«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
282
Қазақстанда шешен және ингуш халықтарын орналастыру географиясы 1944-1945
жылдары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда,
Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған және Оңтүстік Қазақстан
облыстарын қамтыды.
Атап өту керек, Көкшетау және Талдықорған облыстары бастапқыда
орналастыру тізімінде болмаған, себебі олар 1944 жылы құрылған болатын. Гурьев (Атырау)
және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда шешендер мен ингуштар Қазақстанның барлық
облыстарында орналастырылды. Шешендер мен ингуштардың барынша көп топтастуы әсіресе
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Семей облыстарына келеді (сол жылдардың
әкімшілік-территиориялық шеңбері бойынша).
ЧИАКСР мұнай саласында жұмыс істеген шешендер мен
ингуштар қатарынан арнайы
қоныс аударушылар Гурьев облысына қара алтын өндіру орындарына жіберілді. Олардан басқа
арнайы қоныс аударушылар орнына Қарағанды лагеріне Солтүстік Осетиядан сотталғандарды,
Қызыл Әскерден шығарылғандарды, сонымен қатар КСРО европалық бөлігінде қалаларда
тұратындарды, репатрианттарды және басқаларын жіберді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға депортацияланған шешендер мен ингуштардың
саны, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның түрлі мұрағат деректері бойынша зерттеушілермен
есептелген, шамамен алғанда 182598 адамнан 400000 және одан да жоғары адам санын көрсетеді.
Бұл жерде ескере кету керек, 70097 шешен мен 2278 ингуш Қырғызстанға жіберілген. Вайнах
халқының көп бөлігі Қарағанды облысы бойынша орналастырылды. Бұл жерде айта кету керек,
облыста шешендер мен ингуштардан бөлек Солтүстік Кавказдан депортацияланған басқа
да халықтар, яғни балқарлар мен қарашайлар да болды, бірақ олардың саны онша көп емес
болды. ҚазақКСР бойынша арнайы қоныс аударылғандардың орналастыру жоспары бойынша
Қарағанды облысына 50000 адам кіретін 10000 отбасын орналастыру жоспарланды. Мұрағат
деректері көрсеткендей, облысқа 9036 отбасы немесе 36702 адам келген. 1945 жылдың 1
қаңтарындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында арнайы қоныс аударылғандардың санын
33316 адамды құраған. 1945 жыл бойында қосымша 50 отбасы келген, 445 адам дүниеге келген.
Қазақстанның
индустриалдық
өлкесі-Қарағанды
облысы-1944
жылы
40300
депортацияланған шешендер
мен ингуштерді қабылдады, олардың он мыңнан астамы
өнеркәсіпке жұмысқа жіберілді. Орналастыру жоспары бойынша облысқа 50000 шешендер
мен ингуштарды орналастыру қарастырылды. Алайда іс жүзінде бұдан асып түсті. Қарағанды
облысының басшылығы жоғарғы биліктегілердің нұсқауларын орындай отырып, арнайы
қоныстандырылғандарды азық-түлікпен, өндіріс
құралдарымен қамтамасыз етуде, үй
құрылысы, салу және жөндеу жұмыстарында, еңбекпен қамтуда, қосымша шаруашылық
жүрізуге жер беруде,
малдарды таратып беруде, қайтарымсыз қаржылай көмектесуде көп
жұмыстар атқарды. 1945 жылы Солтүстік Кавказдан облысқа арнайы қоныстандырылғандарға
азық-түлік көмегі ретінде: 371 тонна, оның ішінде 216 тонна ұн, 50 дәнді дақылдар, 54 тонна
азық –түлік дақылдары келіп түсті. 1945 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейінгі есептеулерге
сәйкес арнайы қоныстандырылғандарға адам басынан күніне 50-100 гр ұн дақылдар берген.
Осы жылдың шілде айында ұнның орнына айына 4,5 кгнан азық дақылын и берген. 1945 жылы
оларға 22 т тұз, ал балаларға-3750 кг қант, берілген, әр балаға күніне 5 гр нормасында қант
таратылған [2, 121].
Қарағанды жеріне шешен, ингуш халықтарының келген кезінен бастап оларды тұрғын үймен
қаматамасыз ету басталды. 1944 жылы арнайы қоныстандырылғандарды колхоз, совхоздарда
және өнеркәсіп кәсіпорындарында баспанамен қаматамасыз ету 491 шаруашылықты құрады, ал
1945 жылы-2211 шаруашылық болды. Жаңа үйлер салынып, 1945 жылы тұрақты баспанамен
қамтамасыз етілген 1241 шаруашылық болды, олардың -413 колхоздар есебінен, ал кәсіпорындар
мен мекемелердің есебінен 828 шаруашылық болды. Сатып алынған үйлерде арнайы қоныс
аударушылардың тұрғын үй алаңымен қамтамасыз етілу 970 шаруашылықты қамтыды,
сонымен қатар ауыл шаруашылығы банкі есебінен 413 шаруашылық және вайнахтықтардың