33
сағызды ораза кезінде шайнау кәффаратты талап етеді. Дәмі
кеткен ескі сағызды шайнау мәкрүһ, оразаны бұзбайды. Ең
абзалы, оразада сағыз шайнамау.
Сұрақ:__Ораза_кезінде_мисуак_пайдалануға_бола_ма_Жауап'>Сұрақ:
Ораза кезінде мисуак пайдалануға бола ма?
Жауап:
Мисуак қолдану оразаны бұзбайды. Хадисте:
«Аузы берік кісінің тіс тазалығышы ол – мисуак», – деген
(Ибн Мәжә)
.
Сұрақ:
Ораза кезінде күндіз темекі шегу, насыбай ату
оразаны бұза ма?
Жауап:
Күндіз темекі шегу оразаны бұзады.
Тіпті аузы
ораза екенін біле тұра темекі шеккен жағдайда кәффарат
өтеуі керек болады. Ауыз ашқан соң темекі тарту оразаны
бұзбайды. Алайда, оразасының сауабын кемітеді. Сол
секілді насыбай ату да оразаны бұзады.
Сұрақ:
Рамазанда балиғатқа толған бала яки
мұсылмандықты қабылдаған адам не істеуі қажет?
Жауап:
Сол күннен бастап ораза ұстайды. Ал
алдыңғы
күндерінің қазасын өтемейді. Сондай-ақ өзге дін өкілі
мұсылмандықты қабылдаған күнінің
немесе баланың
балиғатқа толған күнінің қазасын өтеу шарт емес.
Достарыңызбен бөлісу: