Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
279544 1387344107

не екендігін білесің бе?»
Біз сұрақтың негізінде бір нәрсе туралы білу 
мақсатында қойылатындыгын білеміз. Ал бұдан басқа 
сұрақ қоюдың басқа да мақсаттары бар. Мысалы, 
жақсы көрген кісіңізді тосын сыймен қуантқыңыз 
келсе, «мына қораптың ішінде саған арналған бір 
нәрсе бар, ал сен оның не екенін білесің бе» деп 


60
61
сұрап, оның ынтызарлығын, сыйлықты білуге деген 
құштарлығын арттыра түсесіз. Дереу айта салмай
әбден қызықтырып барып айтасыз. Ал сіз мұндай 
сұрақты қоймай-ақ, жай «осы тарту саған» дей 
салсаңыз оның тыңдаушы үшін көп әсері болмайды
Алла Тағаланың мысалы бәрінен де жоғары. 
Осы аятта да сондай ынтықтыру, құлшындыру тәсілі 
қолданылған. «Иә, Қадір түнінің қандай түн екенін 
білесің бе?» Бұл сұрақтың артында үлкен бір олжа, 
керемет бір жаңалық айтылатыны анық. «Жоқ, 
Раббымыз! Біз бұл түнді білмейді екенбіз. Сонда бұл 
түн қандай түн? Мұның қандай артықшылығы бар?» 
деген сұрақ туындайды. Ендеше, бұл сұрақ Қадір 
түнінің өте керемет түн екендігін паш етеді.
Үшінші аятта осы сырдың беті ашылады. «Қадір 
түні мың айдан қайырлы».
Қалайша бір түн мың айдан қайырлы болады? 
Сонда мың айдың уақыты, яғни сексен үш жыл 
төрт ай бір ғана түнге сыйып кете ме? Тәуліктегі бір 
түннің ұзақтығы әрі кеткенде 12-13 сағат қана болады. 
Қалайша мың ай осы уақытқа сыйып кетеді?
Мұның мағынасы осы түнде орындалған амал-
ғибадаттар мың айда жасалған ғибадаттардан да 
қайырлы, мол сауапты болады дегенді білдіреді. 
Демек, бұл қайталанбас уақыт, кімде-кім осы түні 
ғибадат жасаса, оның сауабы мың айда жасалынған 
ғибадатпен тең болады. Ендеше, бұл түннен құр 
қалмайық.
:َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّل َص ِّبَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َي ِضَر َةَرْمن�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُهاَوَر .»ِهِبْمنَذ ْمنِم َمَّدَقَن� اَم ُهَل َرِفُغ اًباَسِ�ْمحاَو اًناَيمِإ ِرْمدَقْملا َةَلْمنيَل َماَق ْمنَم«
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا
Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта 
Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнінде шынайы 
иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның 
бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», – деген. (Бұхари 
мен Мүслім риуаят еткен).
Киелі түннің қадір-қасиеті шарапатты аяттарда 
осылай белгіленген екен. Қадір түнінің дәрежесі қандай 
екендігі осылай айқындалды. Осы ғажап сүренің түсу 
себебі туралы тәпсірші ғалымдар мынадай риуаяттар 
келтіреді. Бәйһақи мен Ибн Мунзир таратқан хабарда 
былай делінеді: «Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
қасындағы сахабаларына ертедегі Бәни Исраилда 
бір баһадүрдің Алла жолында мың ай бойы аттан 
түспей ғазауат қылғаны туралы әңгімелеп береді. 
Сонда сахабалар ондай ерлік жасауга өздерінің күш-
қайраттарының жетпейтіндіктерін ойлап қам жеген 
екен. Бұл жайт Пайғамбарды (с.а.с.) да ойландырыпты. 
Сонда осы Қадір сүресі түскен екен».
Өйткені бұрынғы үмбеттердің дене сипаттары 
кейінгілерден әлдеқайда күшті болып, олар өте ұзақ 
жасайтын. Ал мұсылман үмбеті орташа үмбет.
Қадір түнінің атауы жайлы да біраз пікірлер бар. 
Аз-Зуһри деген ғалым Қадір түнінің бұлай аталуының 
сыры оның қадірлілігіне, құрметтілігіне байланысты 
дейді. Халил ибн Ахмет деген ғалым Қадір түнінің 
бұлай аталу себебі араб тіліндегі «қадр» сөзінің 
«тарылу» деген мағынада да қолданылатындығында, 
яғни сол түні жерге түскен періштелердің көптігі 


62
63
соншалық, олар жердің бетіне сыймай кетеді деген 
пікірін келтіреді.
Ал көпшілік тәпсіршілер және Ислам 
ғалымдарының басым көпшілігі Қадір түнінің аталуы 
«қадр» сөзінің «тағдыр» деген мағынасына байланысты 
деген ортақ ойға тоқталған. Яғни нақ осы түні келер 
жылы болатын істердің тағдырлары шешіледі. Кейбір 
ғалымдардың түсіндіруінше бұл істер төмендегідей:
1. Тағдыр тақтасында жазылған тағдырларды, 
пенде-лердің амалдарын орайластырып, ризықтар 
мен өсімдіктер, жауын-шашындар істері Микаил 
періштеге жүктеледі.
2. Соғыстар мен жер сілкіністері, найзағайлар, 
жердегі апаттар Жебірейіл періштеге жүктеледі.
3. Пенделердің іс-амалдары бақылау Исрафил 
періштеге жүктеледі.
4. Тауқымет, ажал мерзімдері Әзірейіл періштеге 
жүктеледі.
Сондай-ақ Қадір түні пенделердің ризық-
несібелері, жастары және жалпы қайырлы істердің 
тағдырлары шешіледі дейді тәпсіршілер. Сондай 
хикметтерге байла-нысты бұл түні жасалған 
құлшылықтың сауабы да мол, мәртебесі де биік.
Төртінші аятта: «Онда (бұл түні) періштелер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет