Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет61/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
93
бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке 
халық тарихының философиясы арқылы үңілу. 
Ал енді «қазақстандық ұлт» идеясын ұсынып ұлттық идеяға айналдырмақ болып жүрген 
ғалымдарымыз Қазақстандағы қазақ ұлтының тарихи орнын ұстап, азаматтық делінетін ығы-
жығы қауымдастық құруға итермелейді, мұндай жағдайда исі қазақ этникалық қанын сұйылтып, 
жер мен мемлекеттің мұрагері ретіндегі құқынан айырылады. Елімізде «қазақстандық ұлт» 
құрудың қандай қажеттілігі бар екендігі белгісіз. Мүмкін өзге ұлт өкілдерінің этникалық 
сезімін сұйылтып, қазаққа айналдыруға ұмтылған түріміз бе? Жаһанданудың қазақстандық 
үлгісін жасағымыз келді ме екен? Бұл ешқандай нәтиже бермей, тарих та, бүгінгі күн де, ертеңгі 
келешек те кешірмейтін күнә болар еді. Менің ойымша бұл дегеніміз небір қилы кезеңнен 
білектің күші, найзаның ұшымен аман шыққан халқымызды қазіргі билік басындағы орыстанған 
арампиғылды жауыздардың қасақана өз қолмен жойып жіберуге тырысқан әлегі деп түсінемін. 
Сол үшін ұлттық идея негізінде мемлекет қалыптастыру, конституцияға өзгерту енгізіп,
мемлекеттің атынан «Қазақстан» сөзін алып тастап «Қазақ Республикасы» деген атау беріп, 
ал қазіргі конституциядағы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген 
жалпылыма қазақ халқының тарихы мен мүддесін мойындамайтын космополиттік ұғымды 
алып тастап, қазақ халқының осы мемлекетті құрушы ұлт екенін нақтылайтын бабты енгізу 
қажет [1]. Сонымен қатар ұлттық идея негізінде мемлекет құруды бекітетін баб енгізілсе ғана 
қазақ елінің келешегінің тәуелсіздігіне күмәнсіз қарай аламыз.
Қазіргі зиялылардың да, ұлт келешегін ойлаған барша азаматтардың да, билікте жүрген 
ұлтжандымыз дейтіндердің де мемлекет тілінің деңгейін көтереміз деп жасап жүрген істерінің 
тиімділігі, тек осы қазақ тілінің өмір сүріп дамуына орта туғызуға байланысты.
Мемлекет құруда тіл мен рухани тәрбие мәселесінің маңызы адамзаттың даму үрдісінде 
алатын орны ерекше екенін осыдан екі мың бес жүз жылдай бұрын өмір сүрген, әйгілі Дарий 
патша былай деп айтып кеткен – «Баянды мемлекет болу үшін халықтың бір тілде, бір 
дінде болуын қамтамасыз ету керек» [5]. Осы қағида тарихтағы және казіргі кездегі мықты 
мемлекеттердің тәжірибесімен өзінің өміршең заңдылық екенін көрсетіп отырғанына ешкім 
күмән келтіре алмайды. Ол үшін экономиканың, саясаттың, ғылымның, технологияның
білім беру мен рухани тәрбие жүйесінің, ақпарат кеңістігінің қазақ тілінде сөйлеуін бірінші 
кезекте іске асыру қажет [6]. Біздің азаматтық борышымыз өз ұлтымыздың дамуын ғылыми 
жетістіктерді пайдалана отырып, табиғи заңдылықтан ауытқымай, волюнтаризмге жол бермей 
іске асыру. Осы орта қалыптастыруға үлкен әсер ететіп, отаршылдық ықпалынан арылтатын 
ономастика мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.
Осы қым – қитырық жолда елімізге бастау болатын, яғни ұлтты айрандай ұйыстырушы, 
біріктіруші ұлттың ұлы мұраты болған «ұлттық идея» қажет болатыны белгілі.
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Өткен тарихыңды білмей келешекке дұрыс қадам 
баса алмайсың» – дегендей, қандай – да болмасын мемлекеттің және ұлттың идеясын жасау 
үшін оның басынан өткерген қиын – қыстау, ұзақ сонар тарихы бойындағы сан мыңжылдар 
бойы қалыптасқан негізгі ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. 
Сол сияқты бүгінгі таңда да Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыруда халқымыздың сонау 
ғасырлар елегінен өтіп, айдар тағылған өзіндік мәдени философиялық, рухани – әлеуметтік 
ерекшеліктерін негізге алу қажеттілігі туындайды.
Зер салған адамға қазір қазақ ұлтының рухани жаңарып, өшкенін жандырып, өлгенін 
тірілтуге тырысып жатқандығы көрінер еді. Осыған қарап қазіргі кездегі ұлттық пассионарлық 
кернеудің шамасы – шындығында да өрлеу сатысында екендігіне толық көз жеткіземіз. Демек, 
келесі пассионарлық жарылыстың да этностық кеңістік үшін уақыты аса алыс болмауы керек.
Қазіргі тарихи кезеңде, яғни, XXI ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасы мен 
дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден қалыптасқан 
тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғалары мен ойшылдардың бүкіл дүниеге 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
94
таныту, бай рухани және мәдени қазынасы әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар 
шаруалар атқарылды. Дегенмен, осы заманауи маңыздылығы бар нағыз рухани қайта түлеу 
мағынасындағы іс-әрекеттердің іргетасы сонау XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының 
шынайы, халық сүйгіш қызметтерімен астасып жатады. Сондықтан тарихи тамырластықтың 
көрінісін жандандыру арқылы этностық мәдени мұрамыздың рухани келбетін өзектендіре 
түсеміз, данагөй тұлғалардың есімін халық жадында сақтаймыз. Осы ұрпақтар арасындағы 
рухани сабақтастықтың арқасында тарихи көпірлер жалғасатыны белгілі. Демек, қазіргі уақытта 
алдыңғы ағалар – Шығысқа, артқы інілер Батысқа қарап тұрған заманда ұрпақтар сабастығы, 
рухани сабақтастық өз шешімін таппаған мәселе болып қала бермек. Абай атамыз тәлім-тәрбие 
беретін адам болса, оны қабыл алатындар жоқ емес десе, сол үлгі өнеге болып көрінетін ағалар 
тарапынан қандай нәтиже бермек, жас ұрпақ қандай ұстанымға келуде, ойға салмақ түсіп, нені 
үлгі етуде? Әке мен бала мәселесі бүгінгі күні қайта қарастырылуды қажет етеді, яғни, келешек 
ұрпақтың бағыт-бағдарына қоғамдағы көзқарасы мен ойы әділ бағаланатынына сенімді жағдай 
тууы тиіс. Дейтұрғанмен, мазмұны космополиттік ағайындар сауалдамаларына, осындай, 
мылтықсыз шайқаста, Ұлттық идея жауап беруге тиіс, ал заман биігінен табылуды намыс мұраты 
ету – ұлттық идеяның күретамыры болып табылады. Жалпы, қазақ ұлтының тұлғалануы, қазақ 
ұлтының жетілуі – ұлттық мұраты жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен 
Ахметше толғанып, Шәмші мен Нұрғисаша тебіренуі ғана қалды [7]. 
Алда бұралаң жол, асу бермес асулар, өткел бермес өзендер, кешу бермес көлдер, шеті жоқ 
мұхиттар бар. Сол ұзақта, қызық сапарға өзгелермен иық қағыстырып тағы бір халық тәуекелдің 
кемесіне қаймықпай мінді. Ол қазақ халқы. Оның өзінің гиді болуы тиіс, әрі бар да, ол өз әлінің 
рухын жоғары ұстап, ақ парус астында әлемдік мұхиттар айдынан көктей өтіп, сара жолдай 
адасуға мүмкіндік бермей, туған халқының айбарын асыра береді деген сенімдеміз.
Ұлттық идея ұлттық «Менді» қалыптастырып қана қоймай, жаппай бәрін өрге сүйрейтін 
құдірет деп білгеніміз жөн, армансыз адам-қанатсыз құспен тең дейді халқымыз. Осыдан-ақ 
шығарар қорытындымыз, ұлттық идеясыз нендей жағдайға душар болатынымыз белгілі жәйт, 
дейтұрғанмен, көлдей жайылып, келе жатқан жаһанданудың табанында жаншылып қалмау 
үшін де ұлттық идеяның өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Демек, қол қусырып, 
бос қарап отыруға тағы да болмайтыны анық. Отарлық саясаттың қалдық ықпалынан тазара 
алмай отырып, өзінің ұлы державалық көз қарасын бұрынғы империялық саясат жүргізген 
бағыт ұстамында ұстап отырған алпауыт елдің ықпалына кіру саясатын, өз елінің мәңгі 
тәуелсіздігін мақсат ететін қазақ халқы ешқашан да ұқпайтынын да, қолдамайтынын да естен 
шығармау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет