальонында жұмыс істейді, қолына мылтық ұстамаған. 
Соғыс 22 маусымда сағат 4-те басталады, сол күні тұтқынға өз еркінмен түстім деп ағынан 
жарылады. 
Мұстафа Шоқайдың неміс лагерьлерін аралауы және тұтқындармен араласуы олардың 
тұтқынға қалай түскендігі, мұнда сағат сайын, күн сайын өмір үшін күресуге мәжбүр екендігі 
туралы адам сенгісіз сұмдық жағдайлардың бетін ашады. 
Олар туралы М. Шоқай: «Тұтқындар арасында жер аударылғандардың балалары немесе 
атылып кеткен буржуйлар мен кулактардың туыстары көп кездеседі. Олар, бұл жас адамдар, 
кеңес өкіметі үшін және жат отан үшін шынында да соғыспаған болуы керек» деп ой түйіндейді.
Бұл туралы бірнеше мысал келтірейік.
– Созақбайұлы Задырханның әкесі бұрынғы болыс ретінде он жылға сотталыпты.
– 21 жастағы Айнабай Әбілдаұлының әкесі кәмпескеге ұшырап, сотталып кеткен. 
Жетімдіктің күйін кешеді, қорлауға ұшырады, «болыстың баласы» деп жұмысқа да алынбады. 
– Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны 20 жасар Демікбай Ақшаұлы да әкесінің 
кәмпескеленіп, сотталып кеткені жөнінде айтып береді. 
– Әбдуәлім Сұлтанқұловтың әкесі төре ретінде тәркіленіп, айдалып кетеді. Өзі институтқа 
қабылдамайды [3, 241 б.].
Кейбір тұтқындар ендігі жерде Германияда қалғысы келетіндерін білдіреді. Мұстафа Шоқай 
жұмысқа кешіккені үшін, ұжымшар пішенін өртеген үшін, қалыңмал бергені үшін, кеңеске қарсы 
үгіт жүргізгені, кеңшар мүлкіне зиян келтіргені, ұжымшарда жұмыс жасаудан бас тартқаны, 
колхоз пішенінде арамшөп табылғаны, т.б. қылмыстары үшін сотталып, жер аударылған, содан 
әскерге алынып, тұтқынға түскендері жөнінде көптеген материалдар жинастырады.
Мұстафа Шоқайдың жеке мұрағаттық қорында соғыс тұтқындарының құжттарын сараптап, 
Қызыл Армия солдаттарының тұтқынға түсуінің себептерін анықтаумен қатар, олардың сандық 
құрамына да өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Себебі зерттеулерде 1941 жылға дейін орын 
алған ұрыстардың құрбандары есепке алынбаған. Мысалы, Қажыгерей Әуталиев (1912 жылы 
туған, Гурьев қаласының тұрғыны; Сувалки лагері), Әшір Ақиұлы 1939 жылы Латвияда, 
Айхан Дәріжанұлы 1940 жылы Эстонияда тұтқынға түскен. Латвия мен Эстонияда болған бұл 
адамдар Кеңес Одағын өз отаным деп есептемеген, өз мемлекетінде өмір сүргісі келеді. Неміс 
лагерьлерінде осы пікірді ұстанған, тұтқынға өз еркімен түскен басқа да тұтқындар болған [5, 
280 б.]. 
Мұстафа Шоқай 1941 жылдың 26 тамызынан желтоқсанына дейін Дебица, Сувалки, 
Лемберг, Ярослау, Деба, Просток, Эбенрод, Погеген, Ченстохов деген және басқа да неміс 
лагерьлерін аралайды. Олардағы жалпы мобилизация бойынша майданға алынған қазақстандық 
тұтқындардың оннан тоғызы винтовканы қалай ұстап, қолдануын білмеген болып шығады. 
«Тіпті кәсіби қызыл әскерлердің біраз пайызы винтовканы білмейді. Өте көп қазақстандықтар 
әскери қызметті әскери саптан тыс ретте: арбалы керуенде, ат бағушы, аспазшы ретінде
қоймада, интендеттық жұмыста өткізеді», – дейді М. Шоқай. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
254
Қысқаша айтқанда, М. Шоқай тұтқындарды тек бейбіт мамандықтарға ғана ұсынады, ол 
бірде-бір адамды әскерге ұсынған жоқ. Түркістан легионына тұтқындарды іріктеу 1942 жылдан 
басталады, ал бұл кезде Мұстафа Шоқай тірілер қатарында болмайтын. Тұтқындар жөніндегі 
біздің есебіміз толық емес, себебі М. Шоқайдың жеке мұрағаттық қорында Просткен, Едлин, 
Эбенрод және басқа да лагерьлердегі тұтқындар тізімі жоқ болып шықты. 
Сонымен тұтқындарға көмек қолын созып, олардың тірі қалуы үшін күрескен М. Шоқайдың 
терең гуманистік қадамын әр саққа жүгіртуге ешбір негіз жоқ. «Ит үреді, керуен көшеді» дейді 
қазақ. Мұстафа Шоқай есімі қазақ халқымен мәңгі бірге өмір сүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет