«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
279
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум бойынша Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы қабылданды. Ассамблея қабылданған Конституцияға үлкен қолдау
білдірді.
Осы іс-шаралардан кейін Ассамблея еліміздің саяси өмірінде белсенді орын алды. Осы
жылы мауысым айында Ассамблеяның «Өткенді ұғыну және қоғамның демократиялық
реформалануы» атты екінші сессиясы да өтті. Бұл жыл сайынғы
Ассамблея сессияларының
өткізілуі дәстүрінің бастамасы болды. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы)
– оның жоғары басшылық органы болып табылады және сессияның мәжілісін Қазақстан
Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады [4].
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі
мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді [5].
1996 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім беру
тұжырымдамасы бекітілді [6, б.103]. Тұжырымдама республиканың білім беру ұйымдарындағы
тәрбие бағдарламаларының мазмұны үйлесімді тұлғаны дамытуға, білім алушылардың бойында
отансүйгіштік, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен
адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталды.
2006 жылы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды
дамытудың 2006-2011 жж. арналған тұжырымдамасы ұлттық-мәдени бірлестіктердің мәртебесін
қазақстандық азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде айқындап берді.
2007 жылы елімізде конституциялық реформаның маңызды жаңашылдығы Парламент
Мәжілісіндегі депутаттар санын 107 адамға арттыру, оның 9-ын Қазақстан халқы Ассамблея-
сынан сайлау болды. Осы өзгерістерге сәйкес Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деген
атау Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Ассамблея толыққанды конституциялық
орган болып қалыптасты.
2008 жылы қазан айында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды [7].
Заңның 1 бабының 1 тармағында Ассамблеяың мәртебесі анықталды: «Қазақстан
халқы
Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының
Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін
мекеме». Сондай-ақ Ассамблеяның мақсаты да жетілдіріліп, нақтыланды: «Ассамблеяның
мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм,
Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы
негізінде қазақстандық
азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан
Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады» [7].
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім
сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік
дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді. 2010 жылдан бастап Бейбітшілік
және келісім сарайында ұлттық костюмдер музейі қызмет көрсетеді [8].
2014 жылы 17 мауысымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Қоғамдық келісім»
мемлекеттік ұйымы құрылды. «Қоғамдық келісім» Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін
қамтамасыз ету, оның іс-шараларын өткізу мақсатында құрылған мемлекеттік мекеме болып
табылады. Қоғамдық келісім кеңесінің ережесі арқылы оның негізгі міндеттерін көре аламыз:
«Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері (бұдан әрі – Кеңес) облыс
(республикалық
маңызы бар қала, астана) аудан (облыстық маңыздағы қала), ауыл әкімдері
жанындағы немесе еңбек ұжымдарындағы консультативті кеңесші орган болып табылады» [9].
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толды. Соған орай 2015 жыл Мемлекет
басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
2015 жылғы 23 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы
Президентінің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сесиясы өтті. Елбасы
Н.Ә. Назарбаев 7 жаңа міндет қойып, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуы тиіс
болды. Олар:
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
280
• бүкілқазақстандық
мәдениетті дамыту;
• халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту;
• жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу;
• мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту;
• транспарентті мемлекеттегі қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету;
• этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу;
• сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-
гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: