ОРАЗААЙТЫНА ҚАТЫСТЫ Сұрақ: Айт мейрамы жайлы айтсаңыз. Жауап: Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам ді-
нінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мере-
кесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін
шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі.
Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық
арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дас-
тарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазы-
на дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының
да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуа-
нулары үшін пітір садақалары таратылады. Араздасқандар
татуласады. Ал Құрбан айт 4 күнге жалғасады. Айт намазы
оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық бол-
ған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастарқан-
дар жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.
Сұрақ: Ораза айт күні қандай амалдар жасалады? Жауап: Ораза айт күні айт намазына дейін пітір садақасын
беріп үлгеру керек. Намазға шығар алдында ғұсыл құйынып,
әтірленіп, жаңа киім киіп, құрма жеп, қуаныш пен шаттық
көңіл-күймен тәкбір (Аллаһу әкбар) айтып мешітке барады.
Айт намазын оқиды. Ораза айт кезінде мұсылмандар бір-
бірін құттықтап, мерекелік дастарқан жайып, туыстар мен
дос-жарандарды қонақ етеді.
Сұрақ: Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе? Жауап: Мұсылмандар арасында Ораза айт намазына
бару кезінде әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп
бару керек деген түсінік кең тараған. Алайда айт күні
67
рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Керісінше, айт
намазына шығарда тақ етіп бір, үш, бес, жеті құрма жеп
шығу Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) сүннеті болып табылады.