«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
244
– 19 отбасы 36 адам, Оңтүстік Қазақстанған – 5949 отбасы 23283 адам тұратын барлығы 6505
отбасы 40767 адамымен орналастыру жоспарланды. 1945 жылғы қазанда берілген мәлімет
бойынша Қазақстанда барлығы 406375 шешен мен ингуш ұлттарының өкілдері болған [1, 51
б.].
Жамбыл облысына нақты депортацияланған шешендер мен ингуштердің жалпы саны 20882
адамды құраса, олардың 20035 – шешендер, 847 – ингуштер, 500-ден аса Цунтин таулы ауданның
тұрғындары аварлар болған. Сонымен қатар шешен және ингуш ұлт өкілдерінің майдандағы ер
азаматтарын соғыс ошақтары аймақтарынан тылға туыстарын көшірген жерлерге жіберген.
1942 жылдың тамыз айында Кабардин-Балқар АКСР-інің бес ауданы неміс басқыншыларының
қол астында қалды. 1943 жылдың басында аймақ жаудан тазартылды. НКВД-ның «Қарақшылық
әрекеттері мен неміс басқыншыларымен ынтымақтасты», –
деп таққан айыптары бойынша
жүздеген балқарлар атылды. 1944 жылдың 24 ақпанында Л. Берия И. Сталинге балқарларды
депортациялау туралы мәлімдеме жасайды. 26 ақпанда НКВД «Кабардин-Балқар АКСР-ін жою
туралы іс-шаралар» қаулысын шығарды. 1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і
болып өзгертіліп, балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды. Бұл әрекеттің астарында бөлініске
салынатын жер мәселесі де тұрды. Эльбрус, Чегем, Хуламо-Безенгиев, Черек және Нальчик
қаласындағы балқарлар тұратын территорияның аймағы Грузияға, ал қалған территориясы
РСФСР-ға берілді. 1944 жылдың 5 наурызында шыққан жарлық бойынша 1944 жылғы 8
наурызда ертемен 2 сағаттың ішінде 21 мың НКВД-ның жауынгерлерінің күш көрсетуімен 37
мың 713 адамнан құралған балқарлар түгелдей депортацияға ұшырайды. Олардың 52% балалар,
30% әйелдер, 18% ер адамдар болды. Әр отбасына киім-кешегі мен азық-түлігінен 20 кг затты
жинақтап алып шығуға рұқсат етілді. Олардан өзге 476 адам «антисоветтік элемент» ретінде
тұтқындалды. Тарихи құжаттарда балқарларды депортациялау ісі «Солтүстік Кавказ – 455» деп
аталды. Ешбір жағдайы жасалмаған 14 эшелонға тиелген балқарлар 18 күндік жолда суық пен
індеттен 562 адамынан айырылады [12].
1944 жылдың 17 наурызында жер аударылған 16665 балқарлар Жамбыл облысының Шу,
Жамбыл, Свердлов аудандарына орналастырылды [3, 114 с.]. Қазақстанға 4660
отбасынан
тұратын 16684 адам балқарлар әкелінді. Олардың 11373 адамы ауыл шаруашылығында жұмыс
жасау үшін тіркеуден өткен. 1945 жылдың 1 қазанындағы мәліметте Жамбыл облысына 6042
адамнан тұратын 1680 балқар отбасын орналастырылғаны келтірілген.
1957 жылдың 9 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының нұсқауы бойынша
балқарларға тағылған айып алынып, туған жерлеріне қайтуға рұқсат етіледі. Осы жылы
Кабардин АКСР орнына, Кабардин-Балқар АКСР болып қайта өзгертіліп аталады. 1957-1958
жылдары Халық ұйымдастырылған түрде эшелондармен қайтарыла бастады. Тек 1979 жылға
дейін балқарлардың 90%-ы ғана туған жерлеріне оралған. 8 наурыз балқарларда қаралы күн
ретінде аталып өтіледі.
«Жаумен ынтымақтасты» деген желеумен балқарлардан кейін 1944 жылдың 20 мамырында
тағы да балқарлар мен кабардин ұлтының өкілдері Қазақстанға депортацияланады. Жамбыл
облысына тек балқарлардан 1593 отбасы, 6124 адамы әкелінеді.
1944 жылдың наурыз айының соңында Грузиядан 608 күрд және 3240 әзірбайжан ұлттары
жер аударылды.
1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, депортацияланған жалпы саны 193865
адамның 4500 адамның 276 адамы Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына, 4224 қырымшақтар
Жамбыл облысына орналастырылды. Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың
болгарлар мен гректер депортацияланды.
1944 жылдың 29 мамырында Л.П. Берия И.В.
Сталинге Қырым АКСР-нен болгар, грек,
армяндарды жер аудару туралы баяндайды. №5984сс «Қырым АКСР-нен болгар, грек,
армяндарды жер аудару» бұйрығы бойынша 20 мың армяндарды жер аударады.