«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
109
Жүргеновтің КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімімен 1957 жылы 24
сәуірде
қылмыс құрамының болмағанына байланысты ісі тоқтатылып, заң жүзінде толық ақталады.
[854 қор, 2 тіз. 3-4, 7-8 істер]
Камалов Темір 1989 жылы туылған, 1937 жылы 14 тамызда тұтқындалғанға дейін Қостанай
облысының партия комитетінде Кеңестік сауда бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарған,
жазықсыз жаламен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1958 жылы 3 сәуірде
КСРО Жоғарғы Әскери сот алқасының шешімімен ақталды [854 қор, 1 тіз. 1-2 істер]
1904 жылы туылған, жоғары білімді, 1932 жылдан партия мүшесі, Қызылорда облыстық
атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болған
Қайырбеков Емберген 1938
жылы 16 мамырда Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
ұйымдастыру бюросының қаулысымен, 31 мамырда Қызылорда қалалық партия комитетінің
қаулысымен «халық жауы» деп танылып, ісі сотқа жіберілген. Қызылорда облыстық халық
соты да, өзінің 1939 жылы 1 маусымдағы үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қаз.КСР Жоғарғы соты Е.Қайырбековтың кассациялық арызын қанағаттандырып, 1939 жылы
10 желтоқсандағы үкімімен қылмысы дәлелденбегендіктен істі қарауды тоқтатып, облыстық
сот үкімінің күшін жойған.
1940 жылы 10 сәуірдегі Қызылорда облыстық партия комитеті бюро мәжілісінің 27
қаулысымен 1938 жылғы 31 мамырдағы қаулысы өзгертіліп, партиялылығы қалпына келтірілген.
[268 қор, 1 ж. тіз. 11184 іс]
Жаңақорған аудандық партия комитетінің қаулысымен 1937 жылдың 28 қазан күні 1907
жылы туылған, Жанақорған аудандық халық
ағарту бөлімінің меңгерушісі Жайлыбаев
Достарыңызбен бөлісу: