Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж


Біз оны (Құранды) Қадір түнінде түсірдік. Қадір



Pdf көрінісі
бет31/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
279544 1387344107

Біз оны (Құранды) Қадір түнінде түсірдік. Қадір 
түнінің не екендігін білесің бе? Қадір түні мың 
айдан қайырлы. Онда (бұл түні) періштелер 
мен Рух (Жебірейіл а.с.) Раббыларының рұқсаты 
бойынша барлық іс (Алланың әмірі) үшін түседі. Ол 
(түн) таң атқанға дейін бейбітшілікте болады» 
(Қадір сүресі).
Қадір сүресінің түсіндірмесі
Қадір түнінің қадір-қасиетін жете түсінуіміз бес 
аяттан тұратын бұл сүренің әрбір аятына жеке-жеке 
тоқталып өткіміз келіп отыр.
Бірінші аятында: «Шындығында, Біз оны 
(Құранды) Қадір түнінде түсірдік» делінген. Бұл 
аятта араб тіліндегі мағынаны, хабарды нығайта 
түсетін күшейтпелі сөздер қолданылған. Мәселен, 
Алла Тағала барлық істің иесі болса да, мұнда 
көпше түрде «біз» деп айтылып тұр. Сөздің бұлай 
қолданылуының 
өзі 
айтылмыш 
тақырыптың 
ұлылығы мен маңыздылығынан хабар береді. 
Сондай-ақ, бұл іске ең үлкен періштелердің бірі, уахи 
жеткізуші Жебірейіл сияқты көптеген періштелердің 
қатысқандығынан білдіреді.
Жалпы Құранның түсірілуі адамзат тарихындағы 
үлкен оқиға болды. Құран адамзат үшін ашық жол 
көрсетуші, екі дүниенің бақытына жеткізуші қасиетті 
кітап, Алланың кәләмі. Ибн Аббас (р.а.): «Осы түні 
Құран Кәрім толықтай төменгі дүниенің аспанына 
түсірілді», – деген.
Анамыз Айшадан (р.а.) риуаят еткен Бұхаридің 
хадисінде Қадір түнінде болған осы оқиғаның қалай 
басталғаны туралы былайша баяндалады. Әбубәкір 
Сыддықтың қызы, мүміндердің анасы Айша (р.а.) 
былай дейді: «Алланың Елшісіне (с.а.с.) алғашқы 
уахилар, айқын түс түрінде келді. Оның көрген 
түстері өңінде айна-қатесіз болатын болды. Сосын 
ол (с.а.с.) оңаша қалуды ұнатты. Сөйтіп, Хира атты 
үңгірдің ішінде Раббысына ғибадатпен айналысты. 
Көп күндер сонда қалып, үйінен көп күнге керекті 
азығын алып кетіп жүрді. Қайтып келгенде өзінің 
басынан өткен керемет жағдаяттарды жұбайы 
Хадишаға әңгілемелеп беретін. Бірде түнде Хира 
үңгірінде жатқанда оған бір періште (Жебірейіл) 
келіп «Оқы!» деді. Ал пайғамбарымыз жазу-сызудан 
бейхабар еді. «Мен оқи алмаймын» деп жауап берді. 
Сосын періште оны қатты қысып, сосын қайтадан 
босатып, тағы да «Оқы!» деп бұйырды. Осылай үш 
рет жасаған соң, Жебірейіл Алланың әмірімен мына 
аяттарды оқиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет