Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі


Жануарларды бекемдеу әдістері



бет5/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
хирургия дәріс

Жануарларды бекемдеу әдістері
Ең алдымен аурудың хал-жағдайына назар аударады. Жарақат алған жануаргғ алдынан еш қорықпай, сенімділікпен, мейірімді дыбыс шығарып жақындайды, себебі олар жақындап келе жатқан адамды көру керек.
Жарақаттанған малды белгілі кезеңдермен қарап шығып, оны зерттейді: ең алдымен басын, сосын мойынын, денесін және аяқтарын. Ауру жерді зерттеу кезінде ең алдымен сау жерлерді жеңіл - жеңіл қағып және сипалаудан бастайды. Ірі малдарға бір қолмен сипалау арқылы қол тигізеді. Бұл малдың қозғалуын сезінуге мүмкіндік береді және зерттеушінің аяғын аяқтарымен басу мүмкіндігінің алдын алады. Дененің алдыңғы бөлігін қарап шығу үшін бір қолды жауырын маңына немесе иыққа қояды; арқаны және алдыңғы, артқы аяқты зерттеу кезінде қолды мықын сүйекке қояды. Жарақат алған жерлерді сипалау мен басу ауруды жоғарылатады, сондықтан мал қашуға ұмтылады. Көмек көрсетуші адам мал туралы осы мәліметтерді білу керек.
Мүйізді ірі қара мал мүйізімен, маңдайымен немесе артқы аяқтарымен соғуы, тебеді, сонымен қатар аяқты басып кетуі мүмкін. Малдарды бекемдеу әдісі көмекті көрсету кезінде аурудың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Басты бекемдеу. Мал қозғалмауы үшін кейде оның басын бекемдеген жеткілікті. Бұл үшін бірнеше әдістер бар. Мысалы, көмекші малдың жанында басының қасында тұрып, бір қолымен мүйізді, екінші қолдың саусақтарымен немесе танау қысқыштармен танау пердесін қысып ұстайды. Ең жақсысы танау қысқыштарды қолданған.
Егер де танау қысқыштар болмаса немесе мал қатты мазасызданса, онда малдың басын тіреуішке байлайды. Осындай бекемдеу тәсілдеріне көнбейтін, өте асау малдар мен сүзеген сиырлар (мұндай кезде мүйіздерін сындырып, танау сақиналарды жұлып алуы мүмкін), сондықтан малды тыныштандыру үшін бұлшықетке тыныштандыратын дәрілер егеді (2,5%-тік аминазинді 0,3-1 кг салмаққа).
Ш.А.Кумсиев бойынша мүйізді ілмек түйінді бостау етіп бекітіп және онымен ауыздың артқы бұрыштарын орайды. Ілмектің түйінін мұрынның қасында байлайды. Көмекші мойынның жанынан тұрады және оң қолымен жіптің ілмегінің түйінін жоғары ұстап және түйіннің бұрышынан малдың мүйіздері арасынан маңдайды шынтағымен тіреп тартады. Сол қол бұл кезде мүйізді бекемдейді.
Аяқтарды бекемдеу. Көмек көрсету және зерттеу кезінде мал қимылсыз тұру үшін артқы аяқтарын бекемдейді. Бұл үшін бірнеше әдістер бар. Жуас малдардың артқы аяқтарын бекемдеуді таяқпен жүргізуге болады, оны екі көмекші ұстап тұрады. Ең оңайы құйрықты аяқтың алдына тартып, оны тізелік түтікшеге дейінгі деңгейде ұстап тұру.
Үлкен шошқаларға емдік көмекті көбінесе тұрғызып тұрып көрсетеді. Олардың арасындары ең ірілерін жіп ілмек көмегімен бекемдейді. Ол жоғарғы жаққа орналастырылады. Бұл үшін қатарластырылып қойылған екі қабатталған жіптен ілмек жасайды. Оларды үстіңгі жаққа тартып және төмендетіп екінші бір затқа немесе тіреуішке байлаймыз.
Шошқаны метал сақиналарға байлаған дұрыс.
Шошқаның үстіңгі жағын арнайы қысқыштармен қысуға болады, олар әртүрлі конструкциялы болуы мүмкін.
Ірі қара малдарды көтеріп бекемдеу. Малдардың жатуына болмайтын аурулары бар. Сондықтан мұндай малдарды тұрғызып бекемдейді Көтеру үшін домалақ, әрі түзу және қатты қадаларды қолданады (5,6 - суреттер).
Жатқан малдарды бекемдеу. Егер малдар жатса, онда тек аяқтары мен басын ғана бекемдейді: Жіппен барлық аяқтарын байлайды.



5 - сурет. Қара малды көтеру



6 - сурет. Жылқыға арналған аспалы іліп қоятын аппарат

Малдың денесінің әртүрлі аумақтарында кенеттен ауруға шалдығуы мен жарақаттануы кезінде малдың өліміне әкелетін органдар орналасқан. Ең қауіптісі табиғи қуыстарға (көкірек, құрсақ) қан кетулер және маңызды органдардың жарақаттануы (ми, жүрек, өкпе, бауыр, үлкен артериялар). Бұл кездегі тікелей қауіп жарақат алу кезінде немесе оның алғашқы сағаттарында туындайды.


Малдың өміріне ең қауіптісі бұл - азықтан жарақат алу, өңештің жарақаттануы және коллапс, шок, күннің өтуі т.с. Кенеттен тұншығулар. Ауыз, жұтқыншақ өңештің ұлпаларының жарақаттанраннан кейін қауіптілік бірнеше сағаттан немесе бірнеше аптадан соң туындайды. Бұл жардайда ұлпалардың жансыздануды, жергілікті және жалпы инфекцияның орын алуы мүмкін. Нәтижесінде бұзылған ұлпалардың ыдырауы мен организмнің улы өнімдермен улануы басталады.
Сондықтан өте ұқыпты болу керек және органдар мен ұлпалардың бұзылуы кезінде жедел жәрдем көрсете білу керек.
Қатты қан кетулер ұйқы артериясы мен мойынның көк тамырының, жамбас артериясының, иық артериясының сүйектердің сынған және басқа да жарақаттанулар кезінде болады.
Малдарды тез өлімге алып келетін ауруларға туғанға дейінгі және кейінгі кезеңді, ішек - қарын жолдарының ауруларын, жаңа туылған немесе жас малдың диспепсиясын, жіті улануларды, күн және ыстық өтуі мен т.б. жарақаттануларды жатқызуға болады.
Ауырған мал мен жануарларға алғашқы жедел жәрдем көрсету үшін оларды дұрыс бекемдеу керек. Жарақаттану, улану мен мал өміріне қауіпті басқа да аурулар организмнің реакциясын өзгертеді.
Сонымен бірге мал кенеттен жүдейді, көбінесе мазасызданып, тынышсызданған, кейде басқа малға, айналасындағы нәрселерге соқтығп, өзін - өзі зақымдайды. Мал мен жануарлардың індетті ауруларының ерекшеліктеріне байланысты, әдеттегіден тыс әр түрлі бекейді; кеуде және бөксе жағын ілгері кейінді қозғап (шаншу), тілерсек буындарына сүйеніп (пододермат) тұрады, табан сүйектеріне, тілерсек буындарына салмақ түседі (тендениттерде, контрактураларда). Сондықтан да мал мен жануарларға көрсетілетін мал дәрігерлік жедел жердемнің нәтижелі болуы, ең алдымен дұрыс та тиімді әдістерді қолдана отырып, бекемдеуге байланысты. Сонымен қатар малды дұрыс дер кезінде бекемдеу, дәрігер мен оның көмекшілерінің өміріне қауіпсіздік шарасы да болып табылады. Кейбір мал патологиясында оларды бекемдеудің арқасында жарақатты қатты ауырсынудан (шок, естен тану, қан ағу т.б.) сақтап, өміріне төнген қауіпті азайтамыз. Мал уланғанда, жарақаттанғанда, тағы басқа инфекциялық ауруларға шалдыққанда олардың сыртқы ортаға реакциясы өзгеріп, басында жүріс - тұрысы бұзылмаса да, асау тартып, жан - жағындағы заттарға, басқа малға соғылып , оларға да қауіп туғызумен қатар, өздері де жарақаттар алуы мүмкін. Бұл жағдайларда мал мен жануар әр түрлі қалыпта болады. Мысалы: қарын, ішек түйілгенде алдынғы, артқы аяқтарын алға немесе артқа созады, уланғанда, жүйке салданғанда жылқы, шошқа, қой, ешкі итше шоқиып отырады. Жалпы жағдайы төмендегенде мал мен жануарлар көбінесе жатады. Жатқанда да ауырған жерін үстіне қаратып, бүлініп жарақаттанған мүшелерін сыртқа қаратып, өзіне ыңғайлы жағдай жасайды. Сондықтан малға ветеринарлық жәрдем көрсетер алдында оларды емдеуге ынғайлы қалып жасап бекемдеуіміз керек. Мысалы: жіті түрде қан аққанда, күн өткенде, кеңірдекке бегде зат тұрып қаған жардайда ветеринарлық жәрдем малдың сол қалпын өзгертпей жасалады. Ірі қараның іші кепкенде оны тұрғызып, уқалап, жүргізеді. Малдың сүйегі сынғанда, ірі қан тамырлары бүлінгенде, жарықта, өңеште бөгде заттар қалса, оларға емдік операциялар жасау үшін ыңғайлы қалпын ұстап бекемдейді. Ірі малды тұрған күйінде бекемдеген қолайлы. Өйткені оларды жығу кезінде әр түрлі жарақаттар алуы мүмкін (сүйегі сынады, бұлшық еті, ішкі мүшелері зақымдалады, т.б.) және қолайсыз, қатты жығылса жүйкенің салданатын жардайлары да кездеседі. Ауырған малды бекемдеп зерттеу үшін оның мінез құлқына байланысты атын атап немесе басқа дыбыс беріп алдынғы жағынан жақындау керек. Ауырған малды көріп, тексеру үшін темендегі заңдылықты сақтағанымыз жөн. Әуелі малдың басын, мойынын, денесін және аяғын ұстап көріп, содан малдың ауырған жерін зерттеу үшін, қолымызбен сол бөліктің сау жерін ұстап салыстырамыз. Малдың ауырған жерін ұстарда оның реакциясын бақылап, жақсы бекемделгеннің өзінде малдан соққы алмас үшін зерттеуші дәрігер, кейін қаша алатын ара қашықтық ұстауы керек. Қолмен басып көргенде малдың ауырсынғаны білініп, ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Осындай кешенді жұмыс жасаудың арқасында әр малдың мінез - құлқын біліп, сонымен бірге әрі дұрыс, әрі тиімді бекемдей аламыз.
Айта кететін тағы бір жай, жалпы, малмен жұмыс істегенде оларға қатты дауыс шырарып немесе қамшы үйіріп соғуға болмайды. Керісінше жылқыға алдынан немесе жанынан, ірі қараға да алдынан, кейде жанынан келіп, атын атап басынан, жалынын сипаған жөн. Себебі жылқы артына, ірі қара жанына теуіп, мүйізімен сүзіп зерттеушіге зақым келтіруі мүмкін.
Ірі қараны бекемдеудің әдістері аурудың түріне, ауырған малдың жағдайына және ветеринарлық жәрдем керсететін жерге байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет