Бәдір шайқасы
Алланың Елшісі (с.а.с.) Мәдина қаласының
жанын-дағы керуен жолынан Меккедегі құрайыш
тайпасының сауда керуені өтетіндігін біледі.
Керуенбасы – құрайыш шонжарларының бірі Әбу
Суфиян. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына: «Оларға
қарсы шығыңдар, бәлкім, Алла сендерге олжа нәсіп
етер», – деп бұйырады.
Алайда Әбу Суфиян мұсылмандардың жоспар-
ларын біліп қалып, Меккедегі құрайыштықтардан
қарулы көмек шақыртып алады да, өзі басқа
жолмен өтіп кетеді. Сөйтіп, мүшріктер керуені
мұсылмандардың құрған торынан сытылып кетеді. Әбу
Суфиян аттанар алдында керуенді мұсылмандардан
қорғау үшін келген меккелік жасақтарды қайтарып
жібереді.
Дегенмен, меккелік мүшріктердің әскербасы Әбу
Жәһл Бәдірде той-думандатып, арақ-шарап ішіп, үш
күн боламыз деп шешеді. Мақсаты – мұсылмандар
мен басқа араб тайпаларына қыр көрсету.
Арада көп уақыт өтпей Мәдинадан Пайғамбар
(с.а.с.) бастаған мұсылман әскері шығады. Мұсылман
жасағының құрамында 316 жауынгер, 70 түйе, 3 ат
болады. Ал мүшріктердің әскерінде 950 жауынгер,
700 түйе, 100 ат бар еді.
Екі әскер жолыққан шақта шайқас басталады.
Алла
Тағала
мұсылмандардың
жүректерін
орнықтыру үшін көктен көмекші періштелер
түсіреді. Ақырында иләһи қолдаудың арқасында
мүміндер тобы жеңіске жетеді. Мұсылмандардан
он төрт жауынгер шәһид болады, ал мүшріктерден
жетпісі жер жастанып, тағы жетпісі тұтқынға түседі.
Осы жолы Алланың дұшпаны Әбу Жәһл мен құрайыш
тайпасының кейбір шонжарлары өлім құшады. Алла
Тағала бұл оқиға туралы: «Алла сендерді Бәдірде
өте аз болғандарыңда да жеңіске жеткізген еді.
Алладан қорқыңдар, бәлкім, шүкір етерсіңдер», –
деп баяндаған (Әли Имран, 123).
Осы оқиға арқылы мұсылмандар жеңістің әскер
мен қару-жарақтың көптігімен емес, тек бір Алланың
қалауымен ғана болатындығын жете түсінді. Бұл
кейінгі мұсылмандарға да үлкен сабақ болды. Қара
қылды қақ жарған әділ халифа Омар ибн Хаттаб
(р.а.): «Біз ешкімді күш-қуатпен, қарумен жеңбейміз.
Біздің басты қаруымыз – Аллаға деген иманымыз,
тақуалығымыз», – деген.
Достарыңызбен бөлісу: |