Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Оразаны бірнеше күн ғана яғни, басында үш күн



Pdf көрінісі
бет22/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Оразаны бірнеше күн ғана яғни, басында үш күн, 
аяғында үш күн ұстаса бола ма?
Жауап: 
Жоқ, Рамазан оразасын олай ұстауға болмайды. 
Құранда:
 «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана 
өтеледіАраларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен 
жетсе, оны ораза ұстап өткізсін» делінген 
(«Бақара» сүресі, 
184-185-аяттар)
.
Сұрақ:__Рамазан_айының_қазасын_өтегенде_арасын_үзбей_ұстау_керек_пе_Жауап'>Сұрақ:
Рамазан айының қазасын өтегенде арасын үзбей 
ұстау керек пе?
Жауап: 
Арасын үзбей ұстау шарт емес. Бөліп тұтамын 
десе өз еркі. Сондай-ақ, үзбей ұстауына да болады.
Сұрақ:
Балиғатқа толмаған балаға ораза ұстау міндет 
пе?
Жауап: 
Жоқ, балиғат жасына толмаған балаға ораза 
міндет емес. Алайда, балиғатқа дейін ораза ұстауды үйрене 
бастауы сүннет амалға жатады.
Сұрақ:
Каффарат оразасын үзбей қатарынан ұстау шарт 
па?
Жауап: 
Каффарат оразасы – алпыс күн. Яғни, арасын 
үзбей қатарынан екі ай тұту міндет.
Сұрақ:
Рамазан айының кіруінде кейде көрші 
мемлекеттерде 1 күн айырмашылық болып жатады. Оның 
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


32
себебі неде?
Жауап: 
Мұсылман елдерінде жаңа айдың тууын 
нақтылауда екі түрлі тәсіл қолданылады. Біріншісі, айды 
көру ескі әдіс бойынша көзбен көру арқылы амалға асады. 
Екіншісі, заманауи технологияның қызметіне жүгіну арқылы 
айдың кіргенін анықтауға болады, әрі бұл шариғатқа қайшы 
емес деп есептейді. Міне, осы екі пікір нәтижесінде екі ел 
арасында бір күн айырмашылық болуы ықтимал. 
Сұрақ:
Ораза айы неліктен жылда өзгеріп отырады?
Жауап: 
Мұсылмандық діни құлшылықтар ай күнтізбесі- 
мен жүргізіледі. Ол күнтізбеде ай 29 немесе 30 күнде 
қайта туады. Ал, күн күнтізбесінде 1 ай 30 және 31 күнге 
(ақпанда 29 немесе 28 күн) тең. Бір жылдық ай күнтізбесі 
күн күнтізбесінен шамамен он күнге қысқа. Сондықтан 
Рамазан әр жылы шамамен он күн кері жылжып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет