Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет43/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы, Атамұра, 1999 ж. – 156-157 бб.
2. Ж.Кенжалин «Алаш оқығандары» // Ана тілі, 02.02.2012 ж.
3. Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы «Алаш қозғалысы», Алматы, Сардар 2014 ж. – 134-135 бб.
4. М.Қойгелдиев «Ғ.Бірімжанов туралы» // Қазақ әдебиеті, 02.09.2016 ж.
5. Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағы, 12 томдық, 1-том, Алматы, Дайк-
Пресс, 2012 ж. – 265 б.
6. Сонда.
7. Ғ.Бірімжанов Алаш.Алашорда: Энциклопедия / Құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова. Алматы: 
Арыс, 2009. – 123 б.
8. Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағы, 12 томдық, 1-том, Алматы, Дайк-
Пресс, 2012 ж. – 266 б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
64
МУЗЕЙ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ
Н. Күзембаева, К. Ибрагимова,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері,
Қызылорда қ., Қазақстан
Биыл ұлтымыздың біртуар тұлғалары негізін салған, күні-түні тыңбай еңбек еткен, Отан 
үшін, елдің болашағы үшін азаттықты аңсаған Алаш қозғалысы мен Алаш Орда автономиялы 
үкіметінің құрылғанына – 100 жыл толды. Еліміз үшін маңызы айрықша жылды лайықты 
деңгейде атап өту мақсатында, облыстағы ірі мәдени ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі 
– Қызылорда облыстық-тарихи өлкетану музейі іс-шаралар мен жылжымалы көрмелерді 
ұйымдастырып өткізуде. Ондағы мақсаты Алаш арыстары жайлы жұрт біліп жүрсе, ең болмаса 
суреттерін көріп, көкейлеріне түйсе деген игі ойлар еді. 
2015–2016 жж облыстық музей залдарының экспозициясы қайта жаңғыртылды. Оның 
ішінде алаш қозғалысына арналған витринада ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысының 
тарихымыздағы атқарған рөлі, қазақ халқының сол тұстағы өмірі, жазған еңбектері, Алаш 
арыстарының архивтік құжаттары мен фотокөшірмелері және сол кезеңдегі зиялы өкілдерінің 
үй-тұрмысында пайдаланылған заттары экспозицияда орын алған. 
Алаш қозғалысы тарихи саяси айрықша құбылыс ретінде халқымыздың мәдени-рухани 
даму жолын жаңа арнаға бұрды. Ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым-Алаш партиясы өмірге 
келді. Жалпы, «Алаш» деген ұғым түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге 
келген. ( ежелгі түрік сөзі – бауырластар, қандастар, туыстар деген мағынаны білдіреді) Алаш 
партиясының өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық, 
саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей 
империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа 
ұшырағандығын көрсетті. Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы 
ұсыныс жария етіліп, ұлт зиялылары басшылық еткен Алашорда үкіметі құрылды.
Алаш қозғалысы жетекшілерінің сол кездегі адамзат баласының қолы жеткен тарихи және 
әлемдік әлеуметтік-саяси мұраларынан толық хабардар болуы олардың рухани қуат-қарымы 
мен өресінің биіктігін аңғартады. Олар қазақ еліне тәуелсіздік жолды таңдайтындықтарын 
жасырмады, демократиялық дамуды жақтады. Осыны көздеген «Алаш» партиясының 
бағдарламасында мемлекеттік-құқықтық идеяларды ұсынды. Бұл мәселелердің бәрін ұлттық 
бірлік негізінде, күрделі реформа арқылы жүзеге асырмақ болды. Алаш көсемдерінің негізгі 
идеясы қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бөлек» ұлттық мемлекетін құру болатын [1,107 б].
1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Бірінші Бүкілқазақтық 
съезінде қазақ интеллигенциясы үшін аса маңызды ұлттық мәселелер талқыланып, көпшіліктің 
қолдауымен «Алаш» саяси партиясы құрылды. Бұл партияның негізін қалаушылар, қазақ 
халқының санасын жоғары көтеру арқылы бостандық идеясын ұсынып, ұлт мүддесін қорғауда 
бір ізгі бағыт ұстанған – Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел 
Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сералы 
Лапин, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Қоңырқожа Қожықов, Иса Тоқтыбаев, Смағұл 
Сәдуақасов т.б. Осы жылы «Қазақ» баспасөзінің қалыптасуы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз 
байланысты болғандығы байқалады. Өткен ғасыр басындағы басылымдар – «Қазақ», «Алаш», 
«Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Үш жүз», «Ақ жол» және «Айқап» ұлттық журналы 
ұлт мүддесіне қатысты мәселелерді қозғап құнды мақалалар жариялап отырған [2, 10 б].
«Бірлік туы» газеті алғаш рет Ташкент қаласында басылып шықты. Оның бас редакторы 
Мұстафа Шоқай болды. Ол жұмысын Алашорда партия мүшелері және түркістандықтармен 
(Міржақып Дулат, Сұлтанбек Қожан, Әлібек Күміс) бірлесіп жұмыс жасады [5, 8 б].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет