Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет11/24
Дата23.02.2016
өлшемі2.25 Mb.
#3116
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

2.Егін шаруашылығы. XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шарушылығында егіншілік біршама маңызды орын алды. Бұған дейін қазақтарда егін шаруашылығы мүлдем болған жоқ, олар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналысады деген пікір үстем болып келді. Мұның негізгі себебі, деректерді дұрыс зерттемеу, этнографиялық материалдарға дұрыс сүйенбеу. Өткен ғасырдың авторлары өздерінің пікірлерінде дәйекті мағлұмат бере алмады. Мысалы, Қазақстанның Оңтүстік аудандарында 1859-1860 жылдары болып қайтқан М.И.Венюков өз еңбегінде қазақтардың аз ғана бөлігі егін шаруашылығымен айналысатынын айта келіп, “халық нанды пайдалануды әлі үйренген жоқ, оны етпен, құрт және мал шаруашылығының басқа да өнімдерімен алмастырып отырды” ­- деп жазды.

Керісінше XVIII ғасырдағы Шығыс деректері қазақтардың егіншілікпен айналысатындығы жөнінде деректер келтіреді. Мысалы, XVIII ғасырдың екінші жартысында Цинь үкіметі комитетінің құрастырған “Батыс аймақтардың географиялық суреттемесі” деген еңбекте: “қазақтар мал шаруашылығын қуаттайды, алайда олар жер өңдеумен де айналысады” – деген.Шынында да деректерді дұрыс пайдалану XVIII ғасырда Қазақстанның экономикалық өмірінде егіншіліктің зор роль атқаратындын көрсетеді. Ферғананың тамаша білгірі В.Наливкин қазақ малшыларының егіншілікпен айналысуын экономикалық қажеттіліктермен түсіндіреді. “Бір ғана мал шаруашылығы негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алмағандықтан, қазақтардың көп бөлігі егіс далаларын иеленуге тырысты” [201, с 39].

XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген көптеген авторлар қазақ арасында жер өңдеу кәсібі өркендемеген, тіпті жер өңдеу кәсібімен айналысушылардың өзі де “оған оншалықты мән бермеген” деген тұжырым жасамақ болған. Орынбордан Бұхараға дейін аралаған барон Мейендорф қазақтарды тек көшпелі шаруашылықпен айналысушылар, жер жырту кәсібіне ешқандай икемі жоқ халық деп сендіргісі келеді. Бұл мәселеге Г.И.Спасский басқаша көзқараспен қарады. Көшпелі халықтар арасында егін салу жағынан қазақтарға ешкім тең келе алмады. “Құрғақ құмдақ жерлерді де құнарлы аймаққа айналдыра алады”,- деп жазды Г.И.Спасский .Қазақ малшыларының егін шаруашылығына көшуіне Қоқан хандығы тұсындағы өзбек егіншілерімен тығыз байланыс та әсер етті. Қазақ еңбекшілері өзбектермен жер өңдеуді және көрші бола отырып, олардан ирригация жұмысын атқаруды үйренді, еңбек құралдарын жетілдірді, тұқымды сақтау әдістері және т.б. егіншіге керекті білімдерін толықтырып отырды.

Орта Азия мен Қазақстанда егін шаруашылығы ежелгі заманнан жасанды суландыру негізінде өңделген әр түрлі егіншілік дақылдар орналасқан тау бөктері мен алқаптарда шоғырланды. Егін шаруашылғының екі түрі дамыды; суармалы және богарлық (қолдан суарылмайтын) егістік, суармалы егіншілік Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы өтетін Сырдария, Қуаңдария, Жаңадария, Арыс, Шаян, Сарысу, Келес, Талас, Шу т.б. сияқты өзенді алқаптарға негізделді. Олардың ішіндегі ірісі – Сырдария. Атақты шығыстанушы С.П.Толстов былай деп жазады:“Хорезм және онымен қатарлас аудандар суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары болып табылады. Ежелгі уақыттан мұнда дәнді және техникалық дақылдар егу дамыды, сонымен қатар мақталық, жүзімдік, бау-бақшалық та болды. Мұны археологиялық қазбалар кезінде табылған бидайдың, тарының, арпаның, мақтаның, жүзімнің, қауынның дәндері, өріктің және басқа да жеміс-жидектердің сүйектері растайды. Осы ауыл шаруашылық дақылдары б.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында белгілі болды”.

Сырдария өңіріндегі егіншілік жайлы Тәуке ханның ордасына барған орыс елшісі В.Кобяков былай деп еске алды:“Ал, Тәуке ханда астық, бидай, арпа да, тары да көп шығады, ал астықтан күздік және жаздық бидай егеді” . Бұл ауданда XVIII ғасырдың 20-30-шы жылдарында жоңғар феодалдарының жойқын шапқыншылығына байланысты егіншіліктің біраз құлдырағаны байқалады. Талас, Шу, Жетісу өзендерінің бойлары ежелден егіншілік мәдениетінің орталықтары деп есептеледі, ежелгі мекен-жайлардың көптеген жұрттары Ұлы жүз жерінде егін салудың тәуір тарағандығы туралы И.Г.Георги былай деп жазды: “Үлкен Орданың қазақтары…тұрақты қысқы қыстауларында тұрады, бірақ жазда көбінесе қамыс күркелерде мекендейді, алайда өз үйінің тұрған жерін ілуде бір ғана өзгертеді. Олардың бірсыпырасы егіншілікпен анағұрлым ыждағатты, тыңғылықты және қажырлы шұғылданады” .

Орталық және Шығыс Қазақстанда дәнді дақылдардың өсірілетіні туралы Н.П.Рычков пен И.Г.Андреев жазған болатын. Онда:“Қазақтардың егістігінде бидай, тары, арпа және мақта өсіріледі”– деді.

Сырдария қазақ даласындағы егіншіліктің маңызды орталығы болып қала берді. Бұл туралы Сырдария сағасында болған көптеген орыс зерттеушілері мен саяхатшылары жазған: Н.Н.Каразин “Орынбордан Ташкентке дейін” деп аталатын еңбегінде:“Сырдариядағы ежелгі суландыру жүйесінің іздері бұрынғы отырықшы халықтың тұрған аймақтарының жақсы тұрмыс жағдайы туралы куәландырады. Сырдарияға жақындай берсеңіз, бұл іздер айқын көрінеді. Ақырында жақын маңдағы ауылдар мен қалалардың құрылысы және де бау-бақшаның көрінісі сіз тани алмайтын енсіз, көк алқапты шалғындыққа әкеп соғады” .

XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғасырдың бас кезінде Қоқан, Хиуа феодалдарының үздіксіз жасаған шабуылына қарамай, Сырдария бойында егін шаруашылығы кең өріс алады, біртіндеп ол дербес шаруашылық болып бөлініп шықты. Сырдария аңғарында жер игеру кәсібінің етек алуына байланысты суармалы егінішілік жоғары дәрежеде өркендеді.

Әсіресе Әмудария мен Сырдария бассейндеріндегі қарама-қайшылық мынадан көрінді: мұнда мал шаруашылығынан гөрі егіншілік басым түсіп, қалалар мен ауылдар пайда болды, Орта Азиялық хандықтардың негізін құраған отырықшылық қалыптасты. Бұған қатысты ерекше сипаттар Сыр өзендерінің төменгі ағысында сақталып қалды және Әму жағасы мен Сырдың жоғарғы ағысында көшпеліден отырықшылыққа өтуді құрайды. Егіншілердің көшпелілермен тілектерінің тұрақты қақтығысынан және мұнда егіншілердің өмір сүруіне әсер ететін жергілікті жердің қасиетінің арқасында бұл өзгешелік мүмкіндігінше дамыды.

Сырдың төменгі ағысы егіншілер үшін өте маңызды болды. Жазда Орта Азиялық далада аптап ыстық болды, жаңбыр жаумады, сондықтан егін жасанды жолмен суарылды. Кішкентай өзендер суландыру үшін қолайлы болмағандықтан, сонымен қатар суландыру үшін қолайлы Сырдарияның төменгі бөлігі ойпаң жазық бойынша ағады. Жердің топарығы тұзды немесе құмды және жерді өңдеуге тиімсіз, бірақ суару екі түрлі пайда әкелді:



  1. жерге егіннің өсуі үшін қажетті ылғалдылық береді; 2) өзеннен бөлінген шөгіндінің нәтижесінде жыртылған жер құнарланады. Бұған егіс топырағы тұзды Хиуа мен Бұхар оазистеріндегі және Сырдағы жақсы егін өнімі дәлел бола алады.

Кіші және Орта жүздерде егіншілік едәуір дәрежеде орыс қоныс аударушыларының ықпалымен дамыды. Орыстармен жиі қарым-қатынас жасап, шаруашылығымен, тұрмысымен танысқан қазақтар олардың шаруашылық әдістерін тез игеріп алды. Егер егіншілікке көшуге жердің тарлығы әсер еткен болса, егіншілікті тез меңгеруге көбінесе орыс шаруаларының себі тиді. Қазақтар негізінен алғанда көлдер мен өзендердің жағалауларында егін салды. Өйткені, батыс аудандарды есепке алмағанда, Қазақстанда егіншілікпен тек қолдан суландыру жағдайында ғана айналысуға болатын еді. Қазақтардың егіншілігін сипаттайтын қолда бар жазбаларға қарағанда, қазақтар барлық жерде өздерінің егістіктерін қолдан суарумен айналысқанын 1847 жылы губернатор Обручев Арал теңізіне барғанда, соның қасына еріп жүрген Нешельдің. қазақтардың ирригациялық жүйесін суреттеген еңбегінен байқаймыз. Оның әңгімелеуіне қарағанда, қазақтар өз учаскелерін үстіңгі жағынан көлемдері әртүрлі шаршыларға бөлген, осы шаршылардың ең үлкендері бір бағытқа есептегенде 8 фут болды. Осы шаршылар арқылы жыралар жүйесі жүргізілді, олар бір жағынан өзенмен немесе көлмен, ал екінші жағынан – ең қашық немесе дөңес болса, қыруар еңбек жұмсаудың нәтижесінде жоғары көтерілген су төмен қарай ағып кетпеуі үшін жыралар көлденең үйінділермен бөгеледі. Су бассейнінен әуелі ең дөңес шаршыға су құйылады, мұның өзі әлгі шаршылар суға әбден кемеріне келіп, толып кеткенге дейін жүргізіледі. Содан кейін жоғарғы шаршылар мен оларға жақын орналасқан шаршылардың арасындағы үйінді топырақты жырып, оларға су жіберді. Қазақтардың өз егістіктеріне қолдан суландыру әдісін қолданғаны жайында генерал майор Броневский де жазды:“Бұқтырма қамалының бас жағынан, Нарын тауының етегі мен тау бұлақтарынан жыралар арқылы келіп жатқан сумен толтырылған едәуір көлемді егістік жерлерді көрдім. Жердің топырағы тастақ болғанымен, ылғалдың, қолдан суарудың нәтижесінде мұнда тары дақылы бітік өседі”.

XIX ғасырдың ортасында Сырдарияда егіншілік кәсібі кедей шаруалар үшін кең түрде жайыла бастады. Әрине, ол кездегі егін салу жұмысы жер кәсібінің ең артта қалған түрі еді. Өйткені, қазақ шаруаларының егіндік жерді жыртарда қолданған қарулары атам заманғы “ерағаш” пен кетпен болған. Қазақтар бидай, тары, ал Оңтүстікте бұлардан басқа жүгері де еккен. Жер өңдеу ісі сондай өте нашар бола тұрса да, тың жер бір десятинасынан 150-200 пұтқа дейін өнім беріп отыратын.

1851 жылы Кіші жүздің барлық үш бөлімін билеуші басшылардың жасаған мәліметтеріне қарағанда, Кіші жүздің тек бір орта бөлімінің өзінде ғана 3755 үй егін кәсібімен шұғылданғанын ашық көреміз. “Жалпы барлық рулардың қазақтары, - делінген сол кездегі бір мәліметте, - мысал үшін айтқанда 20 мың десятинадай жер жыртады. Жерге, көбінесе тары, аздап қана бидай себеді. Сырдария маңында көшіп жүретін қазақтар көбінесе арпа егеді” .

Мал өсіруші байларда жатақтардың тегін еңбектерін пайдаланып, бұларға егін салдыра бастайды. Байдың өзі жаз шығысымен ауыл-аймағымен жайлауға көшіп кететін кезде, қыстау маңындағы егінін бағып-қағып өсіру жұмысын сонда қалатын жатақ-кедейлерге тапсыратын. Мысалы, 27 станцияда 316 десятинаға дейін егін салынған, сонда Жағалбайлы руынан Тәуірбек Арызбаев деген бай қазақтың 30 десятина, осы рудың Саркие аталығынан шыққан Төлеп Тонов деген бай қазақтардың 25 десятина, бұлардан басқа байлардың 10-18 десятинаға дейін салатын егіні болған. Бұл айтылып отырған байлар өздеріне еңбек еткен жатақ кедейлерге еңбек ақы беруді қолданбайтын еді, өйткені ол жалданған кедейлер баймен рулас, аталас болғандығын сылтау қылып, олардың еңбектерін тегін, кең түрде, ерікті түрде пайдаланатын болған.

Сырдарияда жер кәсібі шекара өкіметтерінің тиым салуына қарамастан қарқын алып дами бастады. Бұлар, егер қазақтардың өздері егін егетін болса, онда біріншіден, Ресейдің Қазақстанмен арадағы астық саудасына кеселі тиеді, екіншіден мал басының келіп құлдырауына әкеліп соғады, мал басы азайған соң Ресей империясының ішкі базарларына әкелетін малдан түсетін шикізаттың саны кемиді деп есептейтін. Мысал үшін, Орынбор өлкесіндегі шекара өкіметінің өкілі Бларамбергтің мәліметінше: “Әрине, қырғыздардағы (қазақтардағы - Ө.Қ.) жер кәсібі соншалық қарқын алып кетеді дей қоюға болмайды, ал енді әлдеқалай жағдайда қарқындап дами қалса, онда орыстарға зиян келтірер еді және шекарада тұрушы елдермен алыста жатқан рулардың арасындағы астық айырбастау саудасына қатты зиян келтірген болар еді. Қайсақтардың алыстағы рулары орыстан гөрі мұндағы қайсақтарға сенеді, малдарын соларға айырбастайды. Сондықтан Ресейге мал өсірумен ғана пайдалы болып отырған қырғыздарды жер кәсібімен шұғылдандыру оларда мал шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік бермейді, сөйтіп шекарадағы елдердің көбі өздерінің өндіретін заттарын оңай өткізетін орындарынан айрылады... Қазақтардың жер кәсібімен айналысуын шектеу қажет, сол үшін мал шаруашылығын өсіруге оларды қызықтырып, мал басын көбейткендеріне марапат және әртүрлі жеңілдіктер беру керек”. Осы пікірді ұстай отыра шекара өкіметі Қазақстанда жер кәсібінің күшеюіне қарсы түрлі әрекет жасауға тырысады. Дегенмен, Перовскийдің егіншілердің жер үйлерін мүлде көміп тастаңдар деп берген бұйрықтары сияқты жасаған шаралары да іс жүзінде ешқандай нәтиже бермеген. Қалай дегенмен де қазақтар жер кәсібінің мәдениетін меңгеру және жарым-жартылай жерге орналасу ісіне ақырындап болса да бейімделіп, кәсіптері аз да болса ілгерілей берді.

Жер кәсібіне төселіп үйренуде қазақ егіншілері орыс шаруаларының жұмыс тәжірибесінен өте көп үлгі алған. Қазақ егіншілерінің кейбір жерлерінде ерағаш орнына бері келе соқа қолданылады. Қазақ еңбекшілері біртіндеп жерді өңдеудің пайдалы екендігіне көздері жетіп, түсіне бастайды. Сол мақсатпен олар өздерінің егісті жерлеріне қысы-күзі егіс маңайындағы ауылдастарының қойларын жайып, жазғытұрым осы көңді жерді егін егу үшін жыртатын болды. Қамыт, дәрте сияқты орыс шаруалары қолданатын ауыл шаруашылығына керекті саймандар қазақ егіншілері арасына тарала бастайды.


Бекіту сұрақтары:

1. Мал шаруашылығына байланысты төрт түлік малдарды жыл маусымдарында қалай бағып күткен ?

2.Егін шаруашылығының қандай түрлері болды?

3.Түйелердің тұқымдары қалай аталған?

4.Жылқы тұқымын қалай тәсілмен асылдандырған?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі.
Негізгі ұғымдар: Орынбор қазақтары жарғысы (устав), округ, болыс, шекаралық комиссия, әкімшілік-территориялық басқару жүйесі, дистанциялық жүйе, приказдар, казак, казачество.

Жоспар:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.

3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.

4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.


Мақсаты: Ресейдің қазақ даласындағы билігінің беки түскенін көрсету. Әкімшілік басқарудағы өзгерістердің отарлық сипатын ашу. Казак әскерлерінің қазақ даласындағы Ресей қол шоқпары екенінің негізін дәлелдеп беру.

Лекция


1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Ресей империясының езінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-сонды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен езгеріске ұшыратты. Қазақстанның едәуір бөлігі құрамына енгеннен кейін Россия үкіметі XIX ғасырдың 20 жыддары қазақ арасында хандық екіметті біржолата жойып, ел басқаруды жалпы россиялық тәртіпке жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Орта жүзде хандық өкімет Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М.Сперанский жасаған "Сібір қырғыздары туралы Уставқа" сәйкес 1822 жылы Қазақ хандығы жойылып, жаңа әкімшілік бөлу енгізілді. Бұл жүйе бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ болып бірікті. Округта жоғары әкімшілік аға сұлтан басқаратын округтық приказ болып есептелді. Ол округтық басқармаға қарады. Приказдың құрамы әскери губернатор тағайындайтын 2 орыс және 2 жыл мерзімге билер сайлайтын "беделді" 2 қазақ заседателінен түрды. Аға сүл-таңды сайлауға тек сұлтандар қатысты. Болысты сұлтандардан сайланатын болыс басқарды. Өкіметтің төмен өкілдеріне сұлтандар қатыспайтын "қазақтардың өздерінен" сайланатын ауыл старшыңдары жатты. Сот билігі билердің қолыңда болды. Ал кіші жүзде хаңдық өкімет 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің "Орынбор қазақтары туралы Устав" деп аталған жоба (1822) негізінде жойылды. Қазақстаңда хандық өкіметтің жойылуы патша үкіметінің отаршылдық саясатына сай жүргізіліп, рулық алауыздықтардың тууына себеп болды. Елдің экономикалық жөне саяси дамуына кері әсерін тигізді. Хандық өкіметті жою азаттық қозғалысқа айнадды.

Сонымен, Қазақ даласында билік әкімшілікке орай және жер мәселесіне байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен уақытша заңдар шығып мойынға түскен қыл арқан тарылатүсті.

1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс зандарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді .

Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана" . Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті.

1822 жылы "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Уставтың (жарғы)" негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы жүздің біраз жері 8 округқа бөліңді, округтарды округтық приказдар басқарды. Округтар болыстарға бөлінді, болыстар өкімшілік ауылдардан түрды, ал ауылда 50-70 түтін болды. Болыстарды болыстық сұлтандар, ауылдарды ауыл старшын-дары басқарды. Округтар Омбының облыстық басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі 1824 жылы жойылды, билеуші-сұлтандар басқару 3 бөлікке болініп, басқарудың дистанциялық жүйесі енгізілді. Барлық лауазымды қызмет адамдарын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың жаңа тәртібін енгізу патша үкіметінің мүддесіне сай келді. Сонымен бірге басқару жүйесіндегі өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің еңдіргіш күшін дамытуға кері ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, XIX ғасырдың 20-40 жыддары ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды.

Қорыта келгенде 1822 жылы шыққан "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған еді, жері округтерге белінген болатын. Кіші жүзде, жал-қүйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тәуелді Ішкі Орда аталмыш ат тебеліндей Бокей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық та күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагері — орыс шенеунігінің қолына көшті.

Тарихи жағынан қазақ жеріндегі хандық мемлекет қазақ-тардың мүддесін қорғап кедді, ейткені хандық уақыттта осы аумақта езге этностар кеп болған жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы жоніндегі комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған хандар Ресейге талай рет опасыздық жасады... оның үкіметке зиянды екеніне көз жеткізіп, хан қызметі жойыдды"1 делінген. Бұдан кейінгі орыс саясаты 1824 жылы хандық биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы сұлтандардың жойылуынан 1865 жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында хандық билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы бейбітшілікті жойды.

Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор қазақтарын басқару Орынбор Шекара Комиссиясына жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады.



2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.

Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:



  1. Қазақ даласында тыныштық орнату;

  2. шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;

  3. Азиядағы жағдайды бақылау;

  4. сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);

iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.

Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.

Бұдан бiз Кiшi жүз қазақтарын басқару үшiн Орынбор Шекара Комиссиясы мемлекеттiк қаржыны аямағанын көремiз. Жалпы Орынбор Шекара Комиссиясының кеңсесiн қаржыландыру үшiн жылына 96 100 сом жұмсаған. Кiшi жүз аға сұлтандарына, старшындар мен билерге жалақыдан басқа сыйлықтар және атақтар берiлген. Бұл мысалдардан Ресей империясы басқару жүйесiнде қазақтарды бiртiндеп мемлекеттiк қызметке қызықтыра отырып, отарлық саясатты iшкi қазақ даласына енгiзе бастағанын көремiз. Жаңа басқару жүйесi бойынша аға сұлтанның мiндетi былайша анықталады: «...Қырғыздардың iс-әрекеттерiн бақылау, халықтың санын анықтап, түтiн санын, мал санын әр уақытта бiлiп отыру, орыс үкiметiнiң нұсқауларын бұлжытпай орындау. Қазақ арасындағы барымтаға жол бермеу». Қазақ даласында Ресей империясының көзi мен құлағы болып отырған әр аға сұлтанның қарамағына 200 казак солдатынан құралған отряд берiлген. Отрядтың мiндетi аға сұлтанды қорғау және Шекара Комиссиясының нұсқауларын қазақтарға бұлжытпай орындаттыру. Аға сұлтандар жылына екi рет елге шығып отырған. Ондағы негiзгi қызметi салықты жинауға көмектесу. «...Аға сұлтан салықтың дұрыс жиналуын тексерiп, түтiн саны, халықтың саны, ауыл, бөлiмшелер туралы мәлiмет алуы керек» - делiнген.

Әрбiр аға сұлтан елдi аралап келгеннен кейiн Орынбор Шекара Комиссиясына жазбаша түрде есеп берiп отырған. Сонымен, жаңа басқару жүйесiн енгiзе отырып, Ресей империясы қазақ даласын аға сұлтан арқылы басқарып, халықты күшпен, озбырлықпен билегенiн көремiз.



Ал, 1844 жылғы реформаларға келетiн болсақ, кiшi жүз даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресей империясының отарлық саясатына айтарлықтай қиындық туғызады. Ресей патшасының Кiшi жүз даласындағы әкiмшiлiк басқару жүйесiнiң әлсiздiгi, жергiлiктi басқару әкiмшiлiгi сенiмсiздiк туғызды. Сондықтан Ресей отарлық басқару жүйесiне өзгерту енгiзу, алыс қазақ ауылдарына орыс мемлекеттiк әкiмшiлiк басқару жүйесiн жаңадан құрып, жергiлiктi қазақ әкiмшiлiгiн бақылауды күшейту керек болды. Кiшi жүз даласында орыс-казак отарлық саясаты мемлекеттiк деңгейде қарастырылып, бұрынғыша сұлтандық басқару жүйесiн сақтай отырып, өте сақтықпен жүргiзу керек болды. Екi жүйе – Сiбiр жүйесi және Орынбор ведомствасын басқару жөнiндегi заңдық актiлердiң ұзақ уақыт бойы әзiрленбеуi, аяқталмаған сипаттағы қаулысын қолдануы. Қазақтарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Шекаралық комиссиясы мiндетiнiң де айқын тұжырымдалмауына әкеп соқты. 1838 жылы сыртқы iстер министрлiгi Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийдiң алдына:

«Орынбор Шекаралық комиссиясының iс-қимыл ауқымы, оның мiндеттерi, бағыныштылық ретi, бекiнiстi шептер бойындағы және басқаларындағы iстер бойынша басқа жерлерге көзқарасы, оның iшкi құрамы, қандай да болсын iстердi бөлу және жүргiзу тәртiбi және басқалар дәл әрi айқын анықталсын», - деген мiндет қойды. Бұл үшiн бiрнеше жоба әзiрлендi. Қорытындысында 1844 жылы маусым айының 14-де Николай I жаңа Ереженi бекiтедi. Бұл құқықтық сипаты бар құжат әртүрлi толықтырулармен, қосымшалармен 1868 жылы қазан айында қабылданған, «Уақытша ережелерге» дейiн өзiнiң күшiн сақтады. Мазмұнына қарасақ, Ереженiң басты мақсаты «Орынбор немесе Кiшi Орда қырғыздарын басқаруды жаңа ахуалға сәйкес қайта құру». Ереженiң түпнұсқасы толық баламасы «Материалы по истории политического строя Казахстана» деген құжаттар жинағында 1960 жылы 226-258 беттерде жарияланған. Осы ереже бойынша көптеген мiндеттер қойылды.

-орданы басқарудың түбегейлi өзгертпей, осы кезге дейiн болған тәртiптiң басты негiздерiн қалдыру;

-Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда қатынасын дамыту үшiн керуен сауда жолдарын нығайту;

-далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;

-сол қазақтарды басқаратын Орынбор Шекаралық комиссиясына Шекаралық басқарма бойынша барлық iстердi ойдағыдай жүруiн қадағалап отыруға көп қаражат беру;

-жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.

Соңғы сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде көптеген бекiнiстер бой көтердi. 1845 жылы Орал, Торғай бекiнiстерi, 1847 жылы Райым, 1848 жылы Орал мен Ор бекiнiсi.

Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың құрамы, 3 – шендi қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан босату, 4 – басқаруды ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың ахуалы, 5 – мiндеттер мен жауапкершiлiк, 6 – iстi атқарудың жағдайы, 7 – сотқа тарту, 8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру.

Әкiмшiлiк билiк – тiкелей аумақтық басқару – Орынбор әскери губернаторының қолында шоғырланғанымен, тiкелей осы мәселелердi қадағалау, үйлестiру Азиаттық департамент арқылы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай Бөкей Ордасын басқару да Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген едi. Жаңа Ереже Орданы мемлекеттiк мүлiк министрлiгiне бағындырды. Сонымен, екiге жарылған бұрынғы Кiшi жүз 1844 жылғы Ережеге сай Петербургтегi бiр-бiрiне тәуелсiз әртүрлi екi министрлiкке ажыратылады. Екiншi жағынан алғанда, Кiшi және Бөкей Ордасы шынайы күшейiп алған Жәңгiрдiң толық билiгiнде болғанымен де Орынбор шекаралық комиссиясы сөз жүзiнде Едiл мен Жайық арасындағы хандықты бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар одан да бiр саты жоғары тұрған шекаралық жалпы басқарудың үйлестiретiн лауазымды шенеунiк болды. Кейiннен шекаралық төрағаның барлық функциялары Орынбор губернаторына жүктелдi. Келесi билiк дәрежесi жағынан жоғары сатыға көтерiлген Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы (действительный статский советник) немесе қызмет бабын ажырататын шен бойынша полковник шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4 көшпендi қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты қатынасатын, сондай-ақ комиссия құрамында төтенше жағдайда ерекше тапсырмаларды дереу орындайтын тағы да екi шенеунiк және дәрiгер, мал дәрiгер, көптеген қызметкерлер кiрдi. Шекаралық комиссияның мүшелерiн – сыртқы iстер министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.

Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.

Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды.

Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.

Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет