Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет173/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Қыдырәлі Д. Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғасы. // «Мұстафа Шоқай – Алаштың алып 
тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбектер жинағы. 
– Қызылорда: Тұмар, 2015. – 208 бет.
2. http://qazaqtimes.com/article/8537.
3. Бахтиярұлы М. Мұстафа Шоқай және ұлт тәуелсіздігі. // «Алаш мұрасы және тәуелсіз 
Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Қызылорда: 
Көкжиек, 2017. – 208 бет.
4. Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы. 12-томдық. 1-том. Алматы: Дайк-Пресс
2012. – 544 б.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Г.С. Тілеуқұлов,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғ.к.
Шымкент қ., Қазақстан
Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихындағы ең қиын және ерлікке толы кезең болды.
Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1 млн.200 мың қазақстандық жауынгер шақырылды. 
Қазақ жерінде Отанды қорғау үшін 11 атқыштар, 3 кавалериялық дивизия; 7 атқыштар 
бригадасы; 1 миномет полкі; 1 автобатальон; 6 автоматшы батальондар жасақталды [6].
Өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін 700 мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. 
Орта Азия Әскери Округ (САВО) қолбасшының бұйрығына сәйкес Шымкент қаласында 
1941 ж. желтоқсан айында 102 атқыш дивизиясы жасақталынып, 1942 ж. ол алғы шептерінде 
шайқасты. Бұл дивизияның қалыптасыуын генерал-майор П.Е.Ловягинге жүктелді. Дивизия 
құрамында Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан азаматтары шақырылып, жалпы 1173 әскер 
қызмет етті [2].
1943 жылы Оңтүстік Қазақстаннан әскер мен флоттың қатарына, қорғаныс саласындағы 
өндіріс пен құрылыс жұмысына 136 мың 653 адам шақырылса, оның 124 мың 544-і Қызыл 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
257
Әскер жауынгерлері атанды (12109 адам еңбек отрядтарына жіберілді). Оның 100 мыңы қайтыс 
болып, хабарсыз кетті. Орта Азия әскери округінің наряды бойынша республиканың халық 
шаруашылығының қатарына 20311 адам шақырылды [3].
Соғыс жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысында майдан үшін 300 медбике, госпиталға 
127 медбике, әскери-санитарлық пойызға 62 медбике дайындалды, тек Шымкент қаласындағы 
оқытушылар институтында 326 пулеметші, 58 гранат лақтырушы дайындалды. Чугуев әскери-
ұшқыштар училище қөшірілінді [1].
Соғыстың алғашқы күнінен бастап майдан шебінде қазақстандықтар отансүйгіштіктің биік 
үлгісін көрсетті. Мәскеуді қорғауда қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Мыңдаған оңтүстік 
қазақстандықтар да Мәскеуді ерлікпен қорғап, қайсарлықпен табандылықтың үлгісін танытты.
Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы 
шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Сталинград шайқасының ауыр кезеңдері басталды. Ауыр шайқастарда мыңдаған 
қазақстандықтар айрықша көзге түсті. Солардын ішінде Сайрамнан шақырылған Ботабай 
Садықов фашистердің 13 танкесінен басқа да көптеген техникалар мен мыңға жуық неміс 
солдаттарының көзін жойды. Үкімет қазақ халқының ұлы Ботабай Садықовтың ерлігі мен 
батырлығын жоғары бағалап, Кеңестер Одағының Батыры атағын берді [4].
Днепр үшін шайқаста 69-атқыштар дивизиясынан 52 жауынгер Кеңестер Одағының Батыры 
атанды. Бұл құрама Ташкент облысында жасақталды. Оның жеке құрамы негізінен Оңтүстік 
Қазақстан облысынан шақырылғандардан жасақталған болатын.
Днепр батырлары ішінде Ж.Сүлейменов пен Т.Қаумбаев болды. Ержүректіктердің взводы 
Днепрді кесіп өтті, Қауымбаев қайталанбас ерлік жасады. Үкімет оның ерлігін жоғары бағалап, 
Кеңестер Одағының Батыры атағын берді.
Отан үшіп жан пида бергендердің қатарында Арыс (қазір Ордабасы) ауданындағы Төрткөл 
ауылының тумасы Қарсыбай Спатаев та болды, оған КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1943 
жылғы 17 сәуіріндегі Жарлығымен Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. 51-ші армиясы, 
4-ші кавалерия корпусы 61-ші кавалериялық дивизиясының 13-ші дербес атты-артилериялық 
дивизионының қызыләскері Қарсыбай Спатаев 1942 жылдың 23 қарашасында Сталинградтың 
Оңтүстік-батыс бөлігінде фашист басқыншыларымен болған шайқаста табандылық көрсетіп, 
өзінің минометімен жаудың взводқа жуық солдаттарын жойды. 1942 жылдың 26 қарашасында 
Шарнумовский селосында батарея үш жағынан немістердің жаяу әскерімен бірге 36 танкісі лап 
қойды. Тірі қалған тек минометшы Спатаев пен бір ғана мина. Батыр ең соңғы минасымен бірге 
жау танкісінің астына түсіп, ары қарай өткізбей көзін құртты [3].
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан 
отрядтарында 3000-нан артық қазақстандықтар болған. Солардың ішінде оңтүстік қазақстандық 
Зиямат Хусанов та болған. 1944 жылдың қантарында З.Хусанов Югославиядағы «Түркістан 
легионы» бөлімшесіне тап болған. 1944 жылдың 15 мамырында жолдастарымен келіскен 
З.Хусанов пен тағы 21 адам айқаса жүріп, легионның казармасынан қашып шығады да, партизан 
жағына өтеді. Солдаттардың интернационалды батальоны фашистермен аянбай күреседі, 
күтпеген жерден бірде Югославия жерінде, біресе Болгария аумағында әртүрлі диверсиялар 
ұйымдастырады. 1944 жылдың 22 ақпандағы КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығы бойынша 
З.Хусановқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді [3].
Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың 
взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және 
Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры 
атағын алды. 
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 615 қазақстандық жауынгерлер,оның ішінде 
109 қазақ әскері Кеңес Одағының Батыры және Халық Қаһарманы деген ең жоғарғы атақпен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет