Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет44/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
65
Ә.Бөкейханов негізін қалаған 1913–1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті 
ұлт-азаттық қозғалыстың үніне айналды.
Газет-журнал оқысаң,
Көзіңді қазақ ашасың.
Дүние халің білмесең,
Ілгері қалай басасың? – деп ұрандаған «Қазақ» газеті ұлттық мемлекет құруда халықтың 
санасын ояту, сауаттандыру жұмыстарында, отарлық езгіге қарсы күрес идеологиясын 
қалыптастыру бағытында үлкен рөл атқарды. Осы арқылы жалпыұлттық басылым деңгейіне 
көтерілді [2, 24 б].
Съездің шешімі бойынша «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында «Алаш» 
партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама сол жылғы желтоқсанда өткен 
Бүкілқазақтық екінші съезде қабылданып, кейін Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. 
Қазақ елінің өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жүйесін құру, ішкі Ресейден қоныс 
аударушыларды тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа өмір сұранысына 
жауап беретіндей қазақ қоғамын демократиялық мұраттар бағытында өзгерту, білім және 
ұлттық мәдениеттің дамуына кең жол ашу Алаш қозғалысының басты мақсаты болса, «Алаш» 
партиясының бағдарламасының мазмұны да осыған саятын еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасы сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси 
ойдың деңгейін танытатын бірден-бір аса маңызды құжат болды. Оның авторлары дүние 
жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибиелерін пайдалана отырып, қазақ халқын дербес 
даму мен прогресс жолына бастайтын мемлекеттік-құқықтық идеяларды ұсына білді. Ал 
әлеуметтік қатынастар саласында бұл жоба қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуден 
гөрі, жалпыұлттық тұтастықта болуын, қазақ елінің сан ғасырлық өркендеу тәжірибесін, салт-
дәстүрін қоғам дамуының сұранысына бейімдеуді жақтады. Басты мәселе – қазақ елінің өзін-өзі 
билеуіне, соның негізінде қоғамның ішкі мәселелерінің өзі шешуге қол жеткізу еді.
Қазақ халқының тағдырына байланысты мұндай өзекті мәселелердің кейбірінің мәні, арада 
ғасырға жақын уақыт өтсе де, жойыла қойған жоқ. Партия бағдарламасы «Мемлекет қалпы», 
«Жергілікті бостандық», «Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Ел қорғау», «Салық», 
«Жұмысшылар», «Ғылым-білім үйрету», «Жер мәселесі» деп аталатын сөз, баспасөз және 
жиналыс бостандығы, тең құқықтық негіздегі білім беру, мектепте, оқу орындарында ана 
тілінде оқыту, дін ісі, билік пен сот, ел қорғау, салық, жерді сатпау мәселелерін қамтитын 10 
баптан тұрады [1, 16-17 б].
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды, қазақ жерінің асты-үсті байлығы 
қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен 
өз жерінен енші алады. Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, 
Ғазымбек Бірімжанов. Жобаның басты әлеуметтік-саяси міндеттерін шешуді Алаш басшылығы 
эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздегені байқалады. Мәселен, «қазақ 
автономиясында жерсіз қазақ бұқарасы жер еншісін алып болғанша қоныс аударушылар 
келуі тоқтатылуы тиіс. Жер үлесін алдымен патша заманында ата қонысынан ығыстырылған 
жергілікті халық алуы керек» деп мәселені турасынан қойды. Ең бастысы «Жерді сатуға тыйым 
салынады. Алаш автономиясының жері – үсті қазба байлықтары, суы, астындағы кені Алаш 
мүлкі болып табылады», – деп, ұлттық мемлекет ретінде жердің құнды екенін баса көрсетті. 
Алаш партиясының бағдарламасы мен Алаш қайраткерлерінің қазақ съездерінде оқыған 
баяндамалары, өзекті мақалалары қазақ газеттерінде үзбей жарық көріп тұрды [2, 25 б].
Алаш идеясы – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды 
бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген 
ұлттық идея. Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы 
аймағымыздың рәмізі еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет