Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет172/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық.– Алматы: «Қайнар», 2007. 2-том. – 392 б.
2. Кәкен А. Түркістан легионы. – Астана. «Полиграфия» баспасы, 2000. – 140 б.
3. Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы: Он екі томдық. – Алматы: «Дайк-Пресс» 
баспасы, 2014. ХІ том – 544 б.
4. Шәкібаев С. Үлкен Түркістанның күйреуі: документальды повесть. – Алматы: «Жазушы» 
баспасы, 1968. – 264 б.
5. Есмағамбетов К. Л. Әлем таныған тұлға. – Алматы: «Дайк-Пресс» баспасы, 2008. – 504 б.
М. ШОҚАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК 
СОҒЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ
С. Т. Тайман,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
тарих ғ.к., доцент
Н.Б.Әзімов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты
Қызылорда қ., Қазақстан
Саналы ғұмырын Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін арнаған Мұстафа Шоқай 
1924 жылы Түркістан ұлттық комитетіне мүше болады. 1924 жылы 23 қарашада Түркістан 
ұлттық комитеті атынан Берлинде өткізілген конгресске Мұстафа Шоқай, Зәки Уәлиди Тоған, 
Абдулқадир Инан, Абдулуақап Мұрат және Әлімжан Тоған қатысты. 1925 жылы 9 мамырда 
аталмыш комитеттің Еуропадағы соңғы жиналысы өткізілді.
Тбилисиде 1919 жылы Мұстафа Шоқайдың тікелей араласуымен құрылған славян, грузин 
және түрік халықтары одағы 1921 жылы Грузияның тарауы нәтижесінде Еуропаға қарай 
жайыла түскен еді. Стамбулда және басқа да Еуропа қалаларында жасалған әрекеттердің 
нәтижесінде эмиграциядағы орыс емес халықтардың көсемдері Польшаның көмегіне сүйенген. 
Ресейдің отар елдерімен тағдырлас Польша үкіметі езілген ұлттар өкілдеріне достық құшағын 
ашуда кешікпеді. Өз мүдделері тұрғысынан әрекет жасайтын алпауыт империялар сияқты 
емес, терезесі тең дәрежеде қатынасатын одақтас іздейтін эмигрант көсемдері үшін Польша 
ең қолайлы мемлекет еді. Сонымен қатар, осы кезеңде Кеңестік Ресейдің Польшаға қарсы 
айрықша дұшпандығы бар еді.
Польшаның жасаған көмегі арқылы эмигранттарға «Прометей» қозғаласын құрудың сәті 
түсті. Бірнеше тілде басылымдар шығаратын бұл қозғалыстың ортақ үні Парижде 1926 мен 
1938 жылдары француз тілінде үздіксіз жарияланған «Прометей» журналы болатын. Осылайша, 
«Прометей» қозғалысы алғаш рет журналда көрініс тапты. Уақыт өте келе «Прометейдің» 
өрісі кеңейе түсіп, ол Ресей қол астындағы отар елдердің барлығын қамтыды. Мұстафа Шоқай 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
255
және басқа да «Прометей» мүшелерінің ортақ іс-шаралары нәтижесінде Парижде 1934 жылы 
11 мамырда «Кавказия, Түркістан және Украина халықтары достық комитеті» құрылды. 
Украиндық А.Шульгин төраға болып сайланған комитеттің алағашқы бас қосуында Мұстафа 
Шоқай төраға орынбасары болып сайланған. 
1931 жылы Шығыс Түркістандағы Құмыл аймағында халық көтерілісінің бастауымен 
бірге Мұстафа Шоқай мен «Яш Түркістан» ұйымына тағы да бір міндет жүктелді. Ол Шығыс 
Түркістан ұлттық майданын жүргізу міндеті еді. Мұстафа Шоқай Түркістан ұлттық майданын 
таныту үшін Еуропаның ең үлкен саяси және мәдени орталықтарында, атап айтсақ Париж бен 
Берлинде, Варшава және Лондонда бірер конференция өткізеді. «Яш Түркістанда» Шығыс 
Түркістан мәселесіне қатысты маңызды құжаттар да жарияланады.
Міне, Мұстафа Шоқайдың осыған ұқсас әрекеттері нәтижесінде шетелдегі түрік халықтары 
мен озбырлық көрген өзге ұлттар өз араларындағы мәдени және саяси байланыстарын нығайтып, 
коммунизм мен фашизмге қарсы басқа да саяси топтармен ынтымақтастығын арттырды. 
Грузин, украин және казактар белсенді түрде ат салысқан осы ұйым арқасында «Прометей» 
тобы жаңа сипат алды. Осы уақыт аралығанда Мұстафа Шоқай асқан қажыр қайрат пен үлкен 
саяси біліктілік нәтижесінде Түркістан ұғымын әлемдік саясат сахнасында іргелі мемлекет 
деңгейіне көтерді. Сол арқылы бұған дейін Еуропаның саяси ортасына беймәлім болып келген 
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы үлкен маңызға ие болды.
Әйтсе де, 1939 жылы қыркүйекте Алманияның Польшаға басып кіруімен «Прометей» өте 
маңызды қамқоршысынан айрылды. 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижді жаулап алуымен 
мүлде қолдаусыз қалған журнал жабылуға мәжбүр болды. Польшаның басып алынуы және 
оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөлініске түсуі, оның үстіне Алман-Кеңес 
басқыншылық пакті «прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды.
«Гитлер де, Сталин де залым. Бірі – әсіре ұлтшыл, нацист, ал екіншісі – интернационалист 
болып көрінгеніне қарамастан екуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», – деген Мұстафа 
Шоқай достары А.Шульгин, Мір Якуб және Ное Жорданиямен бірге барлық отандастарын 
Алман-Кеңес коалициясына қарсы бірігуге шақырды. «Прометей» журналының 1940 жылы 
сәуірде шыққан соңғы нөмері финдердің қаһарманша табандылық танытуынан шабыт алып, 
оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді [1, 18 б].
1939 жылы бұрқ еткен дүниежүзілік екінші соғыс Шоқайдың ес білгеннен бері халқы үшін 
жүргізіп келе жатқан күресін тоқтатқандай болды. Соғыс кезінде Парижде кітап оқып, Гитлер 
мен Сталиннің ақыры немен тынатыны жөніндегі сұраққа жауап іздеп жүргенде, 1941 жылы 
маусым айында нацисттер тұтқындап концлагерьлерге алып кетті. Оған Кеңес армиясынан 
тұтқынға алынған Түркістандық әскерлерден алда құрылатын легиондарға басшылық жасау 
ұсыныс етілді. Шоқай бұл ұсыныстан үзілді кесілді бас тартты. Өйткені оның алда жалда Кеңес 
Одағын құлатып Түркістанды қолға түсіретін болса, Нацистердің еліне тәуелсіздік бермейтінін, 
тіпті ол аймақты большевиктерден арман қанайтынын, әділетсіздік пен зұлымдық жасайтына 
күмәні жоқ еді. Содан лагелерьлерден Париждегі үйіне қайтып бара жатқанда 1941 жылы 27 
желтоқсанда Берлин қаласында беймәлім жағдайда көз жұмды және сонда жерленді [2].
Мұстафа Шоқай тоталитарлық жүйені барынша жек көрді. Гитлерді «нацист», Сталинді 
«интернациолист» деп атағанымен екеуінің де саясаты зұлымдыққа негізделген деп түсінді. 
Өзінің «1936» атты еңбегінде «Кеңестік Ресейде бар нәрсе тек Сталинге байланысты. Шошқалар 
торайласа, сиырлар бұзауласа, егіннен мол өнім алынса – осының бәрі Сталиннің арқасы
қызметі болып табылады. Демек, бұл елде Сталинсіз шошқа торайламайды, бидай өсіп-өнбейді» 
– деп Кеңестік жүйені қатты сынға алды. Бұл оның демократиялық көзқарастағы тұлға екенін 
көрсетеді [3, 12 б].
1938 жылдың 28 қаңтарында Сталин мен Молотовқа КСРО ІІХК-нің Мемлекеттік қауіпсіздік 
жөніндегі бас басқармасының 7-бөлімінен жапон генералы Саваданың Польшада ғана емес, 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
256
Парижде, Берлинде, Прагада, Бухаресте және Стамбулда «Прометей» ұйымымен байланыстар 
орнатуда белсенді қимылдап жүргені жөнінде құпия хабар жеткізіледі.
Бұл бағыттағы мәліметтер, Кеңес өкіметінің Еуропадағы басқа бір барлаушысы арқылы 
түскен жағдайда да, М. Айқарлының қаншалықты маңызды іс-шараларға жұмылдырылғанын 
көрсетеді. Себебі, М. Шоқайдың «Прометей» ұйымында да көрнекті тұлғалардың бірі 
болғандығы анық. Ол туралы таратылған қауесеттерге, украиндықтар, грузиндер мен 
әзірбайжандардың, түркістандықтар, башқұрттар мен татарлардың осы ұйымда бастарының 
түпкілікті қосылмауына, басқа да қиындықтардың туындауына кеңес барлауының қатысы 
болғандығы көп дәлелді қажет ете қоймас [4, 58 б].
Қортындылай келе екінші дүниежүзілік соғыс туралы Мұстафа Шоқайдың өз сөзімен 
түйіндейміз. «Сiздер, немiстер өздерiңiздi «Еуропадағы ең мәдениеттi халықпыз» деп 
санайсыздар. Егер сiздердiң мәдениеттерiңiз менiң көрiп жүргендерiм болса, онда мен сiздерге 
тұтқындардың шеккен азабын көрулерiңiздi тiлеймiн. Сiздер ХХ ғасырда өмiр сүре отырып, 
ХIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстiңiздер. Мәдениеттi халық 
екендiктерiңiздi айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сiздер, осыған байланысты маған «ату» не 
«асу» жазасын берсеңiздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмiр сүргеннен гөрi 
өлгенiм артық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет